Жақсылардың көңілі алтын сандық…

Жақсылардың көңілі алтын сандық... 1Биылғы жылы аудандық «Созақ үні» басылымына 90 жыл толып отыр екен,қария басылымның бұндай мерейтойында үнсіз қала алмадым.

 Созақ ауданының тарихына есімі алтын әріппен жазылған,осы ауданның құрылып, қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан, кезінде Ресейде оқып келіп, туған еліүшін ақырғы демі біткенше қызмет еткен, кешегі қанды қырғын репрессияда жанын қиған, аудандағы алғашқы комячейканың төрағасы, аудандық атқару комитетінің тұңғыш төрағасы, кешегі Алаш арысы – Қарабаев Омардың ұрпағы, менің де, бір ауызайтар сөзім бар.

 Соның ішінде осы аудандық басылымда қызмет еткен екі бірдей ағамды – Әшірбеков Тоқтасын (Тохан) мен Омаров Асқатты алақандарында аялаған, жақсысын асырып, жаманын жасырған, жолдасым Жақаңды – Жарылқасын Боранбаевты төрге оздырған аудандық газет туралы, олардың замандастары туралы жазарым бір кітапқа лайықты дүние. Кейбірінің аты аталмай, түстері түстелмей жатса, алдын ала кешірім сұраймын, өйткені газет көлемі оның бәрін бірдей көтермейді.

 Жалпы, 20 ғасыр – қазақ өркениетінің, мәдениетінің, шығармашылық әлемінің АЛТЫН ҒАСЫРЫ болыпты десем, бұл күнде ешкім таласа қоймас деймін. Сол ғасырда өмір сүрген, сол кезеңді қалыптастырған әрбір шығар-машылық тұлғаның өмірбаяны мен жандүниесіне үңілу – қазірдің өзінде өте күрделі, әрі қорқынышты, әрі жантебірентерлік әлем.

 Үлкен ағам – Тоқтасын Әшірбеков ең алғаш аудандық газетке мектеп бітірген орта біліммен корректор болып орналасқанда, ол кездегі «Мол-шылық үшін» газетініңбасшысы Шернияз Серімбетов болды. Қазіргі Ы.Алтынсарин мектебінің жанында орналасқан ғимаратта болды. Сол кезде Бәйітбек Есжанов, Қуаныш Нұрмашев, Өтеш Қырғызбаев т.б. бірге қызмет істеді.

 Қазір мен біздің отбасымыздағы шығармашылыққа деген қызығушылық қалай пайда болды, ол кездегі еліктеу кімге бағытталды деген сұраққа жиі жауап іздеймін. Туған нағашы ағам марқұм Сағынтай Байділдаевтың облыс орталығы Шымкентттегі пединститутта оқитын кезі еді, асыға күтетінбіз. Ол кісі сол кезде ақиық ақын Төлеген Айбергенов, Мұхтар Шаханов, вальс королі Шәмші Қалдаяқов, Аян Нысаналин, Нармахан Бегалин, Исрайл Сапарбаев, композитор Сүгірәлі Сапарәлиевтермен жолдас болған еді. Олар туралы таңданыстары мен ән-жырларын бізге үлгі етіп айтып беретін, кейіннен өзі де осы аудандық газетте істеді. Өзі де өлең жазды. Осы үрдіс кейіннен біздің де отбасымызға ауысқан сияқты болды.

 Қолына қалам ұстаған әрбір қаламгердіңөмірін жеке білікті психолог талдауды талап ететін күрделі құбылыс, әрі жаратылыс. Сондайтағдырды менің отбасымның мүшелері де өткерді. Шығармашылық адамы айбатты, бірақ әлсіз. Шыншыл, бірақ дәрменсіз. Қуатты, күшті, бірақ қорғансыз. Мың құбылып тұратын өздерінің ішкі көңіл күй әсеріне өздері жауап таба алмайтынын былай қойғанда, қоршаған ортаның тегеурінді ықпалына төтеп бере алмай өмірден өткен қаншама айтулы тұлғалар бар екенін бәріміз білеміз.

 Осы газетке Тоқтасын ағам екі рет келді. Корректор болып жүріп, жоғары оқу орнына түсіп кетіп еді. Оны бітірген соң бөлім меңгерушісі болып қайта оралды. Кейінгі қызметтес болған басшысы Тәуекел Бектаев болды. Осы жылдары ағамыздың қалыптасуына екі адамның қатты әсері болғанын білемін. Біреуін «Есаға» дейтін, біреуін «Қасаға» дейтін. «Есағасы» – Есіркеп Өмірбеков еді. Біздің көшеде көрші тұрды. Ол кезде сол кісінің комаппарат-тағы тазалығымен әділдігі туралы таңдай қағып айтып отырушы еді. «Есағам – тірі энциклопедия» дейтін.

 Екіншісі, «Қасағасы» – Қасымжан Өмірұлы еді. Қасымжан ағамыз ауылға келген алғашқы профессионал журналистердің бірі еді, бір рет жүзін көру арманымыз болатын. «Таңертең жүгіруге шығады, штангист» дегенді естіген соң, Нұрман молда атамыздың үйінің артында таңертеңгісін бұқпантайлап сығалап күтіп жүруші едік. Қасаға – Қасымжан ағамызбен жүздескенде, біздің ол кісімен сұқбат құратын дәрегейіміз болмады. Маркс, Лениннің шығармаларын жатқа білетін аса білімпаз, жалындап жанып кеткелі тұрған жас журналистің жалыны жақын маңдағының бәрін шарпып кететіндей әсер беретін. Және солай болып қалды да…

 Тоқтасын ағамызбен жолдас болған, қызметтес болған әрбір азамат мен үшін аса ыстық. «Әкеңнің өзі өлсе де, көзін көрген өлмесін» деген сөз, жақын бауырыңа да арналады екен. Мені көргенде олар да, мен де іштей ұғынысып кемсеңдесіп қалушы едік. Ағаларымның көзін көрген азаматтардың бәрі мені қатты сыйлады. Олардың қатарында мектепте бірге оқыған жолдастары да бар. Атап айтқанда, бұл күні марқұм болған Нұртаза Дүйсенбеков, ауданды ұзақ уақыт басқарған білікті басшы Созақбай Әбдіқұлов, қазіргі қария Қабылбек Еспенбетов т.б. ағалар бар. Олар Тоқаңды шын сыйлады, жаман-дыққа қимады және әрдайым естеріне алып жүрді. Созақбай ағамыз бертінге дейін артында қалған отбасындағы қыздарына қолынан келген жәрдемін аямай көмектесіп тұрды. Ұлық болсаң, кішік бол деп Созақбай ағамыз ана-мыздың алдын бір кесіп өтпеді. Қазір ойласам, көзіме жас келеді. Ешкімнің, ешнәрсенің қолда барда қадірін білмейтін, пендешілік-ай дегім келеді. Тап қазір «қайда жүрсеңіздер де, аман жүріңіздерші, ағаларым» дегім келеді.

 Ауданда жылт еткен шығармашылық адамы болса, оның бірде бірі Тоқаңды білмейтін едік демес еді. Өйткені ол кісінің ол санасынан ешкім де, ештеңе де қалыс қалып көрмейтін ерекше қабілеті бар еді. Арамыздан ерте кеткенайтулы ақын Жеңіс Қарғабаевтыаузынан бір тастамайтын, өлеңдерін жатқа оқитын. Бертіндегі Қыдырәлі Ахметов, Әділбек Нысанбаевтармен жолдас болды. Ескермес Жақсымбетов, Қазыбек Мыңжанов, Сабыр Олжабаевтармен т.б. қатар жүрді. Ол кісінің «Бетпақдаланы гүлжазираға айналдырсам» деген арманы болған белгілі ғалым Кәрім Мыңбаевтың туған інісі Нұрхан Мыңбаевпен (қазір Нұрсұлтан қаласында тұрады) достығының өзі жеке тақырыпқа лайық естелік болмақ.

 Екінші ағам Асекең – Асхат Омаров туралы жақын жолдастары жазып жүр, өткенде Қалдыгүл Мұратованың, Сәрсенбек Теңізбаевтардың естелігін оқыдым және толқыдым, іштей рақметімді айттым. Ол кісінің де бүкіл саналы ғұмыры мен шығармашылығына куә болған осы қасиетті басылым шаңырағы. Аллаға шүкір, артында көзін көрген, сағынып еске алатын, тебіреніп естелік жазатын жолдастары бар екен деп ойладым. Алып-қосарым жоқ, мен байқамаған, мен білмеген сырларын естіп, қанықтым.

 «Соңғы түйенің жүгі» қашан да ауыр болатыны анық. Жақаң – Жарыл-қасын Боранбаев туралы бұл естелікте толық қамтып, жеткізе алмаспын. Көзі тірісінде жұмыс істеуіне толық мүмкіндік жасаған, Жақаңды үлкен қаламгерлерге тән ерекше болмыс-бітімімен қабылдаған Қуаныш Айтаханов ағамыз бастаған басшылардың бәріне рақмет айтамын. Ал, аудандық басы-лымменің отбасымдағы талантты азаматтардың әрбірінің қаламын шың-даған, ерекше шығармашылық шабыт сыйлаған, елге танытқан және есте қалдырған қасиетті мекен болды.

Тұтас Созақ еліне, газетке әр кезеңде әрдайым құрылтайшы болып келе жатқанел ағаларына, оқырмандарына, газет ұжымына, ізімізді қуып, өкшемізді басып келе жатқан талантты жерлестірімізге, кейінгі жас буынға қария басылымның 90 жылдық мерейтойы құтты болсын демекпін, аман болыңыздар.

Сіздерге деген құрметпен,

Ләззат Сұлтанбекқызы Омарова,

Қазақстан жазушылар одағының мүшесі,

Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты,

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша

1999-2000 жылдың ең үздік жазушысы атағының иегері.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...