Жұмыс тәулік бойы жүруде

Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ондағы төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарының барысымен танысты. Облыс басшысының тапсырмасына сай күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкен барлық құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Облыс әкімі су басқан Өргебас және Фирдоуси ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, салынып жатқан әлеуметтік нысандарды көрді. Өргебас ауылындағы Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы орта мектебі ғимаратының құрылысын тексерді.

Облыстық бюджет есебінен былтыр құрылысы басталған 200 орынды жаңа мектеп биыл пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, мұнда фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) құрылысы басталды.

«Қысқа мерзімде ауқымды жұмыстар атқарылды. Халықты тіршілікпен қамтамасыз ететін нысандар мен инфрақұрылымдар қалпына келтірілуде. Халықты ертерек баспаналарына жайғастыру үшін құрылыс жұмыстары күшейтілді. Жауапты аудан әкімдері, басшылар осында. Құрылысты уақытында аяқтау үшін күн-түн демей еңбек етіп жатыр» деді Өмірзақ Естайұлы.

Жалпы көлемі 1256 гектарды құрайтын Өргебас елді мекенінде 209 үй орналасқан. Онда су басқан үйлер бұзылып, аумағы тазартылып, жаңадан салынатын үйлердің іргетасы құйылған. 70 үйдің қабырғасы қаланып, шатырлары жабылуда. Құрылыс жұмыстарына 613 адам тартылған.

2377 адам мекен еткен Фирдоуси ауылын қалпына келтіру жұмыстары да тынымсыз жүріп жатыр. Жалпы ауданы 1358 гектар болатын ауылда 327 үй орналасқан. Бүгінгі таңға ондағы жарамсыз үйлер бұзылып, үй аумақтары тазартылған. Басым бөлігінің іргетасы құйылды. 96 үйдің қабырғасы қаланып, бүгінде шатырлары жабылуда. Жалпы құрылыс жұмыстарына 1002 адам тартылған.

Сонымен бірге, «Фирдоуси» атындағы мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Ауылдағы ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. 33 шақырым құбыр жүргізіліп, ұңғымалар бұрғыланған. Абоненттік жәшіктер орнатылып, жаңа су мұнарасын орнату жұмыстары басталған.

***

Мырзакент кентіндегі мөлтекауданда болған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылыс сапасына жіті көңіл аударды. Жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді. Құрылыс алаңында 31 мердігер мекеме тұрғын үй құрылысын жүргізуде. Жалпы 386 тұрғын үйдің құрылысына 1427 адам жұмылдырылған. Құрылыс жұмыстары ҚР Үкіметінің резерві және қайырымдылық қорлардың есебінен жүргізілуде.

Мөлтекаудан ауыз су, жарық пен газбен қамтамасыз етіліп, байланыс желісімен жабдықталады. Жол төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа шағынауданда абаттандыру жұмыстары аясында саябақ пен 2 спорт алаңшасының құрылысы жүріп жатыр. Жеңіс, Достық, Жаңатұрмыс елді мекендері үшін жаңадан құрылысы жоспарланған 70 гектар жер телімін құрайтын мөлтекауданда 1200 орынды мектеп пен 280 орынды балабақша салынуда. Дәрігерлік амбулатория нысанының құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Облыс әкімінің нақты тапсырмасын басшылыққа ала отырып, тиісті мекемелер жұмыс қарқынын күшейткен. Құрылыс белгіленген мерзімде аяқталуы қажет.

«Оңтүстік Қазақстан» газетінен

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news