Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жуантөбе ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында, тұрғындар тарапынан ауыз су мәселесі көп көтерілген болатын. Қазіргі таңда аталған мәселе бойынша жүйелі жұмыстар атқарылды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ демеушілігімен тұрғындарды ауыз сумен 24 сағат толық қамтамасыз ету үшін 1 (бір) дана қосымша ұңғыма құдық қазылып, қолданысқа қосу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, халық сұранысына орай IV деңгейлі бюджеттен Қазыбек би көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Айта кетейік, аудан басшысы халықпен өткізген есептік жиын барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басшыларымен бірлесіп, алдағы уақыттарда халық игілігіне қызмет көрсететін басқада жобаларды жүзеге асыратынын жеткізген болатын.
«Созақ үні»-ақпарт.