Майдангер Масақбай Аманжолов

Майдангер Масақбай Аманжолов 1

Балалық шақтағы қызықты күндер, ойынды думан асыр салған шақтар әр адамның да басынан өтеді. Сол балалық балдәурен күндерді өткізе жүріп оның айшықты суреттері, кейбір мәнді де мағыналы тұстары санаңда сақталып қалады екен. Сақталып ғана қоймай өмірлік сабақ ретінде өзіңе бойтұмардай қастерлер өтеді екенсің. Ол уақытта Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер қатары барырақ болатын. Ұлы жеңіс күні бірқыдыраулық шеруде қатарласа жүріп, кеуделерінде орден, медалдары жарқырай сыңғырлап көркем көштің сәнін келтіретін. Ол уақыттта парад әр совхозда өздерінің майдангер ардагерлерімен өткізілетін. 9 мамыр өткенен кейін Энгельстегі біздің үйге Созақтан нағашы атам Масақбай келетін. Үстінде мұнтаздай таза қара костюм-шалбар, басында қара шляпа, кеудесі сыңғырлаған медалдар болатын. Масақбай атам менің апам (әжем) Жақсыкүлдің туған інісі. Апам бауырын қуана қарсы алып, қазанға сыбағасын салып екеуі өткен жылдардың қойны-қонышын түгелімен ақтаратын. Апамныфң айтуынша Масақбай атам ұлдан жалғыз болған соң еркелеу болып өсіпті. Әкесі Аманжол мен анасы Қойсынның құдайдан амандығын тілеп жүріп өсірген ұлдары екен. Бір емес бірнеше құрсақ көтеріп түрлі төтеннен келетін қызылша, оба сияқты өтпелі аурулар жұлып әкете берген екен. Апам жақсыкүл Аманжолова Ұлы Отан соғысы жылдары Шаға колхозын, Ленин ауылдық советін басқарады. Ал туған бауыры Масақбай 1941 жылы сұранып қан майданға аттанады. Қатардағы қызыл әскер Масақбай Аманжолов 722 атқыштар полкінің құрамында Украйна, Румыния жерлерінде кескілескен шайқастарға қатысады.1942 жылы 15 қыркүйекте кезекті жаумен шайқас кезінде қолынан ауыр жараланып төрт ай госпиталде жатып 1943 жылы 19 қаңтарда елге оралады. Ұлы Отан соғысынан аман-есен елге келген соң «Созақ» совхозында мал шаруашылығында еңбек етеді. Масақбай атамның екі әйелі болды үлкені Қатира апамыз, кішісі Несібелі апамыз еді. Жарас, Қияскүл, Сиякүл есімді ұл-қыздары өмірге келді. Бүгінде ұл-қыздарының өзі ата, әже болды. Масақбай атамның өмірден озғанына бірнеше ондаған жылдың жүзі болды. Алайда артында шаңырағының шыраұшысындай болып ұлы жарас ағамыз қалды. Жарас ағаның өзң шаруашылықта есепші болып қызмет етті. Кейін өз алдына шаруа қожалығын құқрып мал шаруашылығымен айналысуға ден қояды. Ұлы Жеңіс күнінен кейін немесе мерекенің алдын Масақбай атам аудан көлеміндегі іскер қатарында бірге жүрген майдандас қаруластарының ауылына қыдырып барып соғыс жылдары бастарынан өткен қиын шақты еске алысып, әңгімелесіп, аунап қунап қайтатын. Жаз болса апам екеуіміз Созақ ауылына Масақбай нағашы атамның ауылына асыға аттанатынбыз. Созақ қыстағы ол уақытта бізге бір қала сияқты болып көрінетін еді. Ауылдың орталығында базары бар, базарында пістесі бар, қызылды-жасылды дүкендері бар кәдуілгі қала сияқты болушы еді. Масақбай атам тірі болғанда:

Қайран көкем майдан көрген, от көрген,

Қар үстінде суық алдың өкпеңнен.

Кейде қаттыжөтелуші-ең тоқтамай,

Сыбағаңда сол еді алған өткеннен.

«Атың өшкір!» деп соғысты қарғап-ап,

Жөткіріне шегетін ең шылымды.

Соғыс жайлы айтатын ең ұзақ сыр,

Кейінгі жүк болардай ұғымды.

Кетсін мәңгі қасиетсіз қу соғыс,

Деген оймен бөлісуші-ең мұңыңды.

Одан бері өтті қанша  уақыт,

Қаншама рет қырда көк бел гүлдеді.

Қуанышқа кеудеңізді толтырды,

Мамыражай мамырдың әр күндері.-деп жыр жолдарын арнаған болар едім. Құдайға шүкір артында қалған бір қауым нағашыларым бар. Солар аман болсын!

Мақсат ЖЕҢІСҰЛЫ

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news