Менің атам- ең қымбатқазынамыз

Қазақ халқы қашанда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен халық. Ата – бабаларымыздың сара жолын жалғастырып, бүгінгі күні өскелең ұрпаққа үлгі – өнеге көрсетіп, өмірден білген – түйгендерін жастарға үйретіп отырған осы ақсақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз. Шынымен де, «қарт адам – қазына» деген сөздер мен толықтай келісемін, себебі қария, ақсақалдар – үйдің берекесі, ақылын айтар дана кісілер.  Шаңырақтың шаттығын сақтап, бірлігін бекем етуге ақылын айтар елі мен жерінің кеңесшісі, үйдің ажарын кіргізіп отыратын да– осы кісілер. Жасы үлкенге құрмет көрсету – біздің ата дәстүріміз. Өзіңді өмірге әкелген, тіршілігіңе нәр берген ата – ананың алдында адамның қарызы, міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата – ананың орны ерекше биік қадір – қасиетке ие.  Қарттық адамды айналып өтпейді, дүние кезек, сен ата – анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып қағатын болады. Ата — анаға не істесең, алдыңнан сол қайтады деген аталы сөз осыдан қалса керек.

Сондай-ақ, ауданымызда, облысымызда, республикамызда қарттар үшін көптеген игі бастамалар мен қамқорлықтар тұрақты түрде жасалып келеді. Оның ішінде сандары күн санап азайып келе жатқан қарттарымыз Ұлы Отан соғысының ардагерлері десек болады. Сондай ардақты ардагерлеріміздің бірі, менің атам Тәжі Нұрхожаев 1924 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Қарабұлақ елді мекенінде туған.

Атам әскер қатарына 1942 жылы шақырылған. ¥лы Отан соғысы жыладарында Белоруссия майданы, 130-шы полк, 1943 жылы 120-сыншы полк кұрамында ұрыстарға қатысқан. Неміс-фашист басқыншыларымен болған соғыста 1944 жылы ауыр жараланып, 1945 жылы туған елге оралған.

Сержант Тәжі Нұрхожаев «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталған. Соғыстан кейінгі жылдары Қарабұлақ колхозында, Калинин атындағы кеңшарда еңбек етіп, 1984 жылы зейнеткерлікке шыққан.

Созақ ауданының Құрметті азаматы. Өткен жылдары Созақ ауданның әкімі Салыхан Полатов өзінің есеп беру жиынында алдағы келе жатқан 9 мамыр-Ұлы Жеңіс күніне орай ауданымыздағы алты Ұлы Отан соғысының ардагеріне 6 автокөліктің кілтін табыстады. Кешегі қан майданға Созақ ауданынан аттанған 6000-нан астам майдангер жауынгерден қалған 6 майдангерімізді қолдап қуаттау мақсатындағы бұл игі бастамасына аудан жұртшылығы ризашылық танытқан болатын. Бексейітов Оспан, Дранов Сергей, Тағиев Шәміл, Шайдазимов Әуесхан, Жылысбаев Мырзахмет, Нұрқожаев Тәжі аталарымыздың  қуаннышты жүздерін көргенбіз. Қазыналы қариясын құрметтеген текті халықтың ұрпағы үшін ақсақалдарын қуантып, олардың ақ батасын алғаннан артық бақыт болмас. Енді бүгінде сол қариялардан үшеуі ғана қалды. Одан беріде 1-наурыз «Алғыс айту күніне» орай, «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Созақ аудандық партия филиалы, «Jas Otan» жастар қанаты, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ «Value» волонтерлар ұйымымен бірлесе отырып, Созақ ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Шәміл Тагиевтің үйінде, Сызған ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Мырзахмет Жылысбаевтың үйінде, Шолаққорған ауылында тұратын менің атам Нұрқожаев Тәжі ақсақалдың үйлерінде болғанын білеміз. Бастамашыл топ қарт жауынгерлерді  мерекемен құттықтап, көрсеткен ерен ерліктері мен ұрпаққа үлгі болар өнегелі қызметтері үшін алғыс айтты. Өз кезегінде қариялар жастарға ізгі тілегін жеткізіп, ақ батасын берген еді. Елдің артында жүретін ақ сақалды абыз қарияларымыз аман болсын! Ардақты аталарымызды 9 мамыр Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news