Ол аудандық газеттің түлегі

Бір күні редакцияға Дәулет келді. Бұрыннан сырттай танитынмын. Елге айтыскер ақын ретінде танылған азамат. Екеуіміз жылы ұшырай амандастық. Жазған мақалаларын ала келіпті.

Біраз әңгімелескеннен кейін Дәулетке редакциядажауапты хатшының орыны бос келесің бе дедім. Дәулет қуанып кетіп:-Келемін аға!-деді. Ол мектепте мұғалім-тін. Мектеп директорына өтініш жазып, жұмыстан шығып, газетке келді. Оның газетке деген құштарлығын бұрыннан да байқайтынмын. Келе мақалаларын төпелетіп жаза бастады. Газеттің макетін жасауды да тез арада үйреніп алды. Аз ғана уақыттың ішінде редакцияның белді қызметкері атанды. Қай тақырыпқа болса да қалам тартатын. Жұмысқа да өте жауапты. Қылтың-сылтыңы жоқ. Берілген тапсырманы мүлтіксіз орындайтын. Өзі өте сыпайы жігіт екен. Артық әңгімесі жоқ. Сосын өте сауаты.

Дәулет Тұрсынұлы бір мың тоғыз жүз жетпіс алтыншы жылы Созақ ауылында дүниеге келген. Әкесі Тұрсын суырып салма ақын болатын. Бірақ дүниеден ертерек озып кетті. Дәулет орта мектепті бітіргеннен кейін Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Оқушы кезінен мерзімдік басылымдарға мақалалары шығып тұрған. Журналистика саласында жүргеніне он бес жылдан астам уақыт болды. Аудандық «Созақ үні» газетінде жауапты хатшы қызметінде жүріп «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетің Созақ және Бәйдібек ауданындағы меншікті тілшісі болды. Қазір «Оңтүстік Қазақстанда» заң және заман бөлімінің меңгерушісі.

Аудандық басылымда қызмет етіп жүрген кезінде аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың Алғыс хаттарын бірнеше мәрте иеленді.

Ұжымда Дәулет Тұрсынұлы зор беделге ие болды. Қарамағындағы тілшілерге тапсырмалар беріп, дер кезінде орындатып отыратын. Өзі де жауапты хатшылықпен қатар мақалаларды төгіп жазып тастайтын.

Аудандық газеттің сапалы әрі сауатты шығуына сүбелі үлес қосты. Еріну дегенді білмейтін жұмыстан кеш қайтып, ерте келетін.

Жұмыстан кейін қалып шығармашылықпен айналысып отыратын. Өйткені «Оңтүстік Қазақстанның» тілшісі ретінде де ол газетке де мақалалар жазып мұрнынан сүрлігіп жататын. Сол тынымсыз еңбек ете жүріп аудандық газеттің қазанында қайнады. Пісті. Ішкі кухнясын әбден меңгерді.

Газеттің макетін, көркем етіп жасауға шебер-тін. Рубрикаларды да тез тауып қоятн.

Тоқсан жылдық тарихы бар аудандық басылымда шыңдалған Дәулет кейін «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық газетіне ауысты. Шәкіртімнің биікке қарай ұшқанына мен қатты қуандым. Журналистік жолда шығармашылық табыс тілеп шығарып салдық. Қазір Дәулет редакцияға жиі хабарласып тұрады. Ауылға келген сайын қара шаңыраққа соқпай кетпейді. Әріптесерімен әңгіме-дүкен құрып қайтады.

Дәулет Тұрсынұлының аға газетте жүріп жазған мақалаларын үзбей оқып тұрамын. Қалам қарымы қуантады. Қандай тақырыпқа жазса да, оқырмандар ойынан шығатындай етіп жазады. Әлі талай тұщымды мақалалар жазылатынына сенімдімін. Шалғайдағы ауданнан облыстық газетте жұмыс істеп, бүкіл облысқа, республикаға танылып жүрген Дәулет бауырымызды мақтаныш тұтамыз. Келіншегі Гүлшат екеуі перзенттерін өсіріп бақытты ғұмыр кешуде. Отбасынде береке-бірлік орнаған.

Дәулеттің шығармашылықпен еркін айналысуына өмірлік жарының да  қосып жүрген үлесі қомақты десем артық айтқандық болмас, сірә.

Журналистика саласында өзіндік қолтаңбасы бар. Дәулет бауырымызға әруақытта қаламың ұшталып, шабытың шалқи берсін деймін.

Сені мен шәкіртім деп мақтаныш тұтамын.

Аудандық басылымда сенің де қотаңбаң бар. «Созақ үні» газетінің 90 жылдық мерей тойымен  сені шын жүректен құттықтаймын. Отбасыңа амандық, жанұяға бақыт пен береке тілеймін.

Сәрсенбек ТЕҢІЗБАЕВ.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...