Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерей тойын Созақ ауданынан майданға аттанған алты мыңнан астам ардагерден бүгінгі күні үш ардагер ғана қарсы алып отыр. Олар Жылысбай Мырзахметов, Тәжі Нұрқожаев, Шәміл Тағиев. Соғыста қару алып отанын қорғаған ардагерлер, бейбіт өмірде еліміздің өсіп өркендеуі жолында жан аянбай еңбек етті. Бүгінде немере шөберелерінің ортасында абыз ақсақалға айналған ардагерлер мемлекетіміздің амандығын, бейбіт өмірдің мәңгілік болуын тілейді. Аудан басшысы Салыхан Полатов, ауданымыздағы Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің үйінде болып, мерекемен құттықтады. ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің құттықтау хаттарын және көршілес Ресей мемлекетінің Президенті Владимир Путиннің мерекелік медалін аманат ретінде салтанатты түрде тапсырып, аудан әкімдігі тарапынан ақшалай сыйлық ұсынды.
Өз кезегінде, соғыс ардагерлері аудан басшылығына қашанда қолдау көрсетіп, көңіл бөліп үнемі назарда ұстайтын басшылыққа ризашылығын білдірді. Әлемді бейбітшілікке үндеп отырған, елімізде тыныштық болсын деген жүрек жарды лебізін білдірді.
Сондай-ақ, ҰлыЖеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында 355 тыл ардагерлеріне, 18 Ұлы Отан Соғысының жесірлеріне, 18 Ұлы Отан Соғысының мүгедегіне теңестірілгендермен Чернобыль апатына қатысқан 6 азаматқа ақшалай сый сияпат берілді.