Жолдау жүктеген маңызды міндет — Білім сапасын жақсарту

  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі” атты биылғы халыққа Жолдауы еліміздің дамуының жаңа міндеттерін айқындап берді. Жолдау жүктеген маңызды міндеттердің ішінде ғылым-білім саласын дамытудың маңызы бөлек. Мемлекет басшысы әлеуметтік салада білім беру сапасын жақсартуға баса мән беру керектігін ерекше атады.

 Биыл коронавирус індетінің салдарынан отандық ғылым-білім саласы сындарлы кезеңді бастан кешіруде. Тұңғыш рет білім жүйесінде жаппай қашықтан оқыту форматы енгізіліп, бұл педагогтармен қатар оқушыларға үлкен жауапкершілік артты. Рас, Президент атап өткендей, қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда қателіктер жіберілді. Соған қарамастан, ұстаздардың жаңалықты жатсынбай қабылдауы арқасында өткен оқу жылы сәтті аяқталды.

 Мемлекет басшысы біздегі мамандар даярлаудың отандық жүйесі нақты еңбек нарығынан тыс қалғанын ескертіп жүр. Бұл мәселе жыл сайын кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай қалатын түлектердің көбеюіне, ЖОО бітірген дипломы бар мамандардың әрбір төртіншісінің жұмыссыз жүруіне себеп болуда. Өткен жылдан бастап Президент тапсырмасымен елімізде білім берудің орнына диплом сатумен айналысып отырған университеттермен күрес жүргізілуде. Отандық білім-ғылым саласының дамуы үшін бұл қадам керек, әрі маңызды. Өйткені білімсіз берілген жалған құжат кім-кімді де жарға жығады. Бірінші кезекте соларға тыйым салу арқылы оқу орындарындағы білім беру сапасын арттыруға күш салынатыны ақиқат.

 Былтырғы жыл білім саласы қызметкерлері үшін нәтижелі жыл болды. Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет «Педагог мәртебесі туралы» заңы қабылданды. Қолданыла бастағанына аз уақыт болса да педагогтар заңның игілігін көріп отыр. Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Былтыр Президент алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырған болатын. Осыған сәйкес, келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі. Бұған қоса 1 қыркүйектен бастап тәлімгерлерге 1 БЛЖ көлемінде қосымша ақы төлене бастады. Ұстаздарға дәптер тексергені үшін және сынып жетекшілігі үшін төленетін қосымша төлемақылары да 2 есеге өсті. Үкіметтің ұстаз жалақысын осылайша арттырып, қолдау көрсетіп отырғаны қуантарлық жағдай.

  Мемлекет басшысының “педагогтардың жағдайы жақсартылмаса салада оң өзгерістер бола қоймайды” деген пікіріне толық қосыламын. Заман қарыштап дамып, озық технологиялар қолданысқа енгізіле бастаса да оқушының сапалы білім алуы үшін мұғалімдердің маңызы ерекше. «Мектептің жаны-мұғалім» деп тегін айтылмаса керек. Бұл тұрғыда, оқушыларымыздың озат болуына, жаһандану заманына сай ұрпақ тәрбиелеуге жауапты білім саласы қызметкерлерін қолдауға қатысты шаралардың үздіксіз жүргізіле беруі тиістігін құптаймын.

Үміткүл Шортанбаева, Б.Батырбекова атындағы жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news