Жеке кәсіп ашу мүмкіндіктері кеңеюде

 Бүгінгі таңда  елімізде нәтижелі жұмыспен қамту, отбасылық, шағын және орта бизнесті дамыту бағытында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Жасырын емес өз кәсібін ашып, шаруасын дөңгелетіп отырған жеке кәсіпкерлер саны күн санап артып, адамдар бизнестің қыр сырын біле бастады. Әрине бұл үлкен қозғалыс әрі қуанарлық жағдай.  Осыған орай аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстардың мән жайын білу үшін аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалдмен сүхбат жүргізген болатынбыз.

-Ағәділ Болатұлы ауданымыздың экономикалық көрсеткіші, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік ахуалы жаман емес. Облыс көлемінде ауданымыз көшбастаушы аудандардың бірі. Бүгінгі таңда аудан көлеміндегі шағын және орта кәсіптің даму қарқына қандай?

-Ауданымыз аграрлы- өндірісті аймақ болғандықтан, аудан территориясында ірі 9 біріккен кәсіпорын табиғи уран өндірумен айналысады. Ол кәсіпорындарда 7-8 мың адам еңбек жасаса, оның 70-80 пайызы аудан тұрғындары. Ал енді жеке, отбасылық кәсіптер бойынша айтар болсақ, бүгінгі таңда 5 мыңға жуық жеке кәсіп иесі заңды тіркеліп, жұмыстарын жүргізіп отыр. Басым көпшілігі сауда- саттық нысандарын ашып, халыққа қажетті тұтыну тауарларын қолжетімді бағада сатуда. Сондай ақ, ауданда индустриялы аймақ бар. Ол жерде жаңа айтып өткен ірі кәсіпорындарға қажетті шикізат сақтау бөшкелерін шығаратын UK- Star шағын зауыты бес жылдан бері сапалы тауарлы өнімдерімен жергілікті ірі кәсіпорындарды қамтамасызетіп келеді. Сондай-ақ, «Дархан-АС» өндірістік кооперативі ас тұзын шығарып, ұзақ жылдар бойы халыққа өз өнімін беріп отыр. Бұл кооперативтің ас тұздары Қазақстанның барлық аймақтарында тұтынылады. Ал енді жеке кәсіпкерлеріміз аудан көлемінде халыққа өз қызметтерін көрсетіп отыр. Жекелеген, отбасылық кәсіптердің негізгі бөлігін мал басын, құс шаруашылығын дамытумен қатар,  нан, сүт, кондитерлік өнімдерін шығаратын цехтар, тігін цехтары, дәмханалар, сән салондары, жихаз жасау цехтары, жылыжай шаруасы, түрлі жас өспірімдерді дамыту орталықтары, заң кеңестері, нотариалдық,  компьютерлік қызметтер көрсетужұмыстары құрайды.

-«Бастау-бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқытады. Осы жоба бойынша толығырақ мәлімет берсеңіз.

-Кәсіпкерлік дағдыларды үйрету жөніндегі «Бастау Бизнес» жобасының мақсаты – жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұрғындарды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тарту арқылы ауыл тұрғындарының экономикалық белсенділігін арттыру болып табылады. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен өңірлердегі қаржылық сауаттылықты арттыру, жаңа бизнес көздерін ашу, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында «Бастау Бизнес» жобасы кәсіпкерліктің негіздері бойынша тегін оқытатын семинарларды өткізуге ұйытқы болып, бұл жоба «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясына енді. Биыл оқыту ауқымы кеңейді.        «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне баулиды. Егер сіз кәсіпкерлікпен айналысқыңыз келсе, бағдарламаға қатысуға өтінім бере аласыз. Арнайы тестілеуден өткен тыңдаушылар 30 күндік курстан өтеді, осы уақыт аралығында тыңдаушыларға шәкіртақы қарастырылған. Оқу аяқталған соң, болашақ кәсіпкер бизнес жобасын арнайы комиссия алдында қорғайды. Қорғалған жобалар қайтарымсыз гранттарға қол жеткізеді, ия болмаса жеңілдетілген несиемен қаржыландырылады.

Биыл оқуға өтінім сәуір айынан басталады деп күтілуде.

  «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 200 АЕК (555600 тенге) көлемінде гранттар беріледі. Бұл қайтарымсыз гранттарды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде қысқа мерзімді оқуды аяқтаған адамдар мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер болып табылады.

Ал атаулы әлеуметтік көмек алатын табысы аз және (немесе) көпбалалы отбасылардың мүшелері, сондай-ақ оралмандар мен қоныс аударушыларға «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өту немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқу талап етілмейді.

Биылғы жылға 62 азаматқа 200 АЕК мөлшерінде гранттар беру жоспарлануда.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде өз ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің қызметін кеңейту үшін шағын несиелер беріледі.  Былтырғы жылы 88 азамат 266,8 млн.тг несеиемен қамтылды. Биылғы жылға 55 азаматты несиемен қамту жоспарланып отыр.

 -Рақмет. Тұрғындарға  түсінікті болардай нақты жауап ала алдық деп білеміз. Ал ауылшаруашылығы бойынша жекелеген кәсіптің жетістіктері жөнінде айтып өтсеңіз.

-Ия. Ауылшаруашылық саласы ауданымыздың негізгі басымдық беріп отырған саласы. О баста, яғни Кеңес одағы кезінде  біздің аудан облыстағы ең ірі малшаруашылығын дамытумен айналысқан аймақ болды. Бертін келе 1980 жылдары аудан территориясынан жерасты қазба байлықтарының мол көзі табылып, еліміз егемендікке қол жеткізіп, тәуелсіздігімізбен бірге біздің ауданда жаңару жолына түсіп, ірі малшарушылықты аймақтан өндірісті өңірге айналды. Ірі өндіс орындары ашылып, жаңа жұмыс көздері жергілікті халықтың қызығушылығын оятып, жүйе өзгерді. Ия совхоздардың малы тарағанмен, жекелеген адамдар мал бастарын сақтап қалды. Бүгінде ауданда төрт түліктің барлық түрі бар. Бірнеше отбасылар пай үлестерімен біріктірілген өндірістік кооперативтердің жұмысы жүйелі жолға қойылған.  Бүгінгі таңда аудан көлемінде мүйізді ірі қара 37 мың, қой 270 мың, ешкі 53 мың, жылқы 19 мыңға, түйе 12 мыңға, құс 26 мыңға шамалап тұр. Мұның бәрі жеке шаруалардың иелігінде. Сондай ақ, жерді игеруде де шаруа қожалықтарының жұмыстары нақтыланған. Әр бір қожалық иесі өздеріне тиесілі жерді игеріп, қажетті шем шөптерін, дәнді дақылдарын, бақша өнімдерін дайындап алып отыр.

 -Осы орайда шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында кәсіпкерлер мен шаруаларға мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген несиелер бойынша түсіндіріп өтсеңіз. Бұл кәсіпкерлерге қаншалықты қолжетімді. Сонымен қатар, жаңадан кәсібін ашып, болмаса кәсібін ұлғайтамын деген кәсіп иелеріне ауыл шаруашылығы қолдау қоры арқылы қандай көмектер берәлуде. Осы бағытта жеңілдетілген несие алып, бүгінде өз кәсібін ашқан шаруалар мен жеке кәсіпкерлер, олардың кәсіптері бойынша айтып берсеңіз.

-«TURKISTAN» КҚКО КММ-ң Созақ ауданындағы бөлімі кәсіпкерлерге келесі қызметтерді көрсетеді: атап көрсетер болсақ.

Консалтинг қызметі- кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар, қаржылық институттардың қаржыландыру шарттары, рұқсат құжаттарын алу және салықтық есеп бойынша кеңес беру, сонымен қатар бизнестің дамуына ең қолайлы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу жолымен аудан тұрғындарына кәсіпкерлікті насихаттау;

Рұқсат құжаттарын алу- рұқсат құжаттарын алу барысында әкімшілік кедергілер жасау арқылы пайда болатын жемқорлық жағдайларға әкеліп соғатын кәсіпкерлердің мемлекеттік органдарымен ұштасуын болдырмау және олардың уақытын үнемдеу мақсатында кәсіпкерлердің сенімхаты негізінде оларға рұқсат құжаттарын алуға көмек көрсету; Бизнес-жоспар әзірлеу және жобаларды сүйемелдеу- кәсіпкерлердің қаржыландыру немесе мемлекеттік қолдау алу барысында жобалары бойынша бизнес-жоспар әзірлеу қызметін көрсету, жобаны жүзеге асыруда сүйемелдеу; Сервистік қызметтер- салық есептілігі,жеке кәсіпкерлікке тіркелу және т.б

Көрсетілген қызметті нақты көрсетер болсақ 2019-2020 жж :

Кеңестік қызмет –  1140 кеңес берілді, оның ішінде: — 588-і мемлекеттік бағдарламалары;  552-ы рұқсат құжаттары бойынша;

Сервистік қызметтер -1400 адамға көмек берілді: Жеке кәсіпкерлікке тіркелу-98, Жеке кәсіпкерлерге салық есебін тапсырып беру-1392

Бизнес-жоспар әзірлеу бойынша – 113 құжат әзірленді. Жобаларды сүйемелдеу – жалпы 177 жоба сүйемелденді, оның ішінде: «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша «Ырыс» МҚҰ-4 жоба;  «Кәсіпкер ана» бағдарламасы бойынша «Ырыс» МҚҰ-1 жоба; «Егінжай» бағдарламасы бойынша «Ырыс» МҚҰ-5 жоба, «Мал шаруашылығы» бағдарламасы бойынша «Ырыс» МҚҰ-21, БЖК-2020 мемлекеттік грант — 2 жоба; Еңбек бағдарламасы (Нәтижелі жұмыспен қамту) — 70 жоба; «Ауыл шаруашылықты қаржылық қолдау қоры» АҚ — 63 жоба; «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-11 жоба. Рұқсат құжаттарын рәсімдеу – 84 құжат рәсімделді, оның ішінде: Жер комиссиясының қорытындысын алуға көмек – 7. Пайдаланудағы жер телімі жанынан қосалқы жер алу-2.  Жерге орналастыру жобасы – 1.  Жер учаскесін сатып алу – сату шарты – 6. Жер телімін сату-сатып алу шарты-3. Жер теліміне мемлекеттік акт алу-22. Мемлекеттік акт-4. Техникалық төлқұжат-18. Мекен-жай тіркелімі-12. Аукционмен жер телімін алу-1

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы несие алу шарттары, яғни шаруа қожалықтары, фермерлік қожалықтар, ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтері. Оларды қаржыландыру көздері ҚР Ұлттық банкі, меншікті және немесе ҚР Ұлттық банкінің қаражатын кейіннен ауыстыру үшін қарызға алын,ан ақша. Бұл бағдарламаның мақсаты амл басын көбейтуге, яғни түйе, жылқы, мүйізді ірі қара басын көбейтуге бағытталған. Несие негізгі құралдарды сатып алу мен мал басын көбейтуге 7 жылға дейін беріледі.

 -Бүгінгі таңда әлемді дүр сілкіндірген «Корновирус» жер бетіндегі әр бір адамды ойсыз, бей- жай қалдырмағаны белгілі. Осы орайда белгіленген  карантин уақытысында Үкімет тарапынан, еріктілер, демеушілер арқылы жергілікті тұрғындарға қандай көмектер берілуде.

-Ия дұрыс айтасыз, мұндай ел басына күн туғанда, мұндай сындарлы шақта әр бір адам өзінің жауапкершілігін арттырғаны абзал. Яғни бекітілген ережеге, талапқа бағынып, сақтық шараларын өз отбасыларында сақтаулары керек. Бұл жөнінде күнделікті хабарланып, үйме үй ескертілуде. Ал бір жолғы көмекке келер болсақ. Мүмкіндігі шеутеулі жандарға, көп балалы, аз қамтылған отбасыларға балаларының жас ерекшеліктеріне орай арнайы әлеуметтік пакеттер таратылды. Барлық әлеуметтік төлемдер уақытылы төленуде. Еріктілер, демеушілер, қоғамдық бірлестіктер арқылы мұқтаж отбасыларына азық- түлік, бетперделер тегін таратылды.

Ағаділ Болатұлы сұхбатыңызға рақмет. Жергілікті тұрғындар әлеуметтік қолдаулар мен көмектер бойынша бірқатар түсіндірме алды деп білеміз. Биылғы жылы күзгі жиын терін мол, аудан көлемінде малшаруашылығы өркендеп, жаңа кәсіп көздері ашылады деп сенеміз.

Нұржамал МАЙУСОВА

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...