Салық саласының қызметкерлері семинар өткізді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын» әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде яғни, ардагерлер, оқушылар, студенттер, бизнес-қоғамдастықтары, діни бірлестіктерінің өкілдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша насихаттау жұмыстарын әр түрлі нысаналы топтар деңгейінде жүргізу мақсатында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Қызметтік тергеу бөлімінің қызметкері Ж.Байғұттың, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы С.Жуматаевтың және де Созақ ауданының ардагерлері, колледж студенттері, жеке кәсіпкерлер, діни бірлестігінің өкілдері, аудан жастарының, жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.
Жиынды аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы С.Жуматаев ашып, жүргізіп отырды. Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Қызметтік тергеу бөлімінің қызметкері Ж.Байғұт бүгінгі таңдағы салық саласындағы жаңашылдықтар, өзгерістер және де тиімді қосымшалар жайында айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу баршамыздың міндетіміз екендігіне тоқталып, баяндама жасады. Баяндамадан соң, жиынға қатысушылар тарапынан бірнеше сауалдар қойылып, сауал берушілер тиісті жауаптар алды. Сондай-ақ, семинарға қатыстқан ардагерлер өз ойларын ортаға салып, пікірталас форматында сөз алмасу жүрді.
Жиын соңында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы С.Жуматаев жиынға қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа жол бермей, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жұмыс жасауға, Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды.

Нұрсұлтан Қанатұлы.

Latest news

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Жарлығын іске асыру аясында Созақ ауданының әкімі Тұрысбеков Мұхит Сексенбайұлының Қартау...

Абай -арда алаштың перзенті

Халел Досмұхамедұлы Абай жинағын баспаға дайындағанда Қазақ-Қырғыз білім комиссиясының ұйғаруымен қазақ емлесін пайдалана отырып, жаңылыс басылған сөздерді түзеп, өлеңнің мәнісіне оқушылар анық түсіну үшін...

Аудан әкімі егіс алқабын аралады

Теріскейлік шаруалар егін науқанын бастап кеткеніне оншақты күннің жүзі болды. Жон бойында ауданның 77 шаруа қожалығы 8010 гектар тәліми жерге егін егіп отыр. Олар...

Құқықтық кеңес берілді

“AMANAT”партиясының “Халыққа көмек” партиялық жобасы аясында, аудандық партия филиалының жылдық жоспарына сәйкес, бүгінгі күні Қаратау, Қарақұр ауыл округінде ауыл тұрғындарына кәсіпкерлік саланы дамытуға арналған...

Related news