Теріскейдің төл басылымы «Созақ үні» газетінің 90 жылдығына орай Созақ аудандық орталық кітапханада газеттің бас редакторымен онлайн кездесу өтті. Басылым бүгінгі күнге дейін осы мерейтой аясында өз беттерінде газеттің айтулы шарасына орай түрлі мақалалар, естеліктер әр нөмір сайын жариялап келді. Әлі де жарияланып жатыр. Кітапхана ұжымы мен аудандық газет ұжымы карантин ережесін сақтай отырып «Созақ үні» газетінің 90 жылдығына арнайы шығарған «Созақ жылнамасы» атты кітаптың тұсаукесерін өткізді. Кітап беттерінде автор газеттің тарихы мен әр жылдардағы бас редакторларының ерен еңбектерін, газеттің «Созақ айнасы» деген атқа сай сан жылдар атқарған елеулі еңбектерін тиек еткен.
«Нұр Отан» партиясының аудандық газеттің бастауыш ұйымы, партия филиалы штабының мүшесі, кітап авторы Мақсат Жеңісұлы, газет редакторы Сәрсенбек Теңізбаев арнайы кітап үйінің қара шаңырағына жаңа кітаптарды тарту етті.
«Созақ үні» — ақпарат.