«Жолданбаған хат» оқырманға жол тартты

Өткен аптаның соңғы күндерінің бірінде «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жаңа ғимаратында Жас талант иесі ауданымыздың белсенді жасы, ақын, жазушы Дәмен Дәулет Мықтыбайұлының «Жолданбаған хат» атты кітабының тұсау кесер кеші өтті.

Дәмен Дәулет Мықтыбайұлы 1996 жылы қараша айының 6 жұлдызында Шолаққорған ауылында үлгілі отбасында дүниеге келген. 2003-2012 жылдар аралығында Төлеби ауданы Көксәйек ауылындағы арнайы балалар мектеп интернатында білім алады.

2012-2015 жылдар аралығында Кентау қаласында, арнаулы кәсіптік колледжде «Ақпараттық технология» мамандығын бітірген.

Бала Дәулеттің Мықтыбай әке мен Гүлзада анасының білімге негізделген құндылықтар мен өнер қуатын дарытуға берген тәрбиесінің арқасында кітапқа деген қызығушылығы өте жоғары болды. Ол он үш жасынан бастап Мұқағали Мақатаевтың, Қадыр Мырзалиевтің өлеңдерін жатқа оқып, жырға, өлең жазуға деген қызығушылығы артқан.

2010-2018 жылдар аралығында аудандық, облыстық шығармашылық байқауларға қатысып, нәтижесінде бірнеше мәрте жеңімпаз атанған.

Атап айтар болсақ:

2010 жылы «Жауқазын», 2011 жылы «Өнер құдіреті мәңгілік», 2012 жылы «Үкілі үміт», 2013 жылы «Шәмші әндері», 2014 жылы ақындар және эстрадалық әндер байқауы, 2015 жылы «Арай» фестивалі, 2016 жылы «Жанарым -менің жүрегім», 2017 жылы «Шалқар шабыт» және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің атынан «Оңтүстіктің өнерлі өрендері», 2018 жылы Әбілда Тәжібаев оқуларының облыстық жеңімпаздары болған. Жас таланттың 2021 жылдың аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен, аудан әкімінің қолдауымен «Жолданбаған хат» атты кітабы жарық көрген болатын.

Жастар орталығында өткен шарада жас талант  иесіне өзінің жүрек жарды лебіздерін білдірген аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Сағындық Ернар Құралбекұлына және әкесі Манабаев Мықтыбай Дәменұлы кітаптың алғы сөзін жазып, баспадан сапалы шығуына мұрындық болған, шығармашылық өнердегі ұстазы ақын, журналист Мақсат Қарғабай сахна төрінен орын алды.

Кітаптың тұсауын аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі, еңбек ардагері Аманбек Мұсабек кесті.

Кітап- білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы! Кітап рухани-қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы.

Жас ақынға рухани азық беріп жүрген ауданық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Айгерім Нұралықызы мен аудандық орталық кітапхананың мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кітапханашысы Балтабекова Айман Ерубайқызы сөз алды.Сондай-ақ мерекелік шағын бас қосуда Ниязбеков Бекен, Манабаев Қожан, Нарынбай, Нұржан есімді туыстары ақ жарма тілектерін білдірді. Шараны қорытқан жастар орталығының директоры Жеңіс Төлепбергенов шараға келіп қатысқан жанашыр жандарға, Дәулеттің жанкүйер оқырмандарына орталық қызметкерлері атынан алғыс айтып ыстық ықыласын білдірді.

Кезек-кезек ақ тілектері мен ақ баталарын жаудырып, ақынын ардақтаған жұрт бір-бірімен қимай қоштасты.

«Созақ үні»-ақпарат»

Latest news

Халық сұранысы қанағаттандырылуда

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жуантөбе ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында, тұрғындар тарапынан ауыз су мәселесі көп көтерілген болатын. Қазіргі таңда аталған мәселе бойынша жүйелі...

Халықаралық турнир жалауын көтерді

Шымкент қаласындағы жеңіл атлетика спорт кешенінде Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбеков Жарылқасын Керімбекұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы...

СОЗАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ КӨКТӨБЕ ЕЛДІМЕКЕНІ 100 ПАЙЫЗ ЗАМАНАУИ ЖОЛМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселенің бірі болған Созақ ауылы, Көктөбе елді мекенінде 6 көшені асфальттау жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда елдімекен 100 пайыз заманауи жолмен...

ҚАРАТАУ, ҚАРАҚҰР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қаратау, Қарақұр ауыл округінде халықпен кезекті кездесуін өткізді. Аталған жиында Қаратау ауылының тұрғындары сауалдарын қойып, көкейлерінде жүрген мәселелерін жеткізді. Аудан...

Related news