ҚАРАТАУ, ҚАРАҚҰР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қаратау, Қарақұр ауыл округінде халықпен кезекті кездесуін өткізді. Аталған жиында Қаратау ауылының тұрғындары сауалдарын қойып, көкейлерінде жүрген мәселелерін жеткізді. Аудан әкімі Қаратау ауылы тұрғындары тарапынан көтерілген әрбір мәселеге мән беріп, халық игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
–Сіздердің алдарыңызға келіп жиналуымыздың басты себебі – сіздердің мұң- мұқтаждарыңызды талқылап, шешу жолын қарастыру. Бұл аймаққа жиі келіп, атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалап тұрамын. Мұндағы мәселелер маған етене таныс. Өткен жолғы кздесуде тұрғындар тарапынан көтерілген жарықтандыру мәселесі жөнінде тиісті жұмыстар атқарылды. Алдағы жылы спорт кешенін салу жоспарлануда. Аурухана ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда тұрғындар сұранысына орай қосымша тәулік бойына 5 орын, күндізгіге 4 төсек орын дайындалып, емделушілер ем қабылдауда. Сонымен қатар, Ақсүмбе елді мекеніне байланыс және интернет желісінің жылдамдығын көтеру мақсатында қосымша базалық станция орнатуға мұнара тұрғызылуда. Сіздердің осында көтерген ұсыныстарыңыз аяқсыз қалмайды, кезең-кезеңімен атқарылатын болады, — деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.
Сондай-ақ жиында тұрғындар тарапынан ауыз су мәселесі айтылып, жауапты мамандарға арнайы тапсырмалар жүктелді. Жиыннан соң аудан басшысы «Саржаз» негізгі орта мектебін аралап, ондағы атқарылу керек бірнеше мәселені назарға алды.
Кездесу Қарақұр ауыл округінде жалғасты. Бұл округте биылғы жылда біршама жұмыстар атқарылған. Қарақұр, Шаға, Раң ата ауылдарының орталық көшелері жарықтандырылып, тұрғындардың талап-тілектері орындалды.
-Атқарылып жатқан жұмыстар тек халық игілігі үшін. Сондай-ақ жеке қабылдауға келген ауыл азаматтарына да заң шеңберінде көмектер көресітіліп жатыр. Біз үшін әрбір тұрғынның пікірі маңызды деді,- аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков.
Есептік жиынның соңында аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Ондағы айтылған мәселелер назарға алынып, орындалу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктелді.

«Созақ үні» — ақпарат.

Latest news

ҰЛТТЫҚ ЖОБА БОЙЫНША 236 МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

2022 жылы кәсіпкерлікті дамытудың «2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы» шеңберінде мүгедектігі бар 90 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, 236 азаматтар жұмыспен қамтылды. Атап айтсақ, тұрақты...

Аудан басшысы Шу бойындағы халықпен кездесулер өткізді

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ҚР Президентінің 2022 жылғы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Шу, Тасты ауылдық округтерінде болып, халықпен кездесті....

Бөлім бастығы есеп берді

Өткен аптаның сәрсенбісі күні аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында Түркістан облысы ПД Созақ аудандық полиция бөлімі бастығы, полиция подполковнигі Ж.Нысанбаев аудан тұрғындарына 2022 жылдың...

МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІНЕ АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ ТӨСБЕЛГІСІ ТАБЫСТАЛДЫ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен Түзелбек Абжановты қабылдап, «Созақ ауданының Құрметті азаматы» төс белгісін табыс етті. –Саналы ғұмырыңызда...

Related news