Аудандық басылым- алқалы ақпарат

   Бұдан 90 жыл бұрын 1930 жылы қазан айының 10-шы жұлдызында бүгінгі таңда «Созақ үні» деген атпен шығып жатқан газеттің бірінші саны халықтың қолына тиді. Бұл Созақ елі үшін үлкен жаңалық болды. Себебі, орталықтан шалғай, томаға тұйық жатқан бұл аймақ осыған дейін газет-журналдардан бейхабар болатын. Ол кезде аудан орталығы Созақ қыстағында еді. «Созақ үнінің» алғашқы саны 1930 жылдың қазанында «Социалды шаруа» басылымы болса, кейіннен «Социалистік шаруа» ал 1959 жылы «Социалистік шаруашылық» деген аттармен жарық көрді.

 Газет маңына халықты топтастыру, әрі газет оқырмандарын көбейту үшін, газет жұмысына атсалысатын ауыл-село белсенділерінің қатарын арттыра беру үшін «Социалды шаруа» газетінің алғашқы нөмірлері елге тегін таратылды. Мұның өзі газет оқитындардың санын өсірудегі бірден-бір дұрыс шара болды.

 1931 жылдың басынан газет таралымы төрт мың данаға дейін өсті. 1969 жылдың мамыр айынан «Молшылық үшін» деген атауымен шықса, 2007 жылдан «Теріскей», 2008 жылдан екі газет «Теріскей», «Молшылық» газеттері жарық көрді. Ал, 2012 жылдан екі газет бірігіп «Созақ үні» деген атау-фирмамен шығып келеді.

 1931-1933 жылдардағы ауданда орын алған асыра сілтеушілікті әшкерелуде, елді күйзелткен аштық зардабының туу себептерін анықтауда басылым бірқатар жұмыстар жүргізді.

 Газет бетінде әрбір колхозшының мал өсіру тәжірибесі, әрбір диханның егін егуде іскерлігі үзбей жазылып отырды. Бұл жөнінде ауыл тілшілерінің хаттарын тоқтаусыз жариялап тұрды. Соның нәтижесінде газеттің беделі артты. Соғыс алдында ауылдардан хабар жазып тұратын тілшілер саны жүзден асты. Күмісті ауылынан З.Қалмырзаев, Д.Мұсаев, Ленин ауылынан Ж.Көбенов, Б.Үсенов, Молотов ауылынан Таңатов, К.Кенжебаев, Октябрь ауылынан О.Дәуітов, Ы.Қарымсақов, Балдысу ауылынан П.Қалманбаев, Ө.Төребеков, 1-май ауылынан Ж.Оқшаев, Ә.Ыбыраев, Еңбек ауылынан А.Құлтабаров, А.Сайлаубеков, Қызылкөл ауылынан Қ.Төлеуов, Е.Кенжебаев, Құмкент ауылынан Ж.Күнтубаев, Қарақұр ауылынан Ж.Төлебаев, Шолаққорған аулынан Ж.Атажанов, Созақ ауылынан Тастанов, А.Данияров, Қызыл Ту ауылынан М.Мәркенбаев, Б.Көшбаев аудандық газетке үзбей хабар жазып тұратын белгілі тілшілер болды.

 Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты тілшілердің көбі әскерге алынды. Бірақ газетке хабар жазушылар саны жастар мен қыз-келіншектер арасынан өсіп шығып, тілшілер қатарын толықтырып отырды. Бұл кезде Ж.Арқарбекова, Б.Батырбекова, Ө. Ерназарова, А.Жүнісова, К.Ерманова сияқты қыз-келіншектер газетке хабар жазып, баспасөздің жұмысына атсалысты.

 Газет соғыс кезінде барлық күшті жауды жеңуге, жұмылдыруға шақырып отырды. Майданға тыл жіберген жәрдемдерді үзбей жазып «Майдан мен тыл біртұтас», «Бәрі майдан үшін» деген хабарды үзбей жарияланды. Жеңісті жақындатуға себі тиетін тылдағы іс-қимылдар газет бетінен тұрақты көрініп тұрды. Жауды жеңуге ерлік көрсетіп жүрген ауданнан соғысқа барған батыл ұлдары жөніндегі хабарлар да жиі-жиі жарық көрді. Соғыстан кейінгі халық шаруашылығы қалпына келтіру кезеңінде де газет міндетін өз дәрежесінде атқарды. Бұл бағытты баспасөздің жергілікті  буыны ең алдымен, көңіл-күйді көтеру арқылы, олардың ерлік жігерлерін шыңдауға, сөйтіп еңбек өнімділігінің өсуіне ден қойды. Жігерлендіруші рух беретін түрлі де қажетті айдарлар ашып, қоғамдық дамудың жаңа кезеңіне жұртшылықты жұмылдыра білді. Ауданның экономикалық негізі саналатын қоғамдық мал шаруашылығын өркендетуге қатысты өзекті мәселелер қозғады. Аудан көлемінде ашылған жаңа совхоздың қалыптасуына қатысты көптеген материалдар газет бетінде жарияланып, шаруашылықтардың алдағы еңбек ететін, өмір сүретін халықтың жарқын болашағына үлкен сенім білдірді, әрі бұған оқырмандардың көзін жеткізе алды.

 Газеттің күші мен қуаты оның тілшілері мен авторларының оқырмандарына қатысты болса, ол газет редакциясында қызмет істейтін азаматтарға тікелей байланысты екені анық. Міне, осы тұрғыдан алғанда газетті әр жылдардағы редакторлары  мен тілшілерінің Шәріповтың, Антекин Молдағалидың, Абдуллин Кенжеғалидың, Мадазимов Шайдазімнің, Есжанов Пазылбектің, Шерімбетов Молдиярдың, Тұяқбаев Әлімнің, Өмірбеков Есіркептің, Аймұрзаев Түктібайдың, Маркенбаев Сәттібайдың, Шоқанов Қанатбектің, Ахатаев Төленбектің, Зейілбеков Әшімханның, Көшеков Жәмидің, Рақымбаев Садуақастың, Тәкібаев Әбілданың, Жұмабеков Жанбектің, Сағындықов Тастанның, Нысанбаев Әлтеннің, Мұқанов Бекайдардың, Нұрмашов Қуаныштың, Есжанов Бәйітбектің, Ердеш Кенжебаевтың, Теміров Махмұттың, Шаяхметов Ордабектің, Қырғызбаев Өтештің, Қасымжан Өмірұлының, Қарғабаев Жеңістің, Мыңжанов Қазыбектің,Әмзеев Кәрібайдың, Анарбаев Бабаштың, Барқиев Дәуірбайдың, Керімбаев Жүністің, Анарбаев Әнуардың, Мұратов Елеусіздің, Егенов Жолдасбектің, Шойынбетов Жабалдың, Тәкібаева Ақтолқынның, Сүлейменова Райханның, Шауһарова Мейізайдың, Мұратова Қалдыгүлдің, Дуанаев Ерубайдың, Орынов Білісбайдың, Кенжеқараев Бабарақымның, Рабатов Биболаттың, Айдарбеков Сатыбалдының, Мырзалиева Тұрғанкүлдің, Жақсымбетов Ескерместің, Олжабаев Сабырбектің, Құлмашев Амангелдінің, Омаров Асхаттың, Теңізбаев Сәрсенбектің, Қарғабай Мақсаттың, Ташенов Төреғалидың, Бақбергенова Ғалияның, Шылманбетов Тұрысбектің бір кісідей атсалысу арқасында бұл аудандық басылым ел еңсесін көтеруге жеткізер жаңалық пен жаңарудың жаршысы болды.

 1994 жылы Жарылқасын Боранбаев редактор болды. Одан кейін Есенбек Кенжеқараев газет ұжымын басқарды.

 2008 жылы «Молшылық» газетінің редакторы болып Қалдыгүл Мұратова бекітілді. «Теріскей» газетінің редакторы қызметін Сәрсенбек Теңізбаев атқарды.

 Аудандық басылым 1995 жылға дейін аудан орталығындағы баспаханада басылып келді. 1995 жылы баспахана жабылып, аталған жылдың басынан 6 ай бойы Шаян баспаханасынан жарық көрді.

 Ал, 1995 жылдың қыркүйек айынан облыстағы барлық газеттер компьютерлік жүйеге көшті.Он төрт ауданның газеті облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің компьютер орталығында теріліп «Асқаралы» баспаханасында бастырды. Қыстың қытымыр аязы, жазда аптапты ыстығына қарамай басып, алып келіп, оқырмандар қолына жетіп отырды. Содан 2000 жылға дейін газет «Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясында жасалды. Кейін «Замана» газетінде  беттелді.

 Жаңа ғасырдың басында аудандық басылымға да компьютер жүйесі келіп, газет «Молшылық үшін» газетінің редакциясында теріліп, беттелді.

 Қазіргі таңда «Созақ үні» газетінде 10 адам қызмет жасайды. Газет аптасына екі мәрте сәрсенбі, сенбі күндері жарық көреді. «Айғақ» баспа үйінде басылды. Таралымы 4000 дана екі түрлі бояуда жарық көреді. Содан қазір төрт түрлі бояуымен «Ар-принт» баспаханасында басылады.

 Редакцияда аға тілші Нұржамал Майусова, тілшілер Нұрсұлтан Шертаев, Данияр Беков, Біржан Жандәулетов шығармашылық топты құрайды. Беттеуші Асхан Бақтыбаев, терімші Бағила Аязбаева, фототілші Нұржан Асқаров, бас есепші Гүлжан Бекжігітова, еден сыпырушы Гүлжазира Шалданбаевалар қызмет етуде.

 Газет қазір оқырмандардың сұранысын толық қанағаттандырып, сапалы болып жарық көріп келеді.

«Таным», «Қоғам», «Тылсым дүние», «тарихи тағылым», «Өтпелі өмір», «Мерей» , «Өнеге» «Тағылым», « Тарих», «Созақ таланттары» т.б. айдарларымен жарық көруде. Сондай-ақ, «Шаңырақ», «Өнегелі жанұя», «Жас қанат», «Арай» атты ай сайын газет ішінен арнайы қосымшалар жарық көріп отырады.

Тоқсан жылдық тарихы бар аудандық басылым алдағы кездерде де оқырмандарға қызмет жасай беретін болады.

Мақсат Қарғабай

газеттің жауапты хатшысы

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...