Жұмыла жұмыс жасаудамыз

Қыстық мал азығын дайындау—жауапты науқан. Жаз айының алғашқы он күндігіде басталып кетті. Уақыт босқа өткізуді көтермейді.

Әрбір күнді тиімді пайдаланған дұрыс.

Біздің тау бөктеріндегі ауылдарда қазіргі кезде мал азығын дайындауға елді мекен тұрғындары жұмыла кірісті. Тауда сасыр шөбі қалың өскен. Оны дер кезінде жинап алмаса құнарлығы жоғалады. Сасыр-малға өте жұғымды шөп.

Қолда бар техникаларды пайдаланып сасыр оруды бастап жібердік. Негізінен сасырды қолмен орамыз. Ал елді мекенге жеткізу үшін техникаларды пайдаланамыз. Бұл жағынан ауылдастар бір-біріне техникадан көмек беріп келеді.

Шөп дайындайтын алқаптарға арнайы қос тігіп қойғанбыз. Шөп дайындаушылар онда бір мезгіл демалып, ас-ауқаттарын ішеді. Асты да шөпшілерді өзі дайындайды. Бұлай етуімізге уақытты тиімді пайдалануға әсері мол. Ауылға барып, қайтып жүргенде уақытты жоғалтып аламыз. Сондықтан басында жатып еңбек етуге тура келеді.

Қыста қысылмау үшін мал азығын мол етіп дайындап алу біздің басты мақсат болып тұр.

Ескермес ЖАҚСЫМБЕТОВ,

Қарағұр ауылы.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news