Сырлы Созақтың шежірелі басылымы

Созақ өлкесі қасиетті де киелі өңір. Оған ешкімнің де таласы болмас. Сансыз баптар мен әулиелер мекені. «Қасиетті Қаратау әулиенің кені еді, Мұзарт өркеш Мыңжылқы биіктіктің ерені!»,-деген сөз тегін айтылмаса керек. Осы ұланғайыр ұлықты да ұлағатты елдің жылнамасына айналған, шежірелі тарихының жазбасын мәңгілік мұраға айналдырға басты да бірегей басылымы «Созақ үні»газеті тура бүгін 90 жылдық асуға шықты! Шығармашылық қауымның басын бір арнаға біріктірген киелі қара шаңырақ, күй елінің күмбезді алтын сарайы. Бұл сарайға кім келіп, кім кетпеді? Кімдердің алақандарының табы, кімдердің сабырлы салиқалы сөздері, өрісті өнегелі іздері қалмады? Ең басында «Социалды шаруа», одан «Социалистік шаруашылық», кейін  «Молшылық үшін», «Молшылық», «Теріскей» деген атаулармен елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, бар қуанышы мен шаттығын сүйіншілеген газеттің аудан халқының рухани жан дүниесінің өсуі мен өнегелі өріс алуына зор шапағаты тиді. Сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында еселі еңбек ете жүріп, еңбекші бұқара халықтың пайымды пікірлері мен ұтымды ұсыныстары да осы басылым беттерінде жария етіліп ел назарына ілікті. Әлемді әбігерге салған пандемия кезінде де аудан журналистері жұмыс орындарында болып, уақытылы газет сандарын сапалы шығарып, дәрігерлермен, сақшылармен қатар, халықты сабырға шақырып, дүниені дүр сілкіндірген тажал індетке қарсы халықпен қоян-қолтық жұмыс жасағанын да атап өткім келеді. Сіздер, яғни газет қызметкерлері мақтау- марапаттар мен қолдау-құрметтерге де лайықтысыздар!

Теріскей өңірінің тума таланттары Асқар, Бәтима, Тәкен, Сәуірбек, Төлеген, Ескермес, Ескер, Жеңіс, Өскен сияқты шоғырлы жұлдыздардың жалынды сөздері, ізгілікті іздері қалды. Көптеген азаматтар осы аудандық басылымда тер төкті. Еңбек етті. Олардың жарқын жолдары кейінгі ұрпаққа зор өнеге бесігі болары анық. Атап айтқанда:

Кезінде еңбек еткен журналистер мен баспахана қызметкерлері Есіркеп Өмірбеков, Тәуекел Бектаев, Тәуекел Бектаев, Ескермес Жақанов, Қасымжан Өмірұлы, Жарылқасын Боранбаев, Есенбек Кенжеқараев, Асхат Омаров, Өтеш Қырғызбаев, Ерденов Қалман, Сәрсенбек Теңізбаев, Қалдыкүл Мұратова, Мейізай Шаухарова, Мұрат Сапаров, Қазыбек Мыңжанов, Сабырбек Олжабаев, Кәрібай Әмзеев, Тоқан Омаров, Аманкелді Құлмашов сияқты арда азаматтардың еңбектеріне бас ие отырып, солардың ізін басып, бүгінде еселі еңбек етіп жүрген редакция қызметкерлері мен ауылдар мен елді мекендегі штаттан тыс тілшілер қауымына ерекше ілтипат білдіргім келеді.

Биылғы жылы 90 жылдығы лайықты атап өтілуге тиісті аудандық басты басылымның мерейтойы жан-жақты  ойластырылып жатыр. Ойға алған көптеген тың бастамалар бар еді. Оған елімізде болып жатқан карантин режимі қолбайлау болып отыр. Дей тұрғанымен қолдан келер мүмкіндіктер дейгейінде аталып өтілетін болады. Біздің тарихымыз тереңде жатыр. Журналистер мен жергілікті тілшілер үшін бұл мол қазына, келер ұрпақ үшін таптырмас рухани ерен байлық көзі. Әлі де елдің ішінде қаншама жинастыруға, ізденуге тиісті еңбектер бар. Ол еңбектерді сіздердің, сіздер арқылы келер өскелең ұрпақтардың еншісіне қалдырамыз.

Ауданның бірегей, басты басылымының мерейлі мереке қарсаңында баршаларыңызға сергек денсаулық, баянды бақыт, шынайы шығармашылық ізденістер тілеймін! Қаламдарыңыз қарымды, қалам тартқан дүниелеріңіз танымды болсын!

Салыхан Полатов,

Созақ ауданының әкімі,

Бегімбет Байғараев,

аудандық маслихаттың хатшысы.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news