Қос майданның жеңімпазы

 

Ұлы Отан соғысының ардагері Берістемов Махмұт 1921 жылы 2 мамыр Созақ ауданы, Қозмолдақ колхозы қазіргі Сызған ауылында кедей-шаруа жанұясында туылған.

1941 жылы Созақ ауылындағы В.И.Ленин атындағы орта мектепті оқи жүріп армия қатарына алынады.

1941-42 жылдары Жамбыл қаласында 105 ұлттық атты әскери дивизиясында әскери жаттығудан өтеді, кейін оңтайландырып артилерияларға ауыстырады. 1942 жылы 482-ші танкке қарсы шабуылдайтын зеңбірек полкында неміс фашистерін талқандауда Сталинград майданында жеңіл жарақаттанып, 1943 жылы маусым айында қайтадан соғысқа қатысады. Киев, Харьков, Житомир, Польша жерін фашистерден азат етеді.

1942 жылы 9 желтоқсанда Сталинград майданына араласып фельдмаршал Пулустың армиясының бұзып өтуіне мүмкіндік бермей 22 генералы мен солдаттарын қолға түсірді.

Мақаң Жеңісті фашистік Германия өз жерінде талқандап, Дрезден қаласында қарсы алады. Сол жылы тамыз айында Шығыста жапон самурайларын талқандап (3 айда) қатысады.

Махаң соғыстағы ерлік еңбегі үшін «Қызыл жұлдыз», «Отан соғысының бірінші, екінші дәрежелі», бірінші, екінші дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Ерлігі үшін» медалдарымен және бас аяғы14 ескерткіш медальдармен марапатталып 1946 жылы жеңіспен оралады.

Алғашқы еңбек жолын Жуантөбе, Тасты, Шу совхоздарында ауыл совет төрағасының хатшысы, кейін төрағасы болып жаңадан ұйымдасқан совхоздың ұйымдастыру, орналасуы, әлеуметтік жағдайын жақсарту, шаруашылығын өркендету істеріне үлесін қосады.

1950 жылы колхозшылар төраға етіп сайлайды. Жұмыстың барлығы қолмен атқарылады. Ауыл шаруашылық техникалары жоқ, еңбек өнімділігі төмен, жұмыс күші аз, соғыс зардабынан халықтың тұрмысы нашар, осы қиындықтарды жеңе біледі. Жігерлі жас Махмұт халықтың тілін таба біліп, ұйымның жұмысын қайта құрып, аз уақыттың ішінде экономикасын көтеріп, халықтың тұрмыс жағдайын бірте-бірте жақсарта бастайды. Сол жылдары жас жігіттің ерлік істеріне риза болған ағайыны Баймұрат Момын «қазақта «тіл көз» деген болады сені құдай сондайдан сақтасын»,- деген екен. Соғыстан зардап шеккен ауылшаруашылығының қалпына келтіру ісіне араласып іскерлік қабілетін көрсетті.

1956 жылы колхоз іріленіп Созақ совхозының бір бөлімшесі болады, Махмұт сол бөлімшені басқарады.

1957 жылы Қапланбек  зоотехникумында оқып кіші аграном мамандығын алады.

1959 жылы Созақ совхозынан бөлінген Сызған дербес совхоз болғанда Махан басқарған ферма совхоз орталығы болып құрылғанда жан-жақтан бас мамандар, орта буын мамандар, механизаторлар, құрылыс жұмыстарына келеді. Кавказ халықтары, тәжіктер келе бастады.

«Тас түскен жеріне ауыр» демекші халықпен сөйлесіп әр үйдің бір-бір бөлмесін босатып, сырттан келген адамдарды уақытша сонда орналастырды.

Мен 1962 жылы мұғалім болып келгенімде өзінің бес бөлмелі үйінің бір бөлмесін босатып беріп, қашан совхоздың салып жатқан  үйлері біткенше бірге тұрдық. 1957-87 аралығында ферма меңгерушісі қызметін атқарып, қаракөл малын өркендетуге үлесін қосты.

Бірнеше жыл ферма совхоз бойынша 100 саулықтан 120-141 дейін төл өргізіп, оны аман сақтап аудан фермаларының алдыңғы қатарында болып еңбек үлесін көрсетті. Еңбегі бағаланып Қаз ССР Жоғарғы Советінің, кәсіподақ кеңесінің Құрмет грамотасымен, Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президумының Құрмет грамотасымен, «Еңбек ардагері» медалімен, «Созақ ауданының Құрметті азаматы» төс белгілерімен марапатталды.

1967-82 жылдары Сызған совхозын кәсіподақ ұйымының төрағасы болып жүріп зейнет демалысына «Республикалық дәрежедегі дербес пенсионер» болды.

Мақаңның сыртқа да абыройы беделді еді, ел сөзін сыйлаушы еді. Сонау бір жылдары Созақ ауданында қыс қатты болып Оңтүстік Қазақстан аудандарынан (Келес, Сарыағаш, Шардара) Созақ ауданының малдарын қыстан аман сақтап қалу үшін облыс, ауданнан төтенше комиссия құрылды.

Совхоз Келес ауданынан мал азығын жеткізу үшін өкіл етіп жіберді. Совхоз директоры алғашқыда дұрыстау шөп беріп, кейін көп жыл тұрып қалған шіріп кеткен шөпті көрсетіп, «басқа беретін шөбім жоқ» алмасаң кете бер дейді. Мақаң аудандық штабқа айтса штаб «обком қысып жатыр бергенін ала бер» дейді. «Созаққа топырақ артып барам ба?»- деп Келес ауданының бірінші хатшысы Малдыбековтің қабылдауына барады. Малдыбеков жылы шырайлы жүзбенен орнынан тұрып сәлемдесіп өтінішін тыңдап өздерінде қиналып жатқанын түсіндіреді. Совхоз директорын шақырып «әй, бұл кісі Созақ ауданы сыйлайтын еліне қадірлі кісі, бұл кісінің келгеніне сен түгіл мен ұялып отырмын» деп. Сыртта күте тұрыңыз деп директормен оңаша сөйлесіп, ақыры таза шөп бергізеді. Махаң Саңғыл би кесенесін салуда үнемі құрылыс басында болып, жұмыс істеп жатқан жігіттерге ақыл-кеңесін беріп, айрықша ұйымдастыру қабілетін көрсете білді. Кесене біткеннен кейін жазушы Ә.Кекілбаев келіп ризашылығын білдіріп Саңғыл би туралы көптеген деректер айтты. Кетер кезде не тілектеріңіз бар? дегенде «Әбеке халықтың атынан бір тілегіміз бар, кесененің тұрған жері Басбұлақ орталықтан 1,5 шақырымда халықтың, мектеп оқушыларының көп жүретін, қыста қалың қар, көктемде ақсор, шалшық су, осы жолға асфальт жол салуға көмектессеңіз» деді. Сол жолы ауданға барып жоспарға енгізіп 1,5 км асфальт жол салғызады. Махаң ағайынның, елдің құрметіне бөленген, елдің бірлігін, ынтымағын мақсат тұтқан ұлағатты қарияның бірі, әрі бірегейі еді.

Хрущевтің тұсында өтірік ақпарға сеніп, бір жағы бізде астық қоры көп деп мақтанып астықты шетелге көптен экспорттап соның салдарынан астық тапшылығына ұшырап бір түнде барлық магазинге жаппай ревизия болып ертеңіне ұнды грамдап жан басына арпа, жүгері ұнын беріп халық қиындықа қалды.

Оқуды бітіріп, жаңадан үйленіп, артық қорымыз жоқ магазиннен продуктыны күнделікті алып отырған едік. Махаң Созақ совхозынан өзіме деп 50 кг бидай сұрап алып диірменге ұн етіп қиыншылықтан құтқарды.

Махаң адам жатырқамайтын еді. Күндіз-түні үйінен жолаушы, малшы, егінші үзілмейтін. Жеңгеміз Адиша Мүшекенова ашық жарқын мінезді, денесі шағын болғанмен жұмысқа тез қимылдайтын, әбжіл, кісіні қадірлей білетін жан еді. Сондықтан да қай мезгілде болсын дастарханы жаюлы, шайы қайнаулы болатын. Ілгеріде жазушы С. Мұқанов, жазушы А.Кекілбаев Махаңның үйінде құрметті қонақ болып дастарханан дәм татқан.

Махаңның еңбектегі ерлігі жөнінде журналист Өтеш Қырғызбаевтың, абыз қария, журналист Есіркеп Өмірбековтің кітаптарында аттары аталып, газетте мақалалары шыққан. Махаңның ұрпақтарынан інісі Рамазан Алматы қаласында. Махсұт Тараз қаласында тұрады. Одақ кезінде Республика дәрежесінде қызметтер атқарып, қазір Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткерлер.

Әрі жалғыз, кенже баласы Ермек қара шаңырақта балалы-шағалы ауыл әкімшілігінде абыройлы  қызмет істейді. Махаң биыл 100 жасқа толады. Ел ағасы ауыл шаруашылығының білгір маманы, қазір тірі болғанда Қазақстан халқымен бірге Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесін бірге тойлаған болар еді.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...