Ардагерлер ұйымының құрылғанына- 35 жыл

Қариялар-ырыс пен ынтымақтың қайнар көздері
 
Құрметті ардагерлер!
 Сіздерді ардагерлер ұйымының құрылғанына 35 жыл толған мерейтоймен шын жүректен құттықтаймыз!
 Осынау жылдар аралығында ардагерлер ұйымына топтасқан қазыналы қариялар, елдің бірлігі, халықтың ынтымағы, жастар тәрбиесі жолында үлкен еңбек сіңірді. Мемлекет басшысының жаңа бастамаларына қолдау білдіріп, қоғамның бірлігін түсіндіру, насихаттау жұмыстарына белсене атсалысып жүр. Ардагерлер ұйымы еліміздің дамуына елеулі үлес қосып келе жатыр. Бүгінде оның құрамында әр салада қызмет еткен 2 миллион 200 мыңға жуық зейнеткер бар.
 Үлкенге қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аға буынның теңдесіз ерлігін құрметтеуге шақырған болатын.
 Аға ұрпақтың елдің дамуына сіңірген еңбегі ерен. Жастай сұрапыл соғысқа аттанып, отанды қорғады. Еңбек майданында арпалысып, берекелі өмір үшін бар күш- қайраттарын салды. Бүгінгі тәуелсіз елдің, бейбіт Қазақстанның көркейуі сіздердің арқаларыңыз, сіздердің еңбектеріңіз.
 Бүгінде ауданда 5948 ардагерлер бар. Олар қоғам өміріне белсене араласып, халықтың береке- бірлігі жолында тер төгіп жүр. Аудандық ардагерлер үйінде ағалар келелі кеңес құрып, елдік мәселені талқылайды. Жыл сайын біз ардагерлерге арналған әлеуметтік қызмет түрлеріне ерекше көңіл бөліп келеміз.
Қымбатты ардагерлер!
 Сіздерді арқа сүйер ақылшы санаймыз. Егде тартқан жастарыңыз еңселеріңізді түсірмей, елдік мәселенің жақтаушысы бола беріңіздер!
Бәріңізге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасы амандығын тілейміз!
 
Аудан әкімі                             Мұхит Тұрысбеков
 
Аудандық
мәслихаттың хатшысы            Бегімбет Байғараев

Latest news

Таукент кентінде болды

Есептік кездесу белгіленген кестеге сай, Таукент кентінде өтті. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің халықпен кездесу жиынына, аудандық мәслихаттың депутаттары, тиісті мекеме, сала басшылары қатысты. Кент...

Құмкент ауылының халқымен жүздесті

Бекітілген кестеге сәйкес Жартытөбе ауылдық округіндегі халықпен кездесу жиынынан соң түс ауа аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қызылкөл елді мекеніндегітұрғындармен кездесті. Мұхтар Әуезов атындағы білім...

Жартытөбе ауылы және Аққолтық елді мекенінің тұрғындарымен кездесті

Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара...

Салық саласының қызметкерлері семинар өткізді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл...

Related news