Оққағары бар оғылан

Сан мың ғасыр тарихы бар шежірелі Созақ өлкесінде аты аңызға айналған қаншама ірі тұлғалар өтті.Олар өмір өткелінің қиын-қилы сүреңіне қарамастан көш бастаған керуендей,жайлауы бөлек,тауы бір күнгей мен теріскейдің ортасында созыла жатқан Қаратау тауының асқар-асқар жоталарындай биік еді.Орта буын деп аталатын мына біздер ата-бабаларымыз көрген аштықты да,соғыс салған қиындықты да көрмеген,заманымыз тыныш бақытты ұрпаққа саналдық. Бейбіт өмірдің қаншалықты қымбатқа түскенін біліп өстік.Жер қорғаған бабалардың қасиетін ұғынып,Отан үшін от кешкен ерлерді қадір тұттық.1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда осы өлкеден майданға аттанған ер азаматтардың ұрыс даласында мерт болып қайтпай қалғаны қаншама,аман-сау қалғандары елге оралып,бейбіт өмірдің бейнет қазанында қайта қайнап еңбек етті.

Бүгінде еліміз ардақтаған аяулы ардагерлердің азы қалып,көбі келместің кемесіне мінді.Ел басына күн туған сол сұрапыл соғысқа бірі өрімдей жас,бірі азамат болған шағында теріскей топырағынан аттанып,етігімен су кешкен барлық Отан қорғаушылармен бірге әскер сапында,майдан шебінде жан аямай шайқасқа қатысып,жеңіске орасан үлес қосқан батырларымыздың ерлікке толы биік тұлғасы ұрпаққа мәңгі үлгі болып,тарих бетіне алтын әріппен жазылып қалды.Солардың қатарында Созақ ауданы, Қозмолдақ ауылының тумасы,1925 жылы туылған атам Нұртай Құтжановтың болғанын  мақтанышпен айта аламын.Әкесінен ерте айырылып,жастайынан еңбекпен шыңдалған  балаң жігіт екі бауыры мен ғазиз анасын әулетіне аманат етіп,18-ге толмаған шағында өзі сұранып,қызыл әскер қатарына алынады.Алдымен Ташкент маңында,кейін Баку қаласында әскери дайындықта байланысшы  мамандығын игеріп,1943 жылдың аяғында Маршал К.К.Рокоссовский басқарған2-Беларусь майданына жеткізіліп,соғыс аяқталғанша сұрапыл отты күндерді бастан кешеді.Аңсаған жеңіс күні келіп,соғыс біткенде 18 толмағандардың қатарында Отан алдындағы борышын өтеу үшін үш жылПольша жерінде соғыстан кейінгі қалпына келтіру  жұмыстарында еңбек етеді. Қазақстанға 1948 жылы аман-есен оралып,ел-жұртын қуантады.Атам өмір жолында қанша қиындық көрсе де сабырлы, биязы қалпынан өзгермеді.Әулеттің ақылшысы да, басшысы да бола білді.Өзіне сеніп тапсырылған селолық кеңес жұмысын талай жыл абыроймен атқарып,ел үшін адал қызмет етті. Созақ ауданынан Тасты ауылдық округін құруға, Сызған,Қозмолдақ ауылдарының  өркендеуіне атсалысып іскер белсенді, атана білді.Еткен еңбегі еленіп бірнеше рет төсбелгі алып,талай марапаттарға ие болады.Аяулы анамыз Күлсін Аманбекқызымен жеті ұл,алты қыз тәрбиелеп өсіріп,бақытты тұрмыс кешеді..

Жазғы демалыста жан-жақтағы немерелері  жиналғанда атам:-Үйіме берекелерім мен мерекелерім келді!-деп марқайып отырушы еді.

-Соғыстағы негізгі қызметім-байланыс тораптарын жөндеу.Үзілген сым желісін жалғап қалыпқа келтіру үшін бораған оққа,жалындаған отқа қарамай түн демей,күн демей берілген  тапсырманы орындап жүрдік. Қасымдағы серігім көбіне жасы үлкен орыс солдаты болды.Бірде шекара маңында қалың батпаққа оқыс түсіп кетеді.Дыбыс шығаруға болмайды,өйткені жау жақтың снайперлері қалт жібермей бақылап отырады.Асқан сақтықпен амалдап батпақтан шығып,тапсырманы орындап бөлімшеге әзер деп жеткенімізде,командиріміз егделеу кісі еді, алдымыздан шығып:  — Нұртай, сенің оққағарың бар. Өткен жолы да айтып едім ғой,-деп,белдігін шештіріп,жұлдызшаға қадалып тұрған қорғасын оқты көрсетті. Содан соң біршама үнсіздіктен соң: -Сен,аман-сау еліңе қайтасың әлі,-деп  командирім әкемдей құшақтап арқамнан қақты,-дейтін сол сұрапыл күндерді есіне алып.Мінезі ауыр,көп сөйлей бермейтін атам өткен өмірі туралы өте сирек айтатын.

Бұл ортаншы ұлы Сәкен кішкентай кезінде білгісі келіп атамнан соғыс жайлы сұрай берген соң: «Өскенде мүмкін кітап жазарсың?!» деп, айтып берген  әңгімесі екен.

-Рас,оққағарымболсаболғаншығар.Соғыстан аман-есен келгенім алдымен Алланың арқасы,содан кейін өздеріңдей ұл-қыздарымның арқасы  деп,мейірімді жүзі күлімдеп отырып  әкем  әңгімесін аяқтап  еді- дейді Сәкен.

Атамыз  құрметті зейнеттік демалысқа шығып,72 жасына дейін  қалыпты өмір сүрді.Ағайын-туыс,құда-жекжаттың сый-құрметіне  бөленіп, дос арттырып, көппен сыйлас болды.1943 жылдың ортасында ауылдан соғысқа бірге аттанып,көршілес әскери бөлімдерде қатар қызметтес болған құрдасы Сансызбайды «Жерлесің қатты жаралы»деп естіп, рұхсат алып іздеп барғанда,әскери емдеу бөліміндегілер зеңбірек оғынан 14 жерінен жараланғанын айтады,кейіннен бөлімшелері алыстап досынан хабар үзіп қалады.Елге қайтқан жылы сол туысы әрі құрдасы Іңкәрбеков  Сансызбаймен  сұрапыл күндердің төрт жарым жылын араға салып Түркістан темір жол перронында қайта қауышады.Досы қатты жараланып,төрт қаланың госпитальдерінде емделіп,жарасы толық жазылмай соғысқа қайта қатысқанын және соғыс аяқталған соң Жапон соғысына жіберілгенін айтып береді.Міне осылай,майданға бір күнде аттанып,аман-сау елге бірге оралған екі майдангер дос ауылдастары Абыз ағаларының өгіз арбасымен(қазіргі Қозмалдақ-Сызғанның тұсы) Қаратаудың етегіндегі Төскейсаз бен Алмалыдай туған ауылына жол тартады. Тағдырлас болған бұл  екі ардагер кейін  қызметте де, өмірде де бір-біріне жақын жүріп араласқан аяулы достар болды.Атам әкесімен туыс Сады,Сақ,Сәуен,Әжікен көкелері мен туған ағасы Мәулен туралы жиі айтып отырушы еді.Соғысқа барған өзімен алты ағайындының үшеуі аман келіп,Сады,Сәуен көкелері мен Мәулен бауыры оралмайды.Әсіресе,ТашМУ-дың(бұрынғы-САГУ) заң бөлімін үздік бітірген ағасы Мәулен Құтжанов 1941 жылы соғыс басталып,бірден әскерге шақыртылып,офицер шенімен Кавказ майданына жіберіледі. Содан 1942 жылдан бастап хабарсыз кетті.Өте білімді,ақылды еді деп, өзінің талай уақытқа дейін іздегенін,бірде бір дерек таппағандығын айтып,талай жыл өтсе де ас беру жағын да құлаққағыс қылып қоятын еді.Әке аманатын орындап,өзінен тараған ұл-қыздары ұйымдастырып, ағайын-жұртымен бірге,атам өмірден өтіп кеткеннен кейін 2010 жылы,хабарсыз кеткен Мәулен көкелеріне  арнап қара шаңырақта үлкен ас берді.Ел құптап,үлкеннің алғысын алған бұл игі  іс атамның соңғы тілек-қалауы еді.

Міне,осылай маңғаз мінезімен ел ішінде: «Әулие»деген ат алған, тағдыры қиын басталса да,ақ жүріп,адал сөйлеген, Созақ елінің еңсесі биік есті азаматы-майдангер батыр  әкенің,ұрпағына Абыздай  болған атаның өнегеге толы өмір жолы осылай өрілген еді.

9 Мамыр!Жеңіс күні! Біз отбасымызбен Шымкенттегі Абай саябағына, «Мәңгі алау» ескерткішіне және атамыздың есімі жазылған тақтайшаға құрметпен гүл шоғын қоюға келе жаттық…

 

«Уа,Бабам!

Ұрпақтарға,уақытқа сенген ең

Ұлы жолдың үстінде

Болашағың мен келем!

Өмір атты ту ұстап,

Бабалардың сыйлаған

Бақыт гүлін уыстап…»-бала кезден есімде қалған осы бір өлең шумағы ойыма орала берді

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...