Бірге қызмет жасаған едік

Жазушы болу оңай шаруа емес. Ол тынбай ізденуді, үлкен еңбекті қажет етеді. Сол тұрғыдан келгенде Өтеш Қырғызбаев өте еңбекқор жазушы.

Өтеш Өтеуліұлының сонау бала кезімізден жазған-сызғандарын оқып өстік. Сол кездегі «Молшылық үшін» газетінде оның мақалалары жиі жарық көретін. Ара-арасында әңгімелерін де оқып қоятынбыз. Мақалалары өте жатық оқылатын. Әрі әрбір мақаласы өте шұрайлы тілмен жазылатын.

Өткен ғасырдың 1980 жылы аудандық «Молшылық үшін» газетінің редакциясына мақалаларымды алып келіп, танысып едім. Ол жазған дүниелерімді қарап шығып, «Әлі көп оқып, көп жазу керек» деп ақыл-кеңесін беіп еді. Әлгі алып барған мақалаларымды өңдеп аудандық газетке жариялаған-тұғын. Содан таныстығымыз ұлғая түсті. Кездескен жерде шүйіркелесіп әңгімелесе кетеміз. Өтекең 1953 жылдың 10 наурызында дүниеге келіпті. Шолаққорған ауылындағы орта мектепті бітірген. Өзінің айтуынша әдебиетке мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінен бастап әуес болған. 1978 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Алғашқы еңбек жолын аудандық «Молшылық үшін» газетінен бастаған. Аудандық басылымда Өтеш қырғызбаевпен қатар еңбек еттік. Ол бөлім меңгерушісі болды. Талай тұщымды материалдары газет бетінде жарық көрді.

2003 жылы облыстың рухани-мәдени саласының дамуына ерекше үлес қосқаны үшін бұжан жеті жыл бұрын Оңтүстік Қазақстан облысының «Ең үздік жазушысы» атағына ие болды. Кезінде республикалық «Лениншіл жас» газетінде және «Жалын» баспасында еңбек еткен ол қаламгерлік, журналистік қызметін әбден шыңдайды.

Аудандық басылымда еңбек ете жүріп, республикалық, облыстық газетерге көлемді мақалалар жариялап тұрды. Кәнігі, қаламы төселген журналист ретінде бізге де ақыл-кеңесін беруден жалықпайтын.

«Молшылық үшіннен» Алматы қалалық әкімдігінің «Алматы ақшамы» газетіне бөлім меңгерушісі болып қызмет ауыстырды. Аталған газетте жарияланған ойлы әрі көлемді мақалалары оқырмандарына жақсы таныс. Ізінен Төреғали Ташенов, Қаншайым Бидәулетова сынды шәкірттер тәрбиеледі. Олар республикалық «Айқын» газетінде белді қызметкерлер болды. Өтеш Қырғызбаев Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Өтеш Өтеуліұлы қырық жылға жуық қалам тербеп, оннан астам прозалық кітап жазған жазушы. Оның «Аллаһу» романы қазақ халқының тарихындағы ақтаңдақ, отызыншы жылғы ақпандағы ең ірі қозғалысытың бірі-атышулы Созақ көтерілісі туралы жазылған көркем туынды. Осы өңірден шыққан қаламгер тарихи оқиғаның басты кейіпкерлерін сол күйінде алып, біразының есімін белгілі себептермен өзгерткенімен, көркемдік ой топшылауы шындықтың шеңберінен алшақ кетпейді. Кезінде тағдыр тәлкегіне, қуғын-сүргін зобалаңына ұшыраған қарапайым халықтың басынан өткен азапты өмірі теперіші оқырманды әр қилы ойға жетелейді. «Салықбай мерген» пъесасы мен «Созақ қасіреті» хикаяты да мазмұнды жағынан бірі-бірі толықтырып тұрады. «Қобызшы Жаппас Қаламбаев» повесіне арқау болған жаппас Қаламбаев қоңыр үні жайнға жайлы, жүрекке жылы тиетін қазақтың қасиетті қылқобызын Қорқыт пен Ықыластан кейін ғасырлар тоғысында жаңа дәуірге жеткізген, академик Ахмет Жұбановтың басшылығымен тұңғыш құрылған Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің негізін қаласып, қаз тұруына өлшеусіз үлес қосқан сирек талант иесі, музыкалық сауаты жоғары жан еді. Халық компазиторларының көптеген күйлерін қобызбен домбырада алғаш рет орындап, оркестрге түсіруге дәнекер болды, ел арасында қылқобызды дәріптеп, шәкірт  тәрбиелеуде қажырлы еңбек етті.

«Сөз жасаушы» повесінде автор қазақтың көрнекті қаламгері, аудармашы, ғалым, ана тілімізге 500-ден астам жаңа сөз бен термин қосқан белгілі сөз зергері Ісләм жарылғаповтың өмірі мен шығармашылық қызметі туралы ой толғайды. Ісләм жарылғаповтың ұлттық мәдениетіміздің өткені менк елешегі туралы небір асыл ойлары мен арман мақсаты уақыт алға жылжыған сайын құндылығын жоймай келеді. Повесть саналы, қатпары терең, мазмұны бай Ісламтану ілімінің бастамасы іспеттес.

Қазақ әдебиетінің көрнекті өілдері Тәкен Әлімқұлов, Асқар Сүлейменов, ерлі зайыпты Төлеген Тоқбергенов пен Бәтима батырбековалар көзі тірісінде аралас-құралас жүріп, лебізін тыңдаған қаламгер көрген-білгенін жазып қалдыруды мақсат етеді. Талан иелерінің жастық шағы өткен өңірі мен жерлестерінің естелік әңгімесін оқырманға сыр етіп ұсынады.

Жазушының төртінші томына енген әңгімелерінің тақырыбы да сан-алуан. Тіршіліктің бұралаң жолдарында адамдық асыл қасиеті мен ар тазалығын сақтай білгендер мұратына жетіп жатады. Осы томға «Бәсіре» атанатын балаларға арналған көркем шығармаларына екі  повесі мен бір топ әңгімесі еніп отыр. «Ақбөкендер ауған жаз» повесі 2008 жылы қазақстан жазушылар одағы мен «Жерсу» корпорациясы ұйымдастырған «дарабоз» бәйгесінде екінші орынды жеңіп алған болатын. Повесте балалардың даладағы бейкүнә аңға деген жанашырлық сезімі шынайы берілген. «Адыраспан» повесінде шаңырақ шырқының бұзылуы баланың жан-дүниесіне қалай әсер ететінін сездіреді. «Бос парта», «қара үйрек» әңгімелерінде қоршаған ортаның бұзылуын оқиға желісі арқылы алға тартады.

Қаламгердің қай шығармасы болмасын балалардың болмыс-жаратылысы мен ойлау қабілетін, қуанышы мен ренішін… суреттеуімен ерекшеленеді. Оқып отырып балалар әлеміне еніп кеткендей боламыз.

Өңірімізден шыққан қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Тәкен Әлімқұлов, Төлеген Тоқбергенов, Асқар Сүлейменовтің тәрбиесін көрген, жақын араласқаны сондықтан олар Өтешке ағалық ізгі ниеттерін де жеткізген. Тәкен Әлімқұло:-Өтеш көп оқып—тоқығанынан бөлек, халықтық тілдің бай құнарын жақсы меңгерген. Осы қабілетін көркем шығармада да, публицистикада да еркін қолданады. Басы артық әсерлеуге бармайды. Оқиға  желісін шымыр құрғаны оқырманды еліктіріп, тартып отырады. Қаламгер маған осы қасиетімен ұнайды,-десе, академик Тоқтар Бейісқұлов:-Жазушының еңбегі аса елеулі дер едім. Сүгір жөнінде зерттеп, жазбақ болған М.Әуезовтің ойын Өтеш жүзеге асыра алды. Күйшінің ағайын—туғандарын, көрген-білген адамдарға жолығып әңгімелесу, қажетті естеліктермен деректерді тауып, жинау қиямет-қайым жұмыс екенін жақсы білеміз. Міне, соған қарамай құнды кітап жазып шыққаны оның азаматтығы емес? Ол бүгінге де келешектегі ұрпаққа да Сүгірдің өнегелі қасиеттерін, өшпес өнерін үлгі етіп көрсетуі арқылы игілікті іс орындады,-дейді.

Қырық жыл бойы баспасөз саласында үздіксіз еңбек етіп келе жатқан журналист әрі жазушы, алпыс жетіге келген Өтеш қырғызбаевтың әлі де талай шығармалар жазылып, оқырмандарына сыйлайтындығына ел сенімді.

Сәрсенбек ТЕҢІЗБАЕВ.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...