Балалардың күлкісі-көркі, сәні әлемнің

1 Маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты аудан орталығындағы «Мыңжылқы» мәдениет сарайында аудан мектептерінің оқушылары мен бала бақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Бақытты балалық шақтан-болашаққа» атты мерекелік шара өтті.
  Алдымен «Мыңжылқы» мәдениет сарайының алдында аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Бар әлем бізбен бірге! » атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Онда балаларға арналған мерекелік бағдарламаны аудан әкімі салтанатты түрде құттықтау сөзбен ашып, барша балаларды айтулы мерекемен құқттықтады. Шарада түрлі сауықтыру-мәдени ойындар мен сергектік шаралары өткізілді. Мәдениет сарайының екінші қабатында аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Балалық шақтан болашаққа» бағдарламасы шеңберінде шараға келген аудан басшысы, қонақтар мен көрермендер оқушылардың шығармашылығына ұштасқан арнайы көрмелер мен шығармашылық жұқмыстарымен танысты.
  Алдымен «Суреттер сөйлейді» атты жас суретшілер алаңында Н.Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицейі оқушыларының сурет көрмесі және Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі оқушылары «Құм терапиясы» технологиясымен таныстырса, Қол өнерім-төл өнерім» атты байқауда жас шеберлер алаңында Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің «Гүл әлемі» дизайны, А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі ұйымдастырған қол өнер жасау әдістері көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. «Ғылымға сапар білімнен» атты жас ғалымдар көрмесінде Т.Әлімқұлов мектеп интернаты мен Төреқұлов мектебінің қызықты химиялық тәжірибелері көремендерді өздеріне тарта түсті. Одан арысы «Жаңаша ойлау-жаңа технология», «Өнерге қанат қағамыз» атты сазды әуен шарасына ұласты. Осы аталмыш концерттік шараның ашылуында сахна төріне көтерілген аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы Тұрысбеков аудан өрендерін халықаралық деңгейде тойланып жатқан әлемдік мерекемен құттықтап шынайы ақ тілегін жеткізді.
  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2022 жылды елімізде «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес республиканың түкпір-түкпірінде түрлі шаралар атқарылуда. Бүгін біздің ауданда да «Бақытты балалық шақтан болашаққа» тақырыбында мерекелік шара өтуде. 2021-2022 оқу жылында аудандағы 35 мектепте 15544 оқушы білім алып, 2 қосымша білім беру ұйымдарында (А.Жұбанов атындағы саз мектебі, Жас туристер станциясы) 344 бала қосымша білім алуда. Аудандағы 40 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында (17 мемлекеттік, 20 жекеменшік, 3 мектеп жанындағы шағын орталық) 4292 бүлдіршін тәрбиеленуде.
  Оқу жылы ішінде апта сайын мектеп оқушыларын облыстағы тарихи мәдени орындарға, танымдық саяхатқа аудандағы (Баба Түкті шашты Әзіз, Ысқақ баб, Қарабура кесенелеріне) 529 оқушы, Түркістан қаласына Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне 1118 оқушы сяхатқа барып қайтты. Бұл игі шаралар жалғасын таба бермек.
Бүгін барлық мектептерде мектеп жанындағы сауықтыру лагері жұмысын бастады. Оларға 2650 бала қамтылады деп жоспарлануда. Ал балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында қала сыртындағы лагерлерге аудан мектептерінен 900 бала тегін жодама арқылы демалдыру күтілуде. Мен осы елдің азаматымын, осы жерде туылдым, осы жерде білім алдым, өстім, ендігі кезекте перзенттік парызым ретінде артымызда елім-жұртым айта жүрерліктей із қалдыру менің басты арманым. Осы елге сіз бен біздің жанымыз ашып, перзенттік парызымызды сезіне білмесек, онда біздің азаматтық тұлғалығымыз қайда? Сондықтанда алдағы күндерде сіз бен біз болып қолға алатын көптеген батыл бастамалар бар. Сол істердің оябынан шығайық. Бүгінгі өміріміздің мәні, әрбір шаңырақтың сәні-балаларымыз аман болсын!
  Баршаңызды осы балалар мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып,болашақтарыңыздың жарқын болуына тілектеспін! -деді Мұхит Сексенбайұлы өз құттықтауында, аудан басшысынан кейін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов, адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Нұрәлі Айдаров өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Аталмыш шара оқушылар мен тәлімгерлердің өздері ұйымдастырған мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты.
 
Мақсат Қарғабай

Latest news

Таукент кентінде болды

Есептік кездесу белгіленген кестеге сай, Таукент кентінде өтті. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің халықпен кездесу жиынына, аудандық мәслихаттың депутаттары, тиісті мекеме, сала басшылары қатысты. Кент...

Құмкент ауылының халқымен жүздесті

Бекітілген кестеге сәйкес Жартытөбе ауылдық округіндегі халықпен кездесу жиынынан соң түс ауа аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қызылкөл елді мекеніндегітұрғындармен кездесті. Мұхтар Әуезов атындағы білім...

Жартытөбе ауылы және Аққолтық елді мекенінің тұрғындарымен кездесті

Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара...

Салық саласының қызметкерлері семинар өткізді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл...

Related news