Есептік кездесу белгіленген кестеге сай, Таукент кентінде өтті. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің халықпен кездесу жиынына, аудандық мәслихаттың депутаттары, тиісті мекеме, сала басшылары қатысты. Кент тұрғындары аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды тыңдап, алдағы жоспарлардан хабардар болды.
Тұрғындар тарапынан кент ішіндегі көше жарығы мен жол төсеу мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, электр жарығы да өзекті екеніне тоқталды. Өндіріс орындарына жергілікті тұрғындарды жұмысқа алу мәселесі айтылды.
Көтерілген мәселелердің орынды екеніне тоқталған Мұхит Сексенбайұлы, бюджет мүмкіндігіне қарай, кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті.
Жиын соңында азаматтарды жеке мәселе бойынша қабылдап, арыз шағымдарын тыңдады.
Нұрсұлтан Қанатұлы.