Сәулелі ойдың шырағы

Ия жоқшылықтан молшылыққа, молшылықтан тоқшылыққа арқау болып Созақ елінің жетістігін үндеп, мұңын-мұңдап жырын-жырлай білген, халықты ынтымаққа, бірлікке, елдің дәстүрлі- салт санасын, әдебиетіміздің рухын көтерген, ақын жазушыларымыздың шығармаларын халыққа жеткізуге айдарлы айнасы болған, жанашыр-жаңашыл аудандық газетіміз де тоқсан жыл ішінде өз міндетін абыройлы атқарды десек болар.

Өйткені сонау Ежелгі Шығыс елдеріне тән, «хан жарлықтары» деген ұғымның аясынан кеңіп шыққан, Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей «Газет-халықтың көзі, құлағы һәм тілі».

 Газет-сауаттылық пен эстетиканың жаршысы, тіл ұстартып, адамға тәрбие беруші құрал. Заманның келелі, түйткілді мәселелерін жан-жақты қозғап, халық пен билік арасын жалғастырушы, алтын көпір міндетін атқарушы.

Тоқсан жылдық тарихы бар «Созақ үні» газеті бүгінгі күннің мәселелерін тілге тиек  ете отырып, кемшілік пен жетістіктерді, халық атынан сөйлей білген қаламгерлердің жазбалары арқылы бұқарахалық елдегі жағдайды біліп отырды.

Талғамы биік аудандық газетте жарық көрген мақалалардың мазмұны жоғары деңгейге дейін көтерілді.

Өйткені газеттің әр кезеңінде білікті басшылар отырды, олардың биік талабынан шыға білген қаламгерлер кәсіби біліктілігін шындай отырып, ең өзекті, көкейтесті мәселелерді көтеріп келді.

Өзім көзін көрген, кәсіби білікті басшылардың арасында Өмірбеков Есіркепті, Тұяқбаев Әлім, Әшірбаев Мамедәлі, Серімбетов Шернияз, Бектаев Тәуекел, Жақанов Ескермес, Жарылқасын Боранбайлардың талапшылдығын, ішкі дайындығы, білім деңгейі, олардың жазу шеберлігі, түйткілді мәселелерді жан-жақты дер кезінде қозғай білуі газеттің сапасының көтерілуіне әсер етті. Олардың екі бағытта ұстанымы болды: бірінші бағыты таза әдеби тіл нормасы болса, екіншісі- бүгінгі өркениетке қарай ұмтылу, халықтың санасын ояту, жастарды кәсіби шеберлікке даярлау еді.

Ия, газет басылымдарында ұзақ жылдар еңбек етіп, газеттің жалпы бағытын тұтас деңгейін қамтитын, үлкен келелі мәселелерді

көтеріп, мол тәжірибе жинақтап, артына із қалдырғанТоқбергенов Төлеген, Нысанбаев Әлтен, Тоқпанбетов Созақбай, Зейілбеков Әшімхан, Мұханов Бекайдар, Есжанов Пазылбек тағы басқа көптеген азаматтарды мақтанышпен айтуға болады.Кәсіби журналис редактор ретінде Өміров Қасымжан мен Кенжеғараев Есенбекті аты жиі өзгеретін бірде «Молшылық үшін» бірде «Теріскей» деп аталған аудандық газеттің салмағын түсірмей дәстүр жалғасымен сабақтасып келе жатқан газетті  аманат етуі саналылықтың белгісідесек болар.Өткір проблемаларды көтеруде, кәсіби шеберлігімен танылған көптеген қатардағы журналистер, қаламгерлер болды олардың қатарында Есжанов Байтбекті, Құлмашев Амангелді, Қырғызбаев Өтеш, Әмзеев Кәрібай, Жақсымбетов Ескермес, Омаров Асхаттартағы бірқатарының аттары есіме түспей тұр.

Қатардағы оқырман, әрі жетпісінші жылдары осы газеттің штаттан тыс тілшісі ретінде мен де осы газет арқылы халықтың үнін, ауданымыздың өмір тынысын талай рет жазған адаммын. Сол үшінде бүгінгі атауы «Созақ үні» газеті өмірімнің екінші бір арқауы ретінде өте ыстық.

 «Созақ үні» газеті осы тоқсан жыл ішінде қаншама көркемдік бейнесі өсіп, халықтың нағыз жанашыры бола білді.

Әдебиеттің сатылап дамитын ғылымнан өзгешілігі оның классикалық туындыларының уақытпен есептеспейтіндігінде десек, газет өз оқырмандарын жаңашылдықты ағым ретінде емес, көркемдік тілдік ерекшелігі әрі өзіндік бояуы, өзіне тән стилі болды деуге тұрарлық. Өйткені осы жылдары көп басылыммен шыққан газетіміз әртүрлі тақырыптарға арқау болды. Әсіресе әдебиет-мәдениет, өнер саласына көбірек мән беріліп, ауданымыздан шыққан ұлы қаламгерлердің туындыларын халыққа жеткізе білді.

Отызыншы жылдардағы ашаршылықты, Созақ көтерлісінің ащы шындығын, соғыс жылдарындағы колхозшылардың жанқиярлық еңбегін, халық шаруашылығын қалпына келтіру мен көтеру, мал басы мен егін шаруашылығын арттырудағы халықтын еселі еңбегін,

бұқараға дер кезінде жеткізіп отыруда алар орыны ерекше болғаны

рас.  Газет халықтың көзі, һәм тілі болғандықтан да, көзі ашық көкірегі ояу халықтын, оқырманның үдесінен шыға білу ол журналистердің кәсіби білімділігіне байласты.

Кезінде Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетінде жариялаған мақаласында «Төңірекке қарасақ түнерген бұлттар, төгілген жауын жерімізді көгерте ме, немесе дауыл болып соғып, үйімізді жығып шашып кетер ме екен, көзіміз бұған жетпейді. Жалаң аяқ жалаң бас, жеңдеріміз киюсіз, етектеріміз жиюсыз ашылып-шашылып қамсыз жатқан елміз»- деп жаза отырып, газет бетіне шығарылатын мақалаларға  үлкен дайындық, кәсіби шеберлік керек екенін ескертеді.

Өйткені ХIХ ғасырда дүрілдеп тұрған «Правда» газетіне берген мақаласынан саяси астар іздеп кәте тапқан империяның билік күштері Ермұқан Бекмахановты соттатқан болатын.

Сол жылдары қазақ газетінің басылымдарына үлкен қауіп төніп тұрды, сондықтан да, әрбір мақалалар таза әдеби тілмен жазу басталды. Сол дәстүрді ұстанған бүгінгі басылымдардың ішінде «Созақ үні» газеті де  өз ауыр жүгін көтеріп келеді.

Тәуелсіздік келгелі еліміздің ақпарат кеңістігінде үлкен дүмпу болғаны аян, нарықтың заңдылығына сай газеттін қатары біршама оңтайланғаны белгілі, кәзіргі ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың қанат жаюы, газет ұжымның алдына жаңа талаптар қоя бастады. Бүгінгі бәсекелестік күн сайын артып бара жатқаны түсінікті, ол үшін сол бәсекелестікке қарсы тұра алатын кәсіби мамандардың еңбегіне байланысты болмақ.

Ал газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы керең, тілі жоқ, көзі соқыр болып қала бермек.

Сол үшін газетке артылар жүк ауыр,газеттегі сараптамалар, очерік, эссе, толық сұхбаттар бәсекелестікке төтеп берудің басты құралы болып қала бермек.

Десекте,  біз айтып отырған «Созақ үні» газеті қоғамдағы мәселені толық  ашып көрсете алды деп айта алмаймыз. Өйткені газеттің негізгі құрылтайшысы билік болғандықтан кейбір кемшіліктерді ашып айтуға жалтақтайтыны бар. Билік басында отырғандар газет бетінде сын материалдарды көрсе, шаян шағып алғандай ыршып қалатыны рас. Кей жағдайда журналистердің кәсіби деңгейі жетіспей жатады. Баспасөзде бір-бірін қайталау көп.

Сондықтанда газеттің басылым тарауы кеміп отырғандығы жасырын емес. Бүгінгі жағдайда газетті таратып белгілі бір жағдайда пайда табуға да болатын шығар, менімше бұдан керемет байып кету мүмкін емес. Өйткені қазіргі баспасөздің негізгі форматы, мақсаты ала бөтен. Оның үстіне әлсіз тұстарымыз да бар.

Ол қаржы мәселесі.Бұл мәселе толықтай шешілмейінше басылымды демократияландыру мүмкін емес. Жоғарыға қарап жағыну, жалтақтау әлі тиылмай тұрғаны жасырын емес.

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов газет бетінде жарияланған материалдар, тілдің жатықтығымен ғана емес, газет бетінде көтерген мәселелердің өткірлігінде, проблемаларды дер кезінде көтере білуінде деп баға берген болатын.

Тағы бір айта кететін  жағдай  28 маусым- Журналистер мен байланысшылар күні деп атау, екі мамандық иелерін бұлайша біріктіру дұрыс емес. Отандық журналистерінің кәсіби мерекесін өз алдына заңды жолмен қайтару керек.                                                            «Өзің өрге сүйремесең кеудеңді, алтын басың жерде қалар домалап», демекші, енді бүгінгі «Созақ үні» газетінің тыныс тіршілігіне оралсақ, айтар ой да жетістіктерде баршылық. Бұл салада қызмет етіп жүрген кәсіби мамандар тоқшылық пен жетіспеушіліктің қазанына түсіп жаңадан біте қайнап шыққан кәсіп иелері десек болар. Нарықтың қыспағында біте қайнап жаңара түскен қаламгерлердің екпіне асау өзеннің толқынындай көбік шашып, бұрқана түсуде білікті басшы Сәрсенбек Тенізбаев бастаған ұжым қаламгерлер бүгінгі күннің жетістіктері мен қиындықтарын бірге көтерісіп, оқырмандардың талғамына сай, өзекті материалдарды көтеріп халыққа ұсынуда.Ауданның тоқсан жылдығы қарсаңында елден шыққан зиялы қауым өкілдерін, қаламгерлер мен соғыс ардагерлері туралы көптеген көлемді материалдар жариялап келеді.Ақын жазушылардың кештері, жаңа шыққан кітаптарының тұсаукесерлері туралы да, бүкіл оқырмандарға газет бетінде жеткізіп отырды. Тарих, әдебиет, көркем сөз окулары туралы өткізілген республикалық, облыс, аудан аралық жарыстарды насихаттауда үлкен жұмыстар атқарды.

Енді бүгінгі журналистерге тоқталар болсақ, көш бастаған серкедей, қаламгерлердің королі болып саналатын Мақсат Қарғабайдың

қадымы алшақтай түскені рас. Оның жазған мақалаларын жұрт қызығушылық пен оқиды, әрі талқылайды. Әнгіменің майын тамызып, сырын қыл қаламмен жеткізе білген Нұржамал Майусованың жөні өз алдына бір төбе. Кешегі сыршыл махаббатың сырын ашпай кеткен, прозашы Мұратова Қалдыкүлдің әнгімесін оқырмандар аңсауда. Тілшілер арасында тарихыңды да, әдебиетіңді де, тіптен діни ағымдар туралы да талдай білетін Данияр Бековты ерекше атағанымыз жөн. Мұның қатарына өз мамандықтарының кәсіби білгірлері Шертаев Нұрсұлтанды, есепші Бекжігітова Гүлжанды, газеттін  аса жауапты операторы Бақтыбаев Асқан менБағиланы Аязбаеваны мақтанышпен айтуға болады.

Газеттің құндылығы оның көркемдік бояуына, өткен мен бүгінгі күнде еңбек еткен азаматтардың бет-бейнесін, атқарылған жұмыстарды фото түсіріліммен халыққа шынайы көрсете білуде Асқаров Нұржанның еңбегі еселі. Оқырмандардың алғысына бөленіп жүрген Шалданбаева Гүлжазираға ерекше құрмет.

Ал, Жаңдаулетов Біржан туралы ерекше тоқталғым келіп отырғаны, ол тарихи тағылымдарды, әдебиет пен мәдениет туралы тіл шеберлігімен, шешендігімен талғампаздығымен таразылай білетін,

қаламгер екенін танытып келеді.Қаламынан ұшқыр ой, тың туындылар, бүгінгі күннің өзекті мәселелерін шынайы жеткізе білуі, оқырмандарды таң қалдырады. Әлбетте бұл газеттің беделін көтеретіні рас.

Қазақ журналистикасының тарихын барласақ баспасөз функциясытуралы пікірлер ешқашан ескірмеген.Газет теориясы туралы тұңғыш еңбек жазған Ілияс Жансүгіров ағартушылық мектеп дәстүрін дамытуды алғашқы қолға алғанын ескерсек, кешегі Алаштың  азаматтары ешкімге жалтақтамаған, ешкімнің шашбауын көтермеген деолар өздерінің қоғамдағы орнын жақсы білген.

Нағыз журналист болу үшін, журналистикаға жүктелген үш міндетті басты шарт ету керек. Ол ақпарат беру, ағартушылық, адам жанын сауықтыру. Міне осы шарттарды басты мақсат еткенде ғана, толыққанды журналист деп айта аламыз.

Олай болса тоқсан жылдық тарихы бар «Созақ үні» газетіне, оның ұжымына шығармашылық табыс тілей отырып, халықтың жанашыры, үні айдарлы айнасы болсын деп тілейік.

«Теріскей айналайын келбетіңнен» деп шарықтаған әуен «Созақ үні» газетіне үн қосып шырайын келтірсін, барша қаламгерлерге шығармашылық табыстар тілеймін.

Мыңжасар Асқарұлы

Қаламгер, ақын, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, Құлыншақ Кемелұлы атындағы шығармашылық бірлестігінің төрағасы.

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...