Әкем айтқан естеліктер жадымда

Әкем Оңалбаев Қасен 01.01.1925 жылы Созақ ауданы ол кезде «Молотов» колхозында, қазіргі Сызған ауылы Қозмолдақ елді мекені Майбұлақ ауылында дүниеге келген екен. Айтуынша әкемді Күміскүл әжем 1932 жылы ашаршылық басталғанда, Созақтағы балалар үйіне әкеліп, өткізген екен. Содан үш айдан соң 100 шақты бала жартысы ақсақ, жартысы көздері көрмей қалып балаларды бір түнде Түркістандағы балалар үйіне, 1 айдан соң Ташкенттегі «Көктерек» балалар үйіне өткізіп жібереді. Әкем сол жерде 8 кластық білім алып, 14 жасқа келгенде типографиялық оқуға жіберіледі. Оны бітірген соң, 2 жылдық плотниктің оқуын оқытады. Бес-алты айдан типографияда жұмыс істеп 18-ге толған соң 1943 жылдың авгусінде Армияға алынып Петропавловскі қаласында 565 атқыштар дивизиясында 3 айлық дайындық курсында пулеметке оқ салушы мамандығын оқып шығады. Содан 1943 жылдың қараша айында майданды бетке алып темір жолды бойлап соғысқа аттанады.

-Сонымен 2 айдай жаяу жүріп 1944 жылдың қаңтарында І-ші Украйна майданына Ровно-Луцк темір жолына келіп түсте орналастық та, түстен кейін темір жолды алу мақсатында шабуылды бастадық деп әкем әңгімесін бастайтын.

Мен құлақ салып бар ынтаммен тыңдап отырғанымды көріп, шабыттанып сөзін одан әрі жалғайтұғын.

-Пулеметті алдыңғы шептің оң жағына окопқа орналастырып оқты траншея, арқылы әкелуге ыңғайлап дайындап болған соң атыңдар деген бұйрық келгенде оқты қарша боратып ата бастадық. Мен пулемет пен складтың арасында жәшіктегі оқты тасумен жүгіремін. Ал дұшпанмен екі ара 400 метрдей, немістер екі араның ағаштарын қиып тептегіс етіп тастаған. Темір жол айналасын ор етіп қазып одан су жүргізіп тастаған, снаряд түсіп мұздар жарылып тау-тау болып үйіліп қалған.

Біздің дивизия кешке күн бата қаракөлеңкелеу болып қалғанда біздер де орға келіп тірелдік. Командиріміз поезд релісіне жақын орналасыңдар деп бұйрықтан соң пулеметтерді екі жақтап судан өткізіп, оны құрып болған соң мен қайта айналып суға түсе берген кезімде оқ оң табанымды тесіп өтті. Жылымшы қан етігіме толып кетті, оған қарауға шама да жоқ оқ толы жәшікті қолтығыма қысып судан шыға бергенімде оң табанымнан екі елі жоғарырақ тағы да оқ тиіп жүре алмай қалдым.

Пулеметке еңбектеп жетсем,  оқ атқыш серігім мерт болыпты. Оған оқ көздейтін тесіктен өтіп дәл маңдайына тиіпті. Сонда ғана біздерді снайпердің аңдып атып отырғанын түсіндім.

Пулеметтің затворын шешіп, қалтама салып тың тыңдасам төменде жерден орыстардың сөйлескен сөзін естіп, рельсті жағалап сырғи еңбектеп келе жатқанымда кішкене күрегімнің сабы көтеріліп қалған екен, мерген атқан оқ оны жаңқа етіп шашып жіберді.

Келсем взвод командирім қасында екі солдат, тағы бір қолына оқ тиген 1 солдат келіп еді, тез ормандағы санчастқа қайтыңдар деп бұйрық берді. Қайтайын десек сол ағашы қырқылған 400 метредей жерге немістер әр 5 минут сайын ракета атып ол жер күндізгідей жарық боғанда, пулеметпен оқ жаудырады. Қайтпайын десек, соғыс кезінде командир бұйрығын орындамау деген мүмкін емес үш адам бағымбады деп акт жасап қол қойса сол жерде атып тастайды.

Амал жоқ оқ сеуіп тұрған алаңға беттеген едік, содан таңғы  беске дейін еңбектеп жүргенде аяғым үсіп, қасымдағының қолы үскен еді.

Таң ата байқасақ біз санчасты екі жүз метрдей жерден айнала беріппіз. Бізді тез арада тамақтандырып, Ровноға полевой санчастқа жазыла қоймаған соң, Киевке жіберді. Сөйтіп жүргенде 6 айдай уақыт өтіп, өзің атқансың деп сенбей, тексеріп мерген оғы екеніне көздері жеткеннен соң ғана емдей бастаған еді. Жазылған соң І-ші Украйна майданындағы атқыштар ротасына жіберді.
Біздің мақсатымыз ротада 2 сталинец пен 18 «Т-34» танкісі бар еді әр танкіге 6 жауынгер екі қапталына 3 тен алғы шепке келгенде 120 солдат  болып шепті бұзып он-он бес км-дей жүріп, басқа жерден өзімізге қарай бұзып өтеміз, сөйтіп жүргенде башняға тиген оқ, менің оқ жақ өкпеме өтіп кетіп оны бір жарым айдай уақытта жазып шығарып, соғысқа қайта жіберді. Сол баяғы ротама қайта оралып, орманды немістерден тазартып жүргенбіз.

Бір деревняға келсек, деревня төбеге орналасқан. Айналасында ешқандай да талдар жоқ. Командиріміз осы жерге аялдап, окопты тереңірек қазып алыңдар деп айтқаннан соң окоптарды тез дайындап алғанымыз сол орманнан біздерге қарай 50-ден аса неміс танкісі мен 1000-нан аса  жаяу әскері шабуылға шықты.

2 сталинец төбенің оларға көрінбейтін жағынан бағытауыш арқылы немістің 2 тигрін істен шығарып еді, артынша немістер танкідегі зеңбіректерімен қатты жүріп келіп тоқтай қалып атқанда бір оғы сәл асып, немесе жетпей түссе, келесі оғы танкіге дәл тиіп өртеп жіберді.

 

Біздегі Т-34-тер оларға қарсы қауқар көрсете алмады. Немістер жүріп келсе атады да дәл тигізеді. Олар сол 500-600 метрден атады да, біздердікі 200 метрден бронын бұза алмай бәрі де отқа оранды. Сол кезде командиріміз немістер бізге 4000 м-дей қалғанда окопқа жатыңдар, мен көмек сұраймын!- деді де «на себя» деп кординатты берген екен, сәлден соң үстіміздегі катюшалар сондай қорқынышты дыбыспен ұшып өткенде құлағымыз тас бітіп ешнәрсе де ести алмай қалдық. Олар бес минуттай атқылады да тез кетіп қалды. Шаң басылған соң айнала тып-тыныш ештеңе де болмағандай окоптан бас шығарып, қарағанымызда сол 400 метрдей жерде тірі жан қалмаған ғой жердің бетін астына түсірген ғой, 4 қана танкі артқы жүріспен кейін шегініп кетіп орманға кіріп кетті.

Міне мен «катюшаның» құдыретін сол кезде көрген едім.

Біз соғысты Польша жерінде Бреслава қаласында аяқтадық деп отыратын.

Ол қаланың астында 13 км-ге созылған фабрика, заводттар бар екен. 30 мың неміс, 70 мың «власов» әскерлері бар екен. Оларға су жібергесін ғана жер астынан қаруларын тастап шыға бастады. Солар тұтқынға берілген соң біздің құраманы таратты да бізді 102 гвардиялық полк құрамында Австрияға, Нойфельдке 3 жылдық әскери қызметке жіберді. Ол үш жыл біткен соң маған старшина шенін беріп Брест маңындағы Слоним қаласына ұшқыштар полкіне жіберді.

Сол старшина қызметінде жүріп военкомат арқылы ата-анам жайлы сұратып, «анаңыз тірі, бар екен» деген хабырды алған соң октябрь 1950 жылы елге оралып туған анаммен 19 жылдан кейін ғана қауышқан едім.

1951 жылы «Ачполиметалға» кен қазушы болып орналасып семья жағдайына байланысты 1958 жылы март айында Созақ ауданы Тасты совхозына жұысшы болып ауысып, одан 1965 жылы мартта туған жерім Сызған совхозына келіп құрылыс бөліміне қабылдандым.

Сол құрылыс бөлімінен 1987 жылы қараша айына дейін істеп сол жерден пенсияға шыққан едім. Міне, менің қысқаша өмірбаяным осындай.

Әкемнің мінезі бір тоға онша көп сөйлемейтін істің адамы еді. Әкемнің көзі тірісінде өзіңіз жүріп өткен кезеңдерді айтсаңыз мен жазып келешек ұрпаққа қалдырар едім дегенде: — Әй балам, ол соғысты басымызға бермесін, ол соғыс қанша адамның өмірін жалмады ғой, оның не керегі бар?- деп еңсесі түсіп қамығып қалатын.

Қайтыс боларынан 2-3 жылдай бұрын ғана естеліктері айта бастағанда көп жерлерін есіне түсіре алмайтын жарықтық.

Өйткені 70 тен аса бере екі көзі көрмей қалған еді.

Әкем мені намысшыл, тәртіпті, досқа адал болуға тәрбиелеген еді. Ол кісі мінезі тік бетке айтатын. Мен де сол қасиеттерін қабылдап алғанмын ғой. Кейде күліп қоятын, неге күлдіңіз дегенімде, «Тура айтып, туғаныңа жақпайсың» қызметіңде өсу мәселесі де саған кедергі болады деп еді. Сол кісінің айтқаны келді. Әкем көзі тірісінде 15 немере көріп кетті. Бұл да болса Алланың құдыреті. Әкемнің соғыста алған орден, медалдарын әжем марқұм шашына шашбау етіп тағып жүретін, оған әкем еш мән берген емес. Марқұм шешем Мейрамкүл Көшербаева 55 жасында қан қысымы көтеріліп, қайтыс болды. 1989 жылдың сәуір айында. Әкем тіптен тұйықталып қолына құран  кітаптар ұстап дін жолына ауысып содан араб әліппесін тауып әріптерін 2-3 жылдай өзінше оқып үйреніп, араб тілінде құран аңыз-әңгімелерді оқып отыратын. Құран жаттап, ауыл ақсақалдарын ауыл молдасы деп танып 10 жылдан аса сол жұмысты мойнына алып, адал, абыройлы атқарып шәкірт дайындап, кейіннен сол шәкіртіне ауыл молдалығын өткізді.

Осылайша әкем жайлы аз-кем өмірі мен еңбегі туралы есісмде қалған естеліктерді келешек ұрпаққа үлгі болысн, жастарға жүріп өткен жолы мен істеген істері болашаққа бастайтын жарқын да жарқыраған үлгі болсын деген оймен көпшілікке жария етіп жазып отырамын.

Көпшілікі қалай қабылдайды. Деген ой түбіндегі толғаныс тебіреністерімді естелік үшін жазғаным ғой.

Орынбасар Қасенұлы,

Қозмолдақ ауылы

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...