«Созақ үні» ұжымын арбаған бір сиқыр

  Туған жердегі алғашқы еңбек жолымыз аудандық газеттен басталды. Алдынғы толқын Есенбек Кенжеғараев, Қасымжан Өмірұлы, Сәрсенбек Теңізбай, Мақсат Қарғабай, Дәулет Тұрсынұлы, Қалдыкүл Мұратова, Нұржамал Майусова, Бағила Аязбаеваның тәлім-тәрбиесін көрдік. Замандас құрдастар Асхан Бақтыбав, Ернар Сағындық, Балғын Оспанова сынды әріптестермен әзіл жарысып қатар жүрдік. Таңертеңгі жұмыс күніміз қалжыңмен басталып, әдебиет, мәдениет, спорт тақырыбын талқылап қызыл- кеңірдек боламыз. Ұжымдағы дау спортқа, әсіресе футболға келгенде өршей түседі.   Әсілі, жанкүйер деген жазғанның спорт дегенде жаны қалған ба?! Ал ол, миллиондарды арбаған футбол болса, әңгіме тіпті бөлек… Бұл дау 2014 жылы көптен күткен Бразилияда өткен, футболдан әлем чемпионатында қыза түсті.

Футболдың ұлтқа бөлінбейтіні осы болса керек, Мундиальда чемпиондық тәжге таласып жатқан командаларды «меншіктеп», ұлты ділі, діні бөлек мемлекетке жанкүйерлік ететіндер біздің арамыздан да табылды. Олардың бірі, «Бразилия өз жерінде чемпион болады» десті, тағы бірі Италияның тілеуін тіледі, «Нидерландияны тоқтататын күш жоқ» деп жіберді қызды-қыздымен бір жанкүйер, Суарестей футболшысы бар Уругвай алысқа шабады десті «біздің футбол мамандары». Бұл енді біздің «Созақ үні»  редакция қызметкер-жанкүйерлерінің пікірі. Осыдан-ақ, редакция қызметкерлерінің бұл бәсекеден тыс қалмағанын байқауға болады. Менің тілеуім, әу бастан Аргентина мен Италия болатын. Кәнігі жанкүйер Қасымжан Өмірұлы шықты бір бүйірден атойлап, «Бразилия чемпион, оған еш таластарың болмасын» — деді. Келтірген қисыны да көңілге қонымды, саясатты шемішкеше шағатын Қасекең: «180 миллион халықтың аузынан жырып өткізген, чемпионатта, Неймар бастаған футболшылар чемпион.  Оның үстіне, менің замандастарым, Пеле, Гаринчи кезінен қалыптасқан дәстүр бар,  ұрпақтар сабақтастығы жоғалмау керек» — деген. Өмірұлының сөзін қуаттаған, Дәулет Тұрсынұлы нақты фактімен сөйлегенде, шынымен Бразилия чемпион болатындай көрінген. Бірақ, оған көнетін Қалдыкүл Мұратова ма, «жо-жоқ, Германияның чемпион болғанын, 24 жыл күттім, осы жолы, неміс машиналарын тоқтататын күш жоқ. Мерседес тегіс жолда қалай жүйіткісе, Германияда алдына ешкімді салмай, чемпион болып бір-ақ тоқтайды» — деп, өзіне сенімді күйде, мақтаныңқырап қойды. Компьютерден бас алмайтын Асқан Бақтыбаев, «кім жеңседе бәрібір, букмейкерлік бәсекеден ақша ұтсам болды» деген. Біраз ұтты-ау өзіде.  Әзілі өзімен қатар жүретін,  Жеңісұлы Мақсатқа «екі қойың бір сом». Қағаздан бас алмаған күйі: «Командаларың чемпион болса, жақсылап дастархан жаясыңдар» деп, бір қойды. Ой несін айтасың, осылай жалғасқан дау, бір айға жалғасып, командасы жеңілгені масайрап, ұтылса,  мұңайып, біраз адам әрі – сәрі күй кешті. Роберто Баджо заманында сүйікті командам болған Италия топта шыға алмай, тоңқалаң асқанда, менде осы күйді басымнан өткізіп жасып қалғанмын. Бірақ, Мессидің біразға шабатынын іштей сездім. Аргентина чемпион болса, қызметтестерімнің алдында мерейімнің бір көтеріліп қалатынын ойлап, жымиып та қоямын.

Негізгі бәсеке, қай тақырыпта болса да пікіріміз керағар Қалдыкүл Мұратовамен менің арамызда өткенін байқап отырған боларсыздар.Ол кісі, Германияның «предный больелшигі», ал мен Мессидің командасына жақпын. Жартылай финалдық ойында,  Германия Бразилияны 7-1 қылып жеңгенде, түнде звандап, біраз «мақтанып» алған. Аргентина жеңгенде менде түнде звандап мазасын алдым. Ақымды жібермеу керек қой енді. 14 шілде, түнгі сағат 1:00. Финалдық ойын басталды. Ұялы телефоныма хабарлама келді. Мазмұны мынадай; «Аргентинаға сәттілік, Германияға жеңіс тілеймін». Хабарламаның кімнен келгенін іштеріңіз сезіп отырған болар. Айтпақшы, жанкүйерлік еткен команда чемпион болса, ұжымға дастархан жаюды да келіскенбіз. Тәуекел дестік,  дастарханнан бұрын, командам чемпион болса, мерейің бір көтеріліп қалады ғой.

*                    *                  *

Финалдық ойынның ысқырығы…. Сосын ойынның аяқталғаны туралы ысқырық шалынды. Тух, осы 120 минут аралығында, қандай күйді басымыздан өткергенімізді шын жанкүйер ғана сезінер.

*                    *                  *

Таңертең ұйқы қаныңқырамай, көңіл күй онша болыңқырамай тұрған. Телефоныма тыным жоқ. Қызметтестер ғой звандап жатқан. Барсам бір хикаяның болатынын білемін. Содан ілби басып жұмысқа келдім. Жеңістің буына масаттанған Қалдыкүл апайымыз, коллективке дастарханды жайып, бәрі кекіріката демалып, мені сосын Месси бастаған Аргентина командасын әңгіме қылып отыр екен. Содан… Жеңістерімен құттықтап, 2018 жылы Аргентина чемпион болсын деген тілек айттым. Дегенде апай ақылды ғой. Көңілімді аулауға тырысып қояды.

Мен: «Апай ойын тең дәрежеде өтті. Аргентиналықтар басым болды көп жағдайда, сәттілік немістерге жолдас болды деймін ғой» берілгім келмей. «Білмеймін айналайын, ойынды көргенім жоқ. Теледидардың, даусын қатты шығарып қойып, терезенің алдынан тың-тыңдап далада жүрдім» — дейді Камалқызы. «Ойбай апай, неге?»- деймін ғой, таң қалып. «Ойынды қарап отыруға жүрегім шыдамады. Мен ойынды көрсем, Германия ұтылып қалатындай көрінді»,- дейді,  Қалдыкүл апайым.  Көзіме, теледидарда өтіп жатқан финалдық ойын, ал көруге жүрегі дауалмай сыртта, теледидар дауысын, терезе түбінен естіп, жаздың самал желіне жаурап отырған Қалдыкүл апай елестеп күліп жібердім.

Қызметім аудан әкімдігіне ауысқан соң да, журналист әріптестеріммен байланыс үзілмеді. Жолығып, пікірлесіп тұрамыз.  Әсіресе спорт тақырыбын талқылап сағаттап тұруға бармыз. 2016 жылғы футболдан Европа чемпионаты бәсеке қайта жалғасты. Футболды — тек ер азаматтар ғана сүйіп көретін спорт түрі емес. Нәзікжандылар да тамашалайды. Бұған соңғы екі- үш жылда әбден көзім жеткен. «Созақ үні» газетінде қызметте жүргенімде әріптесім, қаламы қарымды журналист Қалдыгүл Мұратованың футболға қандай құмар екенін көргенмін. Футболдың бүге-шігесіне дейін тарқатып, тіпті Иоахим Лёв, Филиппе Сколари, Гус Хиддингтің ұстанған тактикаларын талдап тастағанда шалқамнан түсе жаздағанмын. Тіпті 2014 жылғы әлем чемпионатында, «ел сенген Бразилияң ұзаққа бармайды, чемпиондықтан дәмеленбек  түгілі, финалды ұмытсын» деп салған. Айтқаны айдай келді. Жартылай финалда Германия құрамасынан омақаса құлады. Қалдыгүл апайдың осы құрамаға жанкүйерлік ететінін  бұрыннан білетінмін, бірақ осынша «фанат» деп мүлде ойламаппын. Біздің арамыздағы бәсімізде дәл осы Германия Аргентинаға келгенде ушыға түсті. Дүбірлі дода жалауын көтергенде сөзді бір кесіп: «Мюллер тұрғанда Германия қайтсе де чемпион болады»- деген. Ал мен: «Месси Аргентинаны чемпиондыққа жетелейді»,- деп дес бермедім.

Сол кездері; жұмысқа келгендегі таңертеңгі әңгімеміз сәлемдесуден емес, футболды талқылаудан басталатын. Содан соң барып, «күйлі-қуаттысыз ба?», «мал- жаныңыз- аман ба?» «дәу қыз болып өсіп жатырсыз ба?» деп әзілге бұрып барып амандасатынбыз.

Қалдыгүл апайымыз Еуропа чемпионаты басталғалы бері  бабына енді. Тіпті футбол сарапшыларының өзі ойланып сөйлесе, бұл кісі бір-ақ «кесіп» айтады. «Ерлан, тыңда мені! Биыл Португалия финалға барады. Германиямен кездеседі. Бенземаны құрамаға алмаған Дидье Дешам бапкер қателесті. Олардың шамалары жартылай финал ғана. Осы жолы да Германия чемпион болады. Олар Испанияның 2008 — 2010 – 2012 жылдардағы жетістігін қайталайтын бірден-бір  команда. Ал Роналду бастаған Португалияның да чемпиондықтан әбден үміті бар. Карьерасын жаңадан бастаған, не бары 19 жастағы бозбала Роналду 2004 жылғы финалда  Грекиядан ғана (Европа чемпионатында) сүрініп еді ғой. Бұл жолы финалға шықса, чемпиондықты Португалияның қанжығасына байлай салуға да болады, — деп мені біраз тұқыртып алған. Мен қолымды бір-ақ сілтеп, миығымнан күлдім де қойдым. Өйткені Португалия чемпион болады деп үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Мұнымен де қоймай сөз соңында: «Букмекерлік кеңсеге баратын достарыңа менен сәлем айт. Мен атаған командаларға ғана бәс тіксін. Ұтылмайды» – дегенде «терлеңкіреп» қалғанмын.

Шынында да; 11- шілде күні өткен соңғы ойында Португалия финалға шықты. Дос- жарандармен улап шулап көріп отырғанмын. Ойынның 120 минуты түгесілгенде ұялы телефонымның қоңырауы безектей жөнелді.  Нөмірге қарасам: Қалдыгүл апай Мұратова. Жеңіле беру оңай ма, бір күрсініп алып, дыбыссыз режимге қойдым. Көңіл күйдің қаншалықты «нөльге» түсіп кеткенін байқап отырған шығарсыздар. Үйге келіп жастыққа бас қойдым. Таңертең сағаттың «ұйқыашар» даусынан ояндым. Телефоныма хабарлама келіпті. Ашып қарасам: «Қалдыгүл Мұратова-Ерлан Райымқұлов. Есеп 2:0».Ия мұны «Созақ үні» ұжымы — Ерлан Райымқұлов 2:0 десеңіздер де қателеспейсіздер. Міне, «Созақ үні» газетінің ұжымын спорт деген сиқыр осылай арбаған!

         Ерлан Райымқұлов

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...