Қараша халықтың қасынан табылған кәсіп иелері

Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор. Әйгілі француз қолбасшысы Наполеон: «Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор», — деген. 1840 жылы француз жазушысы Онере де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады. БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.БАҚ арқылы адамдар өздерін жалпы әлеуметтік, жал¬пы әлемдік процестердің бір бөлшегі ретінде әрі өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысы барлығын сезінеді. Саяси журналистердің шабыттанған үгіт-насихатының арқасында азаматтар әлеуметтік-саяси процестердің белсенді қатысушыларына айналады.БАҚ-тың мүдделерді тоғыстырушы қызметі — БАҚ қызметінің міндетті тұсы. Саяси мүдделер тек БАҚ арқылы ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның басқа да институттары (мысалы, партиялар, қоғамдық бірлестіктер) арқылы жүзеге асырылады. Бірақ кейбір жағдайларда тек бұқаралық баспасөз бен теледидар ғана алғашқылардың бірі болып қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аударады, ықтимал әлеуметтік және саяси қақтығыстар жайлы дабыл қағып, билік құрылымдарын жағдайды саралап, арнайы шешім қабылдауына итермелейді.Сондай-ақ олар қоғамға өмірлік маңызы бар міндеттерді шешуге азаматтарды жұмылдыруда биліктің тиімді одақтасына айнала алады.БАҚ-ты саналы түрде саяси алдап- арбау мақсатында қолдану азаматтарға және қоғамға аса қауіпті болып табылады. Оған өз мүдделеріне қайшы келетін әрекеттерге баруға мәжбүрлеу үшін адамдардың санасы мен мінез- құлқын жасырын басқару жатады. Алдапарбау БАҚ-та таралатын, шын мәнінде жалған ақпараттарға адамдардың сенуіне негізделеді. Оған тапсырыс берушілер үшін ол пайда, ал қоғам үшін орны толмас өкініш. Осы орайда қазіргі кезде өз қызметінің тиімділігін арттырғысы келетін қоғам қандай да бір жолмен БАҚ-тың қызметін реттеуге тырысады. Бұқаралық ақпарат құралдары төртінші билік болып табылады.Бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі адам бостандығының маңызды алғы шарты болып табылады,яғни қоғам мен мемлекеттегі жоғарғы құндылық.Себебі,бұқаралық ақпарат еркіндігінсіз,яғни сөз еркіндігісіз  азаматтық қоғамды елестету мүмкін емес.Демек,тәуелсіз қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен оның демократия үшін маңыздылығын зерделеуге тиіспіз.Бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты –елде және шетелде болып жатқан оқиғалар жайлы қоғамға нақты және кедергісіз ақпарат беру.Сөзсіз,қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының болуы және оның жұмыс істеуі-кез келген демократиялық мемлекеттің қажетті элементі. Біріншіден бұқаралық ақпарат құралдарының  халық пен үкіметтің  арасындағы байланысты ұйымдастырушы.Екіншіден,баспасөз қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге жедел үн қосып отыруы.Осы арқылы заң шығарушы,атқарушы және сот биліктеріндегі өзара  құбылмалық жөнінде халықты хабар етеді.Бұқаралық ақпарат құралдарының  қызметінің негізінде болып өткен,болып жатқан және алдағы уақытта болатын әлеуметтік өзгерістер жөніндегі тәжірибелі  түсінік алынады. Және де  бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдағы өзгерістерге нақты көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Себебі,төртінші билік-бұқаралық ақпарат билігінің құдыреті күшті,оны ешкім ештеңемен ауыстыра алмайды,-деуімізге болады және де арнаулы мемлекеттік мәртебе рөлі болмаса да, баспасөз қоғамдық пікір туғызып,қалыптастыратын ықпалы  бар,халық пен билік арасындағы ерекше  байланысқа ие бірден-бір әлеуметтік институтқа  тән зор күші бар құрал болып табылады. Мемлекет өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдымен ақпараттық саланың іргесін мығымдап алғаны дұрыс. ХХ және ХХІ ғасырларда демократия аясында көп зерттелген саланың бірі – бұқаралық ақпарат құралдары.
Қазақстан – Тәуелсіздік дәуірінің алғашқы жылдарынан бастап баспасөз саласындағы халықаралық беделді құжаттардың аясында БАҚ-тың еркіндігін қамтамасыз етіп келе жатқан мемлекет. Ақпарат құралдары бостандығының кепілі – Ата заңымыз және Республика Президенті. Осы орайда бұқаралық ақпарат құралдарың құруда болған қиындықтарға тоқталсам:қоғамдар алмасып, нарықтық экономикалық қатынастар орныға бастаған тұстан бергі уақытты БАҚ саласындағы өзгерістермен сараласақ, ақпарат көздерінің даму сатыларын үш кезеңге бөлуге болады. Біріншісі -жалғыз идеологияның пәрменінде болып келген біртұтас ақпарат жүйесінің ыдырауы және қаржылық, идеялық тоқырауға ұшырауы. Екінші кезең — ақпарат әлемінің мемлекеттік және жекеменшік түрінде қайтадан қалыптасуы, кәсіпкерлік баспасөздің құрылуы. Үшінші кезең – еліміздегі экономикалық-әлеуметтік, мәдени реформалардың тереңдеуіне сәйкес әлемдік ақпараттың республиканың эфирлік кеңістігіне енуі және Қазақстанның ғаламдық ақпарат  айдынына талпынысымен сипатталады.
Алғашқы кезеңдердің қиындыққа толы болғаны белгілі. Сол күрделі тұста Республика Президенті жаңа қоғамға ақпараттық берік демеу керектігін ойлап, баспасөздің беделін және ел мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін көтерудің мүмкін жолдарының бәрін қарастырды. Президент 1998 жылдың 3-шілдесінде БАҚ-ты өндірістік және тарату кезіндегі қосымша құн салығынан босату туралы Жарлыққа қол қойды. Республика 1991 жылдан бері қарай ақпарат құралдары туралы заңнаманы ұдайы жетілдірумен болды. Осы жылғы 28-тамызда  «Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң қабылданды. Ол елімізде мемлекеттік емес БАҚ-тың пайда болуына және жедел дамуына қолайлы жағдай туғызды. Ақпарат әлемінде бәсекелестік туды. Баспасөз бен эфирлерге жаңа мазмұн берген ірі медиа бірлестіктер өмірге келді. Халықтың ақпарат алу және талдау мүмкіндігі молайды. Енді осы оң үрдісті одан әрі дамытудың құқықтық негіздері қажет бола бастады. Соған орай Елбасы 1997 жылы 3-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының біртұтас ақпарат кеңістігін қалыптастыру туралы» Жарлыққа қол қойды. Президенттің   тапсыруымен   1999 жылы жаңа  заң     күшіне      енді. Көп ұзамай, 2001 жылы оған елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы заңдардың қай — қайсы да БАҚ-ты демократияландыру, әлемдік талаптарға сай жетілдіру және саясаттан тыс дамуына жол ашу үшін арынша тиімді болғаны ерекше атап айту керек.
Жетістігің  бар болса, желпінтіп айтсаң да, жалаулатып айтсаң да жарасады.
Қазақстанда БАҚ-ты саяси-экономикалық даму сатыларына сәйкес жетілдіру үрдісі осылай ұдайы жүріп жатты. Тұжырымдамада мына маңызды міндеттерге айрықша назар аударылды және жүзеге асырылу жолдары белгіленді: 1. Ақпарат саласы мәселелері  жөніндегі заңнаманы жетілдіру.
2. Отандық және мемлекеттікбұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін дамыту. 3.Ақпараттық-телекоммуникациялық     инфрақұрылымын дамыту. Сандық теледидарды енгізу.  Осы үш міндеттің бәрі республикадағы барлық сипаттағы БАҚ-тың
одан әрі өркендеуіне айрықша ықпал етті.Қазіргі қоғамдағы ақпаратқа деген қажеттілік тұрақты түрде өсуде. Ақпаратты жеткізу арналарының бірі медиа болып табылады. БАҚ — бұл қоғамның дамуына шынымен әсер ете алатын үлкен күш. Ол кез-келген қоғам қайраткерін көтеріп, төмендете алады. Қазіргі әлемде бұқаралық ақпарат құралдары — адамдардың санасына және мінез-құлқына әсер ететін шешуші фактор.Демек, бұқаралық ақпарат құралдары қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады.Қазіргі қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының басты рөлі насихат болып табылады. Бұқаралық ақпарат құралдары күш құрылымдарымен осы немесе басқа оқиғаға адамның көзқарасын қалыптастыру үшін белсенді түрде қолданылады. Егер бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы маңызды рөлі болса, онда ақпарат көпшілігінің бұқаралық ақпарат құралдарына берген ақпаратқа толық сенбейді. Бұл қызықты парадокс. Байланыс жүйелерінің қазіргі заманғы дамуымен бір нәрсе білу өте қарапайым болды, бірақ ақпараттың сенімділігін тексеру мүмкін емес.БАҚ рөлі мемлекеттің ішкі өмірі үшін өте маңызды. Бұдан басқа, әлеуметтік проблемалардың бейімделуі, пайда болуы, жетістіктері, насихат жұмыстары жүргізілуде. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы алатын орны ерекше екені белгілі. Ендеше, ақпарат өкілдері құқық бұзушылыққа түбегейлі қарсы болып, онымен күреске сүбелі үлес қосуы керек. Бүгінгі таңда ақпарат министрлігі тарапынан коммерциялық емес ұйымдардың мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп жатыр. Аталған өзгерістер үкіметтік емес әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда ашықтық пен қолжетімділік қағидаларын енгізіп, жобаның тиімділігі мен халыққа қызмет сапасын арттыруға бағытталған.Медиа саласын бекерден-бекер төртінші билік деп атамайды. Бұқар жыраулар ханға қара халықтың мұң-мұқтажын жеткізіп отырған, бүгінде ол қызметті БАҚ атқарып отыр. Газеттің өзінде құқық бұзушылыққа жол бермеу мәселелері жіті қадағалануы керек. Мысалы, редакцияға келіп түскен оқырман хаттары жарияланбастан бұрын жан-жақты зерттеу жүргізіліп, оның қаншалықты рас-өтірігі анықталса… Кейбіреулер бұқаралық ақпарат құралдарын бопсалау мақсатында пайдаланып, домалақ арыз жазуы ықтимал. Алда-жалда бұл мәселе жіті тексерілмесе, оның қоғамға тигізер зияны мол. Сонымен бір мезгілде бұқаралық ақпарат құралдары арзан сенсация қумай, қоғамдық өмірге қажетті салаларға көңіл бөлуі тиіс.Интернеттегі он жаңалықтың сегізі негативке толы. Мұның өзі құқық бұзушылық. Өйткені, социологияда жаман ақпараттардың көп болуы адам жүйкесіне кері әсерін тигізетіні мәлім. Сонымен қатар, зәбір көрген балалардың аты-жөнін, жай-күйін интернетке жариялап жібертін жағдайлар кездеседі. Таяқтың екінші ұшы бар екенін ескермегендер сол баланың болашағына, ата-анасына түсіретін салмағын елеп-ескере бермейді.Сондықтан, журналистер ең әуелі өздеріне артылар жауапкершілік жүгін сезінуі тиіс.Қоғам­дағы құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастырудағы бло­герлердің рөлі туралы сөз етсек. «Блогер» деген ұғымның өзі өзгеріп кеткен. Мен екі жайтты көтергім келіп отыр. Біріншісі – мәселе көтерілгенде көбіне жалған немесе бұрмаланған ақпараттар тарап жатады. Оның соңы арандатушылыққа апарады. Сондықтан, ақпараттың ара-жігін ажыратып алу керек. Екіншісі – боп­салаушы топтар. Олардың камераға түсіретін арнайы жігіттері, жоғары деңгейлі техникалары бар. Қоғамда өзекті мәселе көтерген секілді болып, түймедей нәрсені түйедей етіп жариялайды. Немесе сол арқылы жергілікті орган­дардан белгілі бір көлемде ақша та­лап етеді. Міне, осы кезде блогерлер бірінші болып ақпараттың растығына назар аударып, шындықты жариялауы керек.Құқық бұзушылыққа төзбеуді қалыптастыру еліміздің шет аймақтарында кенжелеп қалған. Бұл тұста блогерлер де халықтың мұң-мұқтажын билікке дер кезінде жеткізіп отыруы керек.  Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері әлемде саяси, экономикалық, қоғамдық орны бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Әлемдік өркениеттің биік өресін танытатын өзгеше әлем адамзат жаралғалы тарихтан белгілі, көне замандардан бастап дамудың небір сатыларынан аман-есен өтіп, әлемнің жоғары деңгейге жетуі үшін талай жаңалықтар ашты. Жер жүзіне мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды таныту үшін де БАҚ-тың теңдессіз үлесі бар. Қазақстанның әлемдік өркениет алдындағы экономикалық, мәдени және әлеуметтік жағынан дамуы үшін оларды танытатын БАҚ маңызы айрықша. ХХІ ғасыр қарулы майданның емес, ақпарат майданы екенін ескерсек, жаһандық соғыс қазір күштілер қару саналатын баспасөздер арасында болып жатыр. Сондықтан еліміздің дамуын, қарқынды өркендеуін насихаттау үшін БАҚ-тың тұрақты да жүйелі жұмыс істеуі ең алдыңғы шаруа болып есептелмек. Дәл бүгінгі ел басына қиындық туып тұрған шақта, нақтырақ айтсақ елдегі төтенше жағдай кезінде аты жаман індетпен күресуде дәрігерлермен, сақшылармен қатар журналистерде белсенді күрес жүргізді. Бұл жөнінде ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев халыққа жариялаған үндеуінде:Індетпен күрестің алдыңғы шебіндегі азаматтарды тағы да ерекше атап өткім келеді.Халықтың қауіпсіздігі үшін жанкештілік танытып жүрген дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне, құқық қорғау органдарының өкілдеріне және әскери қызметшілерге алғыс айтамын.Қауіп-қатерге қарамай мұқтаж жандарға көмек қолын созған волонтерлерге де ризашылық білдіремін.Сондай-ақ, халыққа жедел және шынайы ақпарат таратып жүрген журналистер қауымына алғыс айтамын.Дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға атсалысқан мемлекеттік аппараттың қызметкерлері де құрметке лайық.Қазақстан халықаралық қоғамдастықтан еш нәрсені жасырмай, барлық мәліметті ашық жариялап отыр.Сондықтан кейбір азаматтарды бос сөз бен жалған мәліметке жол бермеуге шақырамын» деген сөзі бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдарының асқақ абыройын әйгілегендей. Осы карантин кезінде менің дипломалды практикам аудандық газетте өтті. Сонда  «Егемен Қазақстан» газетінен бастап облыстық «Оңтүстік Қазақстан», аудандық «Созақ үні» газеттеріне дейін күні-түні тыныстамай халықты сабырға, тұрақтылыққа, тыныштыққа шақырып, тың ақпараттармен уақтылы бөлісіп, қараша халықтың қасынан табылғанына куә болдым. Жалпы, осы игі істерді көзімізбен көріп отырып, БАҚ өкілдеріне айтарымыз тәуелсіз еліміздің қарыштап дамуы жолына тамшыдай болса да үлес қосу шынайы азаматтардың шын келбетін көрсетіп, журналист деген мамандықтың иелерін өзі қалаған кәсібі баянды бақытқа бөлейді екен.

 

Елнұры ЖЕҢІС,

«Тұран» университеті журналистика факультетінің 4 курс студенті

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...