Жауапты хатшылыққа үйретіп еді…

 Сонау өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының аяқ кезі болатын. Редакцияда бес-алты жыл қызмет атқарып жазу-сызуға жақсы төселе бастадым.

 Бір күні сол кездегі «Молшылық үшін» газетінің редакторы Жарылқасын Боранбаев: -Сәрсенбек сен жауапты хатшылықты үйрен. Біраз уақыт болды бөлім меңгерушісісің. Мен сенен жауапты хатшы болуды талап етемін. Болмаса мектепке мұғалім болып ауысасың,-деді.

 Ол кезде газет аудандық баспаханада қорғасынмен басылады. Жауапты хатшы болу-оңай емес. Макет сызу—соның қолында. Ал оны жасау оңай шаруа емес. Әрбір бетте дәлме-дәл қанша жол мақала кетеді. Бәрін есептеу керек. Әрі мақала көтеретін мәселесіне, орнына қарай орналастырылуы қажет. Тілшілерге де әрбір мақала қанша жол болу керек екендігі жөнінде тапсырма беруге тиіссің. Сондай-ақ қаламақыны есептеп қоятын да жауапты хатшы. Жауапты хатшы күндіз-түні баспаханада болады. Терімшілермен тығыз жұмыс жасайды. Мақалаларды баспаханаға жеткізіп, макет сызып, бет жасаушы қызға тапсырады. Бас әріптер яғни мақаланың тақырыбы қолмен теріледі. Міне осы жауапкершіліктің бәрін мойынға алу керек.

Редактор он күн уақыт берді. Жауапты хатшылықты үйренуге.

 Сол кезде Кәрібай Әмзеев аудан әкімшілігінде қызмет істейтін. Оның кезінде редакцияда жауапты хатшы қызметін атқарғанын білетінмін. Содан Кәрібай ағаға барып:-Редактор осындай тапсырма беріп отыр,-дедім.

-Дұрыс тапсырма,-деді. Кәрекең мені тыңдап алды да.—Үйретемін. Сенің бұл қызметті алып кететініңе сенімдімін,-деді.

Кәрібай аға үш-төрт газеттің макетін сызып көрсетті. Одан кейін өзім де сыза бастадым. Жасаған макеттерім жаман болған жоқ. Әрмен қарай жалғастырып кеттім.

 Кейін біртін-біртін төселе бастадым. Редактор да тапсырмасын орындағаныма риза болды. Газет аптасына бір-ақ рет төрт бет болып шығатын. Ғасырдың басына қарай аудандық баспахана жұмысын тоқтатты. Бірақ газетті тоқтатуға болмайды. Көрші Алғабас ауданының баспаханасынан газет шығаруға тура келді. Сол кезде «Алғабас» газетінің редакторы Серікбай Тұржан болатын.

 Редакторым Жарылқасын Боранбай мені Шаян ауылына жіберді. Танымайтын баспаханаға бардым. Баспахана бастығы мені газет редакторы Серікбай Тұржанға жолығуға жол сілтеді. Серікбай ағаға біздегі баспахана жабылып қалғаны жайлы мән жайды жеткіздім. Ол қарсы болмады.—Газеттің қағазын өзің алып келесің,-деді. Соныман шаруа келісіліп газетті Шаян баспаханасында шығаратын болдық. Әрбір дүйсенбі күні түс қайта барлық материалды жинап алып, газет басатын қағазды арқалап Шаянға қарай тартатынмын. Барып терімшілерге мақалаларды тергіземін. Терімге үш күн уақыт кетеді. Әуелі терімші қыздар «Алғабас» газетін тереді. Содан соң «Молшылық үшінге» кіріседі. Төртінші күні газеттің макетін жасап беремін. Оны жұма күні баспаға жіберді. Міне осылай жұмыс жасадық.

 Серікбай Тұржан ағама мың алғыс. Қашан қайтқанша мен сол кісінің үйінде боламын. Ағайдың үйіндегі жеңгеміз де қонақжай, қарапайым әйел. Өзі баспаханада жұмыс істейтін. Қай уақытта болмасын шайы қоюлы, дастарханы жаюлы болатын.

 Өзге ауданға барып газет бастыру—оңай болған жоқ. Жаздың аптапты ыстығы, көктемнің қара суығына төзуге тура келеді.

 Қазіргі кездегідей көлік ағылып жатқан жоқ ол кезде. Екі-ақ мәрте автобус Шымкентке қарай өтетін. Соған үлгеру керек. Болмаса қиын.

Барлық мақсат ауданымыздың жалғыз газетін жауып тастамау болды.

 Тура сол кезде айлық жалақының да уақтылы қолға тимейтін кезі. Кәсіпкерлерден азық-түлікті қарызға алып, бес-алты айдан кейін төлейтінбіз.

 Сол Шаян баспаханасынан «Молшылық үшін» газетін алты ай бойы барып-келіп тасып шығардым.

 Қазіргі кездегідей ұялы телефон деген жоқ. Кейде мақала жетпей қалады. Ондай кездерде сол баспаханада отырып мақаланы жазуға тура келеді. Кейде толмай тұрған жерге яғни бетке өлең жазамын. Әйтеуір газетті көркем әрі мазмұнды етіп шығарып алып келемін.

Аудан әкімі Қуаныш Айтаханов бұл жанқиярлық еңбегіме талай мәрте алғысын айтты.

 Алты айдан кейін барып облыстағы бүкіл газеттер «Оңтүстік Қазақстан» газетінің редакциясында теріліп, беттелді. Газеттің басылуы қалалық баспаханада атқарылды. Кәрім Үкібаев деген азамат «Оңтүстік Қазақстанның» редакторы-тын. Өте тамаша кісі. Аудан-аудандардан келген азаматтарға:—Әуелі Созақтың газетін жіберіңдер. Ауылы шалғай. «Одаман» дейтін асуы бар,-дейтін. Содан бірінші кезекте «Молшылық үшін» газетін тергізіп беттететін. Қалалық баспахана директоры Рыстай Артықбаев та осындай қамқорлық жасайтын.

Сөйтіп қиын кездің өзінде аудандық газет жабылмай аман қалды. Газет оқырмандарымен апта сайын жүздесіп тұрды.

Қарап отырсам жастық шағымның жалынды кезеңінде аудандық басылымның жабылып қалмауына қызмет жасағаныма мақтанамын.

Елімнің энциклопедиясына арналған төл газетіме әлі де қызмет ете беретін боламын.

Сәрсенбек ТЕҢІЗБАЕВ.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...