Сақтансаң сақтайды

Сақтансаң сақтайды 1Әлемді жайлаған короновирус індетіне байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдайға Созақ ауданы да төтеннен келген тажалмен күндіз-түні күресуде. Аудан әкімдігі ұйымдастырған штабтың үйлестіруі негізінде Созақ ауданына Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Тараз қалаларынан кіретін, шығатын үлкен негізгі жолдарға бекеттер қойылып, дәрігерлер мен полиция қызметкерлері тарапынан күндіз-түні ауысымды кезекшілік қойылған. Ауданға кірген автокөліктер мен жеке азаматтар жіті тексерулерден өтуде. Аудан дәрігерлері мен полиция қызметкерлерінің тынымсыз еңбектеріне аудан жұртшылығы ризашылық білдіруде. Сондай-ақ бүгінгі күнге дейін ауданда төтенше жағдайға байланысты 4 азамат ауыр дертті жұқтыру дерегі бойынша тіркелді. Тосқауыл бекетінде тұрған топтар аудан орталығындағы  құрылған төтенше жағдай жөніндегі штабпен сәт сайын тығыз байланыста хабарласып отыр. Штаб барлық төтенше жағдайға қатысты шараларды үйлестіруде. Аудандық «Қазпошта» мекемесі азаматтардың несиелері мен түрлі төлемдері бойынша онлайн түрінде қашықтықтан жұмыстар жасауда. «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі ұйымдастырған  ерікті жастардың көмегімен үгіт-насихат парақшалары ауылдар мен елді мекен тұрғындарына таратылды. Аудан орталығындағы «Мыңжылқы» мәдениет үйінен күні бойы тұрақты радио торабы арқылы аудан тұрғындарына төтенщшежаңдай ережелері ескеріліп жатыр. Сондай-ақ көлік арқылы көше бойын аралап жүріп ескерту тек аудан орталығында ғана емес, бүкіл ауылдар мен елді мекендерде жүргізілуде. Бүгінгі таңда дәріханалар мен азық түлік дүкендері жоғарыдағы көрсетлен талаптар бойынша халыққа қызмет жасауда. Ауыл, аудан тұрғындары бүгінгі таңда қарап отырмай үй іргелік жерлерін аударып, тырмалап бау-бақшалық дақылдар егіп жатыр. Шаруалар ірі егістіктерін өңдеуге кірісіп кетті. Жалпы ауданда төтенше жағдай режиміне байланысты тұрақтылық пен сабырлылық орын алған.Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нышанов Нұрбек Садықбекұлы, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1 бабы 1-тармағының 13) тармақшасы, 148-бабы, 150-бабы негізінде,Түркістан облысында коронавирустық инфекциямен (COVID-19) ауырғандар санының артуына және летальды жағдайдың тіркелуіне байланысты,азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау,халық арасында коронавирустық инфекцияның кеңінен таралуының алдын алу мақсатында арнайы қаулы шығарды. Қаулыда Түркістан облысының аудан және қала әкімдерінеоблыс басшылығы тарапынан нақты тапсырмалар берді. Бұл сіз бен біздің қауіпсіздігіміз үшін берліген тапсырмалар болатын.

        Сақтансаң сақтайды 2 2020 жылдың 18сәуірі 00.00 сағаттан бастап төтенше жағдайдың соңына дейін Түркістан облысының аудан және қалаларының аумағында ерекше шарттарымен шаруашылықжәне өзге де қызметтерге карантин режимі енгізілді.Транзиттік автокөлікті, сондай-ақ Түркістан облысының өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үздіксіз жұмыс істеуін және тіршілік етуін қамтамасыз ету үшін азық-түлік тауарлары, дәрілік заттар, медициналық бұйымдар, дезинфекциялық заттар, өндірістік тауарлар мен материалдар бар автокөлікті және кіріп – шығуғарұқсаты бар азаматтар мен көлікті қоспағанда, Түркістан облысының аумағына (аумағынан) автокөлік құралдарының барлық түрлерінің және азаматтардың келуіне және шығуына тыйым салынды.Сақтансаң сақтайды 3

Тұрғындардың өмір сүруін қамтамасыз етуге, құрылыс және егін жұмыстарына қамтылғанавтотранспорттарды қоспағанда, облыс тұрғындарының қалалар, аудандар, елді мекендер арасында қатынауына тыйым салынды.Өмірлік көрсеткіштеріне қарай жедел медициналық көмек қажет етілетін, жоғары технологиялық медициналық қызмет алуға квотасы бар тұлғаларға облыс аумағына кріп-шығуға рұқсат етілді.

Көрші аймақтармен шекарадағы санитарлық блок-посттарды күшейту мақсатында ауданның Жамбыл, Қызылорда облыстары, Шымкент қаласы аумақтарымен шектесетін шекараларға блок-посттар қойылды.

Қалааралық жолаушылар тасымалдау, автостанциялардың қызметі тоқтатылды.Ауыл ішіндегі адам таситын барлық көліктің қозғалысы тоқтатылды.Мемлекеттік органдар мен ұйымдар, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан,  заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар, қызметкерлер қашықтықтан жұмыс режиміне көшірілді.

Шектеу шараларын жүргізуге тартылған қызметтердің биологиялық қауіпсіздік режимін сақтай отырып, блок-посттарда жеке қорғаныш құралдарымен, қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етіліп, жеке бас гигиенасын сақтауға жағдай жасалды.

Ауданның ауылдары мен елді мекендерінде дезинфекциялық режим күшейтілді.Емдеу мекемелеріне карантин қойып, бөлімшелерді, палаталарды, емдеу бөлмелерін, оперциялық бөлмелерді күніне 2реткварцтау және дезинфекция жүргізіліп жатыр.Аудан орталығындағы, ауылды жерлердегі тротуарлар, жолдар және оларға іргелес аялдама кешендері, жол қиылыстары, сауда алаңдарының сыртқы элементтері мен учаскелерін (азық-түлік дүкендері) – кестегесәйкес өңделіп жатыр.Тұрғын үй кварталдарының кіреберістері мен аула аумақтарын – кестеге сәйкес өңдеу қатаң жүргізілуде.Дезинфекция жүргізу кезінде денсаулыққа зиян келтірмеу үшін өңдеуден кейін 5 сағат ішінде көшеге шығуға  тыйым салынды.Аудан аумағында маска кию режимі енгізілді. Аудан  тұрғындары мен қонақтар әсіресе қоғамдық көліктерде, адамдардың көп жиналатын орындарында (бөлмелерде, кәсіпорындарда, мекемелерде, базарларда, сауда объектілерінде) масканы үнемі тағып жүруі міндетті.

Аудан  аумағында карантин әрекеті кезеңінде салтанатты жанұялық шараларға тыйым салынған (туылған күндер, үйлену тойлары, құдалық және басқа 3 адамнан артық жиналуы мүмкін шаралар)Азық-түлікті, бірінші кезекте қажетті заттарды, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды, медициналық көмекке жүгінуді, сондай-ақ күтпеген ТЖ және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да жағдайларды қоспағанда, аса қажет болмағанда тұрғын үйден шығуы шектелді.

Отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан аспайтын топтармен жүруі шектелген. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың,ата-аналарының қадағалауынсыз жүруіне тыйым салынды. Әрі 65 жастан асқан азаматтарға өзін-өзі оқшаулау режимі сақталды. Мүгедектер мен 65 жастан асқан азаматтарға азық-түлік пен дәрі-дәрмекті жеткізіп беру үшін еріктілер ұйымдастырылды.Кәсіпорын қызметін көрсете отырып, жұмыс орнынан анықтамасы болған жағдайда (немесе қызметтік куәлік) тұрғылықты мекен жайынан жұмыс орынына бару және қайту қарастырылған.

 Карантин кезінде қызметпен айналысатын ұйымдарды және құрылыс, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту жол картасы, тшілікті қамтамасыз ету нысандарын  қоспағанда, барлық ұйымдардың (меншік нысанына қарамай) қызметі, саябақтар, скверлер, жағалаулар, балалар ойын hалаңшалары және басқа азаматтардың демалыс орындары қызметтерін тоқтатқан.

Сауда объектілері мен қоғамдық тамақтану, санитариялық және дезинфекциялық режимді күшейте отырып, азық-түлік дүкендерінің жұмысы сағат 09.00-ден сағат 20.00-ге дейін шектелді.ір

Персоналдың жұмыс кезінде арнайы киімді, бір рет қолданылатын қолғаптар мен маскаларды пайдалануда.

Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан кейін) есік тұтқаларын, тұтқаларды, стеллаждарды дезинфекциялайтын салфеткалармен (немесе дезинфекциялайтын құралдардың ерітінділерімен) сүрту арқылы дезинфекциялайтын құралдарды қолдана отырып үй-жайларды желдету және ылғалды тазалау тұрақты жүргізіліп жатыр.

Десе де, аудан жұртшылығына айтарымыз мемлекет тарапынан ескертіліп жатқан төтенше жағдайдың тиісті талаптарды сақтап, үйлерінен шықпауларын сұраймыз. Сонымен қатар, осыншама тірліктер атқарылып жатқанда әлеуметтік желілер арқылы төтенше жағдайларды жоққа шығаруға тырысқан әр түрлі жалған ақпарат таратып жатқан азаматтар бар. Соның кесірінен маскасыз, көшеде бейсауат жүрген жүргіншілер легі толастамай тұр. Бұл бүгінгі қоғамға жат азаматтардың кесірінен  қарапайым халықты арандату мақсатында таратып жатқан жалған ақпарат. Кеше ғана Қазақстан Республикасының Президенті төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасап төтенше жағдай мерзімін 11 мамырға дейін ұзартылғаны жөнінде айта келе «Ел тұрғындарын бұл шараларға түсіністікпен қарауға шақырамын.

Халқымызда «Төзім тілекке жеткізеді» деген мақал бар. Сондықтан сабыр сақтайық.

Күннің жылынуы мен карантиннен шаршағандық жауапсыздыққа себеп болмауға тиіс. Карантин режимі бұзылса, коронавирусқа шалдыққандардың саны күрт көбейіп кетуі мүмкін» Індетпен күрестің алдыңғы шебіндегі азаматтарды тағы да ерекше атап өткім келеді.

Халықтың қауіпсіздігі үшін жанкештілік танытып жүрген дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне, құқық қорғау органдарының өкілдеріне және әскери қызметшілерге алғыс айтамын.

Қауіп-қатерге қарамай мұқтаж жандарға көмек қолын созған волонтерлерге де ризашылық білдіремін.

Сондай-ақ, халыққа жедел және шынайы ақпарат таратып жүрген журналистер қауымына алғыс айтамын.

Дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға атсалысқан мемлекеттік аппараттың қызметкерлері де құрметке лайық.

Қазақстан халықаралық қоғамдастықтан еш нәрсені жасырмай, барлық мәліметті ашық жариялап отыр.

Сондықтан кейбір азаматтарды бос сөз бен жалған мәліметке жол бермеуге шақырамын»  деген сөзі бүткіл еліміздегі әрбір азаматтың жауапкершілігіне төзім мен сабыр артары анық.

Сол себепті аудан азаматтарына айтарымыз жалған ақпараттарға сенбей нақты ресми ақпарат көздеріне сенулеріңізді сұраймыз. Сондай-ақ карантин уақыты біткенге дейін үйлеріңізден шықпауларыңызды сұраймыз.

Мақсат Қарғабай

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...