Алғашқы ұстазым болды

Әдебиетке деген құштарлық мектеп қабырғасында жүрген кезден басталды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс берген Жылқыбай Рысқұлбеков сабақты өте керемет қызғылықты етіп өткізетін.

Әдеби шығармаларды түсіндіргенде бүкіл класс болып образға еніп кететінбіз. Кейіпкермен бірге күліп, бірге жылайтынбыз. Мұғалімнің әр шығарманы беріле түсіндіруі бізді ерекше сезімге бөлейтін. Барлық бала осы аталған пән өтетін күні ешқайсысы сабақтан қалмайтын. Төртінші сыныпта оқып жүрген кезімде «Көркемтай» деген әңгімені өткен кезде кейіпкердің аянышты тағдырына жанымыз ашып бүкіл класс оқушылары жылағанымыз бар.

Ағайымыз 6-7 сынып оқып жүргенімізде қабырға газетін шығаруға үйретті. Алғашқы тырнақалды жазған дүнилерімізді сонда жариялатқан еді.

Бір күні түз тағысы ақбөкенді аман-есен өзеннен өткізіп жібердім. Әлгіні мақала етіп «Қазақстан пионері» газетіне поштаға салып хатпен жібердім. Екі аптаға толмай жазған мақалам пионерлер газетіне жарқ етіп шықты. Жылқыбай ағай мені мұғалімдер бөлмесіне шақырып алып:-Сәрсенбек, мына мақалаңды тәп-тәуір жазыпсың. Алдағы кезде тағы да жаза бер,-деді. Ағайдың сөзіне әжептеуір қуаттанып қалдым. Тұңғыш мақаланың баспа жүзін көруі маған қанат бітіргендей болды. Содан жазған мақала, әңгіме, өлеңдерімді «Қазақстан пионері», аудандық «Молшылық үшін» газеттеріне жолдай бастадым. Бірі-газет бетінде жарық көрсе, біріне редакциялардан хаттар келіп жатты. Әсіресе аудандық газетке мақаланы көп жазып жүрдім. Мектеп жаңалықтарын үзбей жазып тұрдым. Әрбір санында мақалаларым жарқырап шығып тұрды.

Газеттің әрбір санын асыға күтетін болдым. Пошташы Медеубай деген көкеміз еді. Сол кісінің үйіне жаңа газет келсе, жүгіріп барамын. Дереу газеттерден мақаламды іздеймін. Қашан газет келгенше менде тағат болмайды.

Бір күні үйге қайтып келе жатып жолда Ердеш Кенжебаев көкеме жолығып қалдым.

-Жиен, тоқтай тұр,-деді. Ол маған өзінің жұмсақ үнімен. Маған Ерекең нағашы болады. Шешемнің ағасы болып келеді. Жақындап қасына бардым.-Сен жақсы жазып жүрсің,-деді.-Көке әшейін жазған-сызған ғой дедім.-Сен баланың жазуға икемің бар екен. Байқап жүрмін, мақалаларыңды қарап оқимын. Әйтсе де әлгі саған көп жазып, көп оқу керек. Жазған мақалаларың болса, айналайын, ұялмай алып келіп көрсетіп тұр. Оны-мұны кем-кетігі болса түзетеміз. Енді осы бағытыңнан танбай жаза бер. Жазған сайын өзіңнің талантыңның ашылуына көптеген көмегін тигізетін нәрсе; сенің тынбай ізденуің болғаны дұрыс. Ізденбей, әдеби шығармаларды көп оқымай жазу жазамын деу құр бекершілік болады, қарағым,-деп еді.

Ердеш Кенжебаев өмірден көргені мен түйгені мол азамат болатын. Аудандық «Молшылық үшін» газетінің штаттан тыс тілшісі еді. Осы газеттің әрбір санында оның 4-5 мақаласы жарық көретін. Әңгімешіл, көпшіл кісі-тін. Домбырамен өлең айтқанда шырайын келтіретін Хисса, дастандарды жатқа айтатын.

Үйіне барып жазған мақалаларымды көрсетіп, талай мәрте кеңес алдым. Асықпай жүріп жазу бөлмесін, үйі толы кітаптарын көрсетті. Кітапты үйіне өте көп жинаған екен. Шетел әдебиетінен бастап, қазақ ақын—жазушыларының көркем шығармаларын мол жинапты. Әлгі кітаптардың барлығын оқып шыққанын мақтанышпен айтатын.

Мақалалары облыстық, республикалық, аудандық басылымға жиі жарияланып тұратын. Маған Ердеш көке үлкен классик жазушыдай көрінетін. Ол кісі әдебиеттің барлық жанрына қалам тербейтін. Әзіл-оспақты да өте әдемі айтып, жазатын тұғын. Сол кездегі «Правда» газетінің  Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі болатын. Қазақ-орыс тілінде еркін жазатын. Орысшаны да суда ағызатын.

Е.Кенжебаев Қызылкөл ауылындағы клубта меңгеруші еді. Ол кісінің почеркісі де өте керемет-тін. Клубта болатын киноның жарнамасын өзі жазатын. Соғыс кино болса, соғыстың суретін, үнді фильмі болса үнділердің суретін тамаша етіп салып қоятын. Көрермендер әлгіндей жарнаманы көргенде оған қызығып клубқа қарай ағылатын. Ержен көке домбыра да да өте шебер ойнайтын. Күй тартатын, ән салатын. Сегіз қырлы, бір сырлы азамат тұғын.

Бертінректе үлкен ұлы Ермахан Кенжебаев, жоғары оқу орныны үздік бітіріп, аспирантурада қалған. Кейін кандидаттық қорғады. Сол ұлының банкетіне Ерекең де барады. Өңкей ығайлар мен сығайлар ғалымдар, академиктер жиналады. Сонда біздің көкемізге сөз беріледі. Зал сілтідей тына қалады. Сөзді жайлап бастаған Ерекең бір кезде ағылады ғой. Банкетке келгендер мына кісі кім деп бір-біріне қарап таңырқасады. Сол жерде Ердеш көке өзін таныстырады. Жиналғандар оның әңгімесін ұйып тыңдап қалады. Мына кісі академик болатын адам ғой деп тарқасады.

Қызылкөлдегі шағын ауылдық клубты өз қолымен безендіретін. Суретті де керемет салатын. Клубтағы безендіру жұмыстары сол кісінің қолымен атқарылатын. Жазу сызу суретті әсемдеп салу жағынан ол кісіге шақ келетін жан болмайтын.Қашан көрсем де ол клубтан шықпай соның әсемдеу жұмыстарымен айналысып жататын.

Е.Кенжебаевтың саяси сауаттылығы, тарихи әңгімелерді көп білетіндігі, білімдарлығы өте жоғары-тын.

Ердеш көкемнің алғаш жазуға үйреткенін, маған ұстаз болғанын өзіме мақтаныш тұтамын. Рухани байлық алғаныма әркезде ризашылық сезімімді білдіремін.

Кезінде ҚазПИ—де ежелгі дәуір әдебиетінен бізге дәріс оқыған, профессор Немат Келімбетов Ердеш Кенжебаев жайлы көп айтатын. Атақты Шәді ақын жайлы көптеген мағлұматта алғанын, ол кісінің өте терең білімді кісі екенін айтып отаратын.

Қызылкөлдегі үйінде болып талай әңгімелерін тыңдағанын мақтанышпен жеткізетін. Ұлы Отан соғысына да қатысқан Ердеш Кенжебаев майдан даласында көзбен көрген оқиғаларын да көп әңгімелеуші еді. Соғыс ардагерлерімен болған кездесуде оқушы балаларға майдангер қиян кескі соғыс оқиғаларынан сыр шертетін.

Ұл-қыздарының барлығы да мектепте үздік оқыды. Балаларының екеуі ғылым кандидаты аталды. Тұрмағанбет деген ұлы әке жолын жалғастырып келеді. Қазір республикаға танымал ақын. Жалпы, Ердеш көкенің әулеті білім дарыған отбасы. Ұл-қыздарының балалары да мектепті үздікке бітіріп, грант иегерлері атанған. Қазіргі кезде жоғарғы оқу орындарында оқып жүр.

Ердеш Кенжебаевтың бірнеше жылдар бойы жазған-сызғандарын, қолжазбаларын жинап, ретке келітіріп, кітап етіп шығарса нұр үстіне нұр болар еді. Ізінеде халыққа керемет әдеби дүниелер қалдырған Ерекеңнің кейінгі ұрпаққа қалдырып кеткен мол мұрасы-оның жазғандары мен сызғандары. Өзі қызмет істеп, еңбегі сіңген ауылдағы білім ұясынан Ердеш Кенжебаев атындағы әдеби бірлестік ашылып жатса, ол да танымал қаламгердің рухына жасалған құрмет болары анық.

Кезінде ол кісі «Салық адыр сапарда» атты көшпелі үгіт-насихат керуенін де бастап жүрген. Малшылар мен дихандарға концерт қойып, көңілдерін көтерген. Сөйтіп екінші тың ерлеріне рухани азық сыйлаған. Осы күнге дейін аудан жұртшылығы ол кісінің есімін құрметпен еске алады.

Аудандық басылымның 90 жылдық мерейтойы қарсаңында алғашқы ұстазым болған азамат жайлы жазуды өзіме парыз санадым.

Сәрсенбек ТЕҢІЗБАЕВ.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...