Әкемменен мақтанамын

Жеңіс күні. Ұлы Жеңіске 75 жыл. Менің әкем Т.Момбеков те алғашқылардың қатарында өз еркімен сұранып, майданға аттанғандардың бірі. Әкем ең алғаш 17 жігіт болып Тыкова қаласындағы әуе десанты бөліміне түседі.Сол жерде мылтық ату, парашютпен секіру, пулемет, автомат атуды үйреніп, жаттығудан өтеді. Үш айлық арнайы дайындықтан өткен соң, әуе десанты атқыштар дивизиясын Ленинградқа жақын жерге әкеліп, тағы да екі-үш күн дайындап, оларды  ротаға бөліп жібереді.
Ресейдің қытымыр аязының   тастай қараңғы бір түнінде  ұшақтарға бөліп мінгізіп, Ленинградты қоршаған неміс әскерлеріне қарай өтетін жолды кесу үшін сол жерге парашютпен түсіріп кетеді. Жақын маңдағы орманға кірген 60-70  адам бір төбенің айналана орналасып, кешке дейін жатып, ұрыстың басталуын күтеді. Осы жерге жақын өзеннің үстіндегі көпірдің екі шетіне орналасқан әскерлер көпір үстімен өтіп бара жатқан немістің пойызын миналап, ұрысқа кіріседі. Ұрыс толастады-ау деген шақта қайта орманға кіріп, партизандармен бірге 10-15 күндей аялдайды. Солармен  бірге ұрыстарға қатысып жүреді. Бір күні ұшақпен кері алып кетеді. Келген соң аздап тыныққан оларға әкем старшинасына тастап кеткен аспабын алып, әскерлерге күйлер орындап беріп жүреді.
Үш күндей тынығып болған соң, майданға қайта кірген әкем бір жолы алдыңғы шепті барлап, тіл алып келуге барғанда, басына қауіп төндіріп алады. Ең үлкен шайқасы Калининград азат ету үшін қатысқан ұрысы болады.
Сондай бір ұрыстың күндері 1943 жылдың көктеміне тақау немістердің үлкен күші шоғырланған  Старая Русь деревнясы түбіндегі кескілескен ұрыста, пулеметіне тікелей түскен жау снарядының жарықшағы маңдайына тиіп, ауыр жарақаттанады.
Калининградтағы  Әскери госпиталда басына ота жасалынып, шекедегі шіріген сүйегі алынып тасталынған әкем  ұзақ емделген соң, әскери медициналық сараптаманың қорытындысымен ұрысқа қабілетсіз деген 2-группалық қағазбен елге оралады.
Әкемнің үнемі оң жақ шекесінің кейде былқылдап тұратыны содан қалған ауыр естелігі еді.
Иә, Отан үшін отқа түскен талайлардың тағдырын біз ұмытуға тиісті емеспіз.

Осы күнге жеткізген Аллаға мың шүкір. Бірақ бұл күн —   мен үшін сағыныштан жабығып, еске алатын күн. «Салтанат» күйінің тууына себепкер болған менің көз жасымның төгілген күні. Аяулы анамның дүниеден озғанына жарты ғасыр өтіпті.
Бала күнімде ауылдың бас жағында орналасқан мектебіме жалғыз аяқ жолмен сөмкемді сүйретіп кетіп бара жатып, мен мұндалап тұрған Қаратаудың биік шоқысына көз тігіп, «Шіркін, анамның бейнесі таудың басынан бір елестесе ғой , түрін бір көрсем ғой» деп күнде армандайтынмын. Неге екенін қайдам, артынан ойша анама ақ кимешек кидіріп, бейнесін өзімше елестетіп,  бала көңіліммен мәз болатынмын.
Көкірегімдегі сағыныш отын осылай басатынмын. Үнемі баласын айналып, басынан сипаған аналарды көргенде, ешкімге көрсетпей көз жасыма ерік беретінмін. «Қандай бақытты» деп іштей күбірлеп, бала жүрекке түсініксіз бір ауыр зіл түсіретінмін.
Өкініштісі сол, анамды  анық елестетер, мендегі естеліктердің ізсіздігі.
Тек бір ғана есімде қалғаны майы таусылған шам білтесінің көмескі жарығындай көрініс қана. Еміс-еміс есімдегісі : үйдің сол жағындағы шағын жерде ауырып, төсекте жатқан анамның көрпесін сәл түріп жіберіп, мені құшырлана құшақтап, қайта-қайта сүйгені ғана.
Шындығына келгенде, елестеткен жерім қате болып шықты. Бұл туралы есейе келе бауырларыма айтқанымда, ол жерге қайтыс болған соң, жаназасын оқу үшін шығарғанын білдім. Анамның бізбен қоштасуы үйі шіндегі отау тамда (үйдегілер солай атап кеткен екен) болған екен. Шырағының сөнетінін білген қайран шешем амалсыз соңғы рет бізбен осылай қоштасыпты.
Жатқан жерің жайлы болсын, анашым. Артыңа қол жайып, дұға бағыштар ұрпағыңды қалдырдың. Балапандарыңның есейіп, қанатын жайғанын көру нәсіп етпесе де, Алла ол дүниенің жәннатын бұйыртсын!

Әр көктем мезгілі келген сайын салқар сайын далаға, көгілдір көкжиекке қарап тұрып құлын күндерімді сағына еске аламын. Әкемнің рухы өзінің шежірелі шертпе күйімен үндесіп бүкіл Созақ даласын күйге баурап тұрғандай!

Салтанат Момбекова,

Таукент кенті 

Latest news

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ -НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі аудан орталығы, Шолаққорған ауылында жоғары деңгейде, сән-салтанатымен аталып өтті. Наурыз мерекесін тойлауды аудан басшысы мен Созақ ауданының Құрметті азаматтары,...

СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ СОЗАҚ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БІРІНШІ СЕСИЯСЫН ШАҚЫРУ ТУРАЛЫ

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзі – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабы 1 тармағына сәйкес, сегізінші...

Төрт қалада электровоз өндірісі ашылады

Астана және Алматы қалаларында, Жамбыл мен Түркістан облыстарында электровоз шығарып, оларға қызмет көрсететін өндіріс орындарын ашу жоспарланып отыр. Жобаларды іске қосу барысында жергілікті мыңдаған...

Еуропалық одақ – Қазақстанның ең маңызды сауда серіктесі

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко еуропалық бағытта жүргізіліп жатқан жұмыс барысы мен...

Related news