«ЕЛ БІРЛІГІ» МОНУМЕНТІ
Жуантөбе ауылындағы Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта мектепті 1982 жылғы бітіруші түлектер жасап, 40 жылдық кездесулерінде орталықтағы «Ел бірлігі» монументін жаңартып, қайда жабдықтап берді. Монумент ерекше композиция мен терең мағынаға толы. Монументте үш жүздің басын бір шаңыраққа жиып, іргелеріне кереге, бағаналарына ұлттық ою-өрнек, төбесінде көк ту, шаңырақ астында қара қазан қойылып, ел бірлігін сақтау идеясы жатыр.
Түлектер осыдан 20 жыл бұрын өздерінің 20 жылдық кездесулерінде монументті тарту еткен болатын. Монументтің шарбағын жөндеп, алдыңғы шарбағын толық жаңадан ауыстырып, ішіне қажетті орындықтар мен арнайы беседка орналастырды. Қазіргі таңда бұл жер көпшіліктің шоғырланатын жайлы жерге айналып отыр. Ел ағаларының игі ісіне көпшілік алғысын білдіруде.
Ел ағаларының елеулі еңбектері үшін ауыл жұртшылығы шынайы алғыстарын білдіреді. Бұл игілікті істеріңіз болашақ жас ұрпаққа үлгі болады деп сенеміз.
Ауылымызда атқарылатын жұмыстардың барлық мәселелерін бюджет есебінен шешіледі деп артып қоймай, мұндай ізгі істер жыл сайын дәстүрге айналып, бірқатар мәселелер шешімін табуда.
«Созақ үні»-ақпарт.