Иә, ардагерлердің жылына бір рет ардагерлеріміз әспеттелетін, Ұлы Жеңістің қарсаңында ақ түйенің қарыны жарылды. Басқа емес, ақсарбас құрбандық етуге пара- пар қуанышты хабардың лебі хан ордасынан, елордамыздан есті. Нақтырақ айтар болсам, үстіміздегі жетіде ҚР Президентінің пәрменімен Ардагерлердің мәртебесін анықтайтын заң шықты. Еліміздің ең басты заң шыңарушы органы Парламент бекіткен бұл заңның кіріспесінде: «Осы Заң ардагерлергежәне осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудың ұйымдастырушылық және құқықтық негіздерін айқындайды»,- делінген. Демек, бұл заңның мақсатын жалпақ тілмен айтар болсақ, ардагерлер мен оларға теңестірілгендерді әлеуметтік қолдау және соның экономикалық, құқықтарын бекіту екен. Негізінен, бұған дейін де біздің елімізде Ата заңымызға сүйеніп жасалған Ардагерлер жөнінде заң бар болатын. Дегенмен, ұлы жеңістің қарсаңында қабылданған бұл заң біршама баптармен толықтырылған. Соның ең бастысы Ардагерлерге теңестірілетіндердің қатары артқан. Әрине, мұны көзіқарақты оқырман теледидардан естіп- көріп, газеттерден оқып, хабардар болып жатқан болуы керек. Сонымен, жаңа заңда көрсетілген Ардагерлер мен осы Заң күші қолданылатын адамдардың қатары, екі ауыз сөзбен мынадай болды:
1.Ұлы Отан соғысының ардагерлері; 2.Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарыныңардагерлері; 3.Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер; 4.Еңбек ардагерлері. Мен, заманында аудан экономикасы үшін еңбек етіп зейнетке шыққан еңбек адамы, аудандық «Зағиптар» қоғамдық бірлестігінің президенті ретінде Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамшылығымен қабылданып отырған аталмыш заңды толықтай қолдап- қуаттаймын. Олай дейтінім, кез- келген дамыған, ұркениетті ел ең әуелі қоғамдағы әлеуметтік жаңынан әлсіз топтардағы азаматтарын (аналар мен балаларды, көпбалалы отбасыларды, мүгедектерді және т.б) құқықтық, экономикалық және рухани тұрғыдан қолдап- қорғауы тиіс. Әсіресе, соғыс және еңбек ардагерлерін. Себебі, нақ солар еліміздің тыныштығы, бейбітшілігі үшін бірі от кешіп майдан шебінде ерлік көрсетсе, енді бірлері тылда күдіз- түні аянбай еңбек етіп, екісі де еліміз бен жерімізді сақтап, қарыштап дамуына үлес қосты. Демек, ерлік пен еңбек әрқашан Мемлекет, халық тарапынан еленуі тиіс. Өйткені, кешегі ерлік пен еңбекті бүгінгі ұрпақ бағаламаса, ертең елін қорғап ерлік жасайтын, ел игілігі үшін еңбек қылатын ерлердің шығуы екі талай. Міне, осы тұрғыдан алғанда бүгінгі мақаламыздың тақырыбына арқау етіп отырған Ардагерлер туралы заңды дер кезінде қабылданған тарихи құжат деп бағалаймын.
Төлеген Аққұлиев
Жартытөбе ауылы