Тәтті тұтты тұтынушыларға-Теріскейлік төл өнім

  «Алыстан арбалағанша-жақыннан дорбала» немесе «өзге ұлдарым бір төбе, Ертөстігім бір төбе» демекші теріскейліктер үшін өздері өндірген отандық төл өнімге жетер еш нәрсе жоқ. Осындай елдің аузында армандарға айналып жүрген байыпты бастаманы басты мақсаты санаған Созақ ауылының тұрғыны Тоғжан Асқарбекқызы биыл «Бизнес Бастау» кәсіпкерлік негіздерін оқыту бойынша грант ұтып алды. Бүгінде созақтық жерлестерінің қажетін өтеу үшін «Togzhan cakes» кондитерлік өнімдер шығаратын орталық ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Сапалы өнімге тапсырыс берушілер де көп.   Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Созақ ауылында болып, шағын кәсібін дөңгелетіп отырған Тоғжан Асқарбекқызының кондитерлік өнімімен танысты. Жоғары бағасын берді.
  Біз шағын кәсіпкерлікті дамытуға ниет білдірген тұрғындарды қашанда қолдаймыз. Өзінің кәсібін дөңгелентіп отырған Тоғжан қарындасымызға алғысымды білдіремін,- дейді аудан басшысы.
  Кондитерлік өнімге ауыл тұрғындарынан, көршілес елді мекендер мен ауылдардан сұраныс көп екенін жеткізген Тоғжан Асқарбекқызы: — Әлеуметтік желіде арнайы парақшамыз бар. Кей күндері үлгере алмай кетеміз. Ең бастысы осындай жұмыс жасау өзіме ұнайды. Әрбір тұтынушы тәтті бәліштің, ыстық тоқаштар мен мерекелік торттардың дәмді екенін білдіріп алғыстарын айтқанда қуанып қаламын. Атам қазақ алтын алма, алғыс ал!-деген ғой. Мен үшін алғыстан асқан байлық жоқ,- дейді.
Жолдасы Малохиддин Абламидов 2021 жылы грант алған, сол уақыттан бері ауылда ағаш өңдеумен шұғылданады. Бүгінде оның ағаш өнімдеріне де сұраныс көп. Абламид өз шеберханасы арұылы екі ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.
 
Мақсат Қарғабай
 
Latest news

Таукент кентінде болды

Есептік кездесу белгіленген кестеге сай, Таукент кентінде өтті. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің халықпен кездесу жиынына, аудандық мәслихаттың депутаттары, тиісті мекеме, сала басшылары қатысты. Кент...

Құмкент ауылының халқымен жүздесті

Бекітілген кестеге сәйкес Жартытөбе ауылдық округіндегі халықпен кездесу жиынынан соң түс ауа аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қызылкөл елді мекеніндегітұрғындармен кездесті. Мұхтар Әуезов атындағы білім...

Жартытөбе ауылы және Аққолтық елді мекенінің тұрғындарымен кездесті

Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара...

Салық саласының қызметкерлері семинар өткізді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл...

Related news