«Созақ үні»-халық үні

Биыл бұқаралық ақпараттар құралдары айдынында өзіндік орны бар Созақ аудандық «Созақ үні » қоғамдық-саяси және ақпараттық газетінің алғашқы номерінің жарық көргеніне торқалы 90 жыл толып отыр. Өткен ғасырдың 30 жылы 10-қазан күні «Социалды шаруа» деген атпен алғашқы номері оқырманға жол тартқан болатын. Кейін «Социалистік шаруа», 1959 жылы «Социалистік шаруашылық» деп аты ауыстырылды. 1969 жылдан газетіміз «Молшылық үшін » деген атпен жанымызға жақын болды , ал 2007 жылдан «Теріскей», 2008 жылы газет екі «Молшылық» және «Теріскей» газеттері болып жарық көрді. 2012 жылы екі газет қосылып «Созақ үні» деген атау-фирмамен шығып келеді. 90 жылдық тарихы бар төл басылымымыздың бетінен әлемдегі, елдегі, ауданымыздағы маңызы зор саяси-экономикалық, қоғамдық мәселелер, өңіріміздегі атқарылып жатқан келелі тірліктер, еңбек ардагерлері, оқырмандар шығармашылықтары және де басқа мәселелер туралы ақпараттармен сусындауға болады. Газеттің Директор-Бас редакторы, ҚР Журналистер одағының мүшесі Сәрсенбек Теңізбаев ағамыздың жүйелі жұмысының арқасында газет таралымы 3700 данаға жетіп отыр. Әрине, 50 мыңнан аса халқы бар өндірісті аудан үшін бұл таралым аздық ететіндей. Менің ойымша, әрбір Созақтың шаңырағында Құран кітабы, бір домбыра тұруы және «Созақ үні» газетінің бір данасы апта сайын барып тұруы керек. Талай марқасқалар қызмет атқарған редакция ұжымында кәзіргі таңда «Сен тұр, мен жазайындар» қызмет атқаруда. Сәрсенбек ағамыздың ел ішіндегі әңгімелеріне қызықпау мүмкін емес. Ал өзінде мал дәрігерлік мамандығы болса да журналистика әлемінде оңды-солды құлаштап жүрген ҚР Журналистер одағының мүшесі, ақын, тарихи-зерттеуші, поэзия мен прозаны қатар алып жүрген Мақсат Қарғабай бауырымыздың шығармалары бір төбе.
Ал ҚР Журналистер одағының мүшесі, аудандық «Бақ Нұры» іскер әйелдер қоғамдық ұйымының төрайымы Нұржамал Майусованың жұмысы жайында бір мақала аздық етеді. Беков Данияр бауырымыз елді бірлікке шақыратын дін, ынтымақ мәселесіндегі дәлелді шығармаларын жайбарақат оқу жараса қоймас. Оның мақалаларынан көкейдегі күмәнді болып жүрген сұрақтарыңызға негізді жауаптар табарыңыз сөзсіз.

Газет тілшілері Нұрсұлтан Шертаев пен Біржан Жандәулетовтердің де өз оқырмандары бар, болашағынан үлкен үміт күтіп отырған журналистер. Дизайншы Асқан Бақтыбаев пен терімші Бағила Аязбаевалардың еңбектері аса жауапты. Газеттің тартымды, сапалы әрі қатесіз шығуы осы кісілерге байланысты болғандықтан оларды ел шетін күзеткен «шекарашыларға» теңеуге болар. Газет ұжымы ауданымыздың қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысып отырады.

Айтары мол, оқырманы көп қариялық жасқа жетіп отырған сүйікті «Созақ үні» газеті ұжымына шығармашылық табыстар тілейміз. Ұжымдарыңызда бірлік пен береке болып, ел үшін жасап жатқан ерен еңбектеріңіз ешқашан тоқтамасын.
P.S. Менің де журналистикамен қосымша айналысуыма, бір қырымның ашылуына, ҚР Журналистер одағының мүшесі болуыма себепкер болған осы «Созақ үні» газеті еді.

Сержан Бегманұлы, ҚР Журналистер одағының мүшесі.
«Созақ
үні» газетінің меншіктен тыс тілшісі.

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news