Көпбалалы отбасы үйлі болды

  Түркістан облысы, Созақ ауданындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп – жарты ғасырдан астам тарихы бар көне білім ордасы. Биыл аталған мектептің 2002 жылғы, яғни 20 жыл бұрынғы түлектері игі істі қолға алды. Олар мұқтаж отбасыға үй сыйлады.   Оқу ордасын бітірген соң әр тарапта жүрген түлектер бірлесіп, көпбалалы отбасыға үйдің кілтін табыс етті. Үйдің ішін қажетті жиһазбен қамтып, мұқтаж жанның алғысын арқалады. Игі шараға қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков түлектерге алғысын жеткізді.
  Үлкен сауапты іс атқарған мектеп түлектеріне рахметімді жеткізгім келеді. Ауданымызда жақсы дәстүр жалғасып келеді. Бірнеше жылдан бері түлектердің мұқтаж отбасыға үй сыйлау үрдісі қалыптасты. Алдағы жылы да жалғасады деп сенемін,– деді аудан басшысы.
  Созақ ауданының Құрметті азаматы, ауыл ақсақалы Төлеген Кәрібеков жылы лебізін жеткізді. Игі істің ұйытқысы болған Досымбек Әуелбеков сөз сөйлеп, сыныптас түлектермен ақылдаса келе баспанаға зәру отбасыға тапсырғанын атап өтті.
  Гүлжанат Қыдырбаеваға берілген 4 бөлмелі үйдің жылу жүйесі, бау-бақша өсіруге арналған 20 сотық жері бар. Жолдасы екеуі 5 баланы өсіріп, отыр. Көпбалалы отбасы қайырымды түлектерге алғыстарын білдірді.
 
«Созақ үні»-ақпарт.
 
Latest news

Таукент кентінде болды

Есептік кездесу белгіленген кестеге сай, Таукент кентінде өтті. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің халықпен кездесу жиынына, аудандық мәслихаттың депутаттары, тиісті мекеме, сала басшылары қатысты. Кент...

Құмкент ауылының халқымен жүздесті

Бекітілген кестеге сәйкес Жартытөбе ауылдық округіндегі халықпен кездесу жиынынан соң түс ауа аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қызылкөл елді мекеніндегітұрғындармен кездесті. Мұхтар Әуезов атындағы білім...

Жартытөбе ауылы және Аққолтық елді мекенінің тұрғындарымен кездесті

Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара...

Салық саласының қызметкерлері семинар өткізді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл...

Related news