Тазалық-денсаулық кепілі

Бұл жалған дүниеде адамзат баласы үшін бірнеше ыстық орындар бар. Олар: ананың құрсағы мен құшағы, отбасы мен отаны, туған жері мен ауылы. Шын ұлтжанды адам үшін иісі мұсылман баласы үшін ең қастерлі орындар Мекке мен Мединеден кем түспейтін қасиетті мекені ол туған ауылы болып табылады. Міне, сол ауылға деген көзқарасымыз сөз жүзінде керемет болғанмен, іс жүзінде олай болмай тұр. Әрине, бұл жайында аудандық «Созақ үні» газетінде, әлеуметтік желілерде бірнеше рет жазғанмын. Бірақ, нәтиже шамалы. Дегенмен, бұл болды артық жаза берудің қажеті жоқ, осылай кеткені кеткен деуге толық негіз болмайды. Олай дейтінім, «Москва бір күнде тұрмады» деп заманында әке- шешелеріміз айтпақшы, бұл ауылға деген бейтарап көзқарас бір бүгіннің мәселесі емес. Керісінше, кешенің, бүгіннің және болашақтың әңігімесі. Мұны тоқтатпай айта беру және жаза беру керек. Мысалға, жауынның тамшысы өзінің әлсіздігіне қарамай, жартасты тесетіні сияқты, сөздің де тас жармаса да бас жаратынын аталарымыз айтып кеткен. Міне сол себепті де редакция сайлаушыларымен кездесуге келген, Шолаққорған ауыл әкімдігінен үміткер, қазіргі әкіміміз Елібаев ӘділКамалұлымен екеуара әңгімеміз осы тазалық мәселесі болды. Себебі, содан бірнеше күн ғана бұрын Балдысу, Қарабұлақелдімекендеріне жолым түсіп барып, жол- жөнекей шашылған қоқысты көріп қынжылып қайтқаным бар еді. Егер, оқырмандарымыздың есінде былтыр кезде ғана ауыл әкімдігінің қызметкерлері, комхоз жұмысшылары және ауыл жанашырлары болып ауылымыздың төрт тарапына, ішіне тазалау жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Сол тазаланған аймақтардың ішінде осы осы елдімекендерге баратын күре жолдың екі тарапы да бар болатын. Сол жәйтты ауыл әкімдігінен үміткер азаматтың есіне салып тұрып: «Әдеке, сіздің сайлауалды компанияңызды әлеуметтік желілерден жіті қадағалап отырмын. Қайбір күні Балдысу және Қарабұлақ елдімекендеріне барып, тұрғындарымен, яғни, сайлаушыларыңызбен жолығыпсыз. Сол жерде осы Балдысудан шығып, Шолаққорғанға жеткенге дейінгі үлкен асфальт жолдың екі жағында шашылып жатқан қоқыс жайын сөз еттіңіз бе? Ол кісілердің жаубы қандай болды?» — деп сұраған едім. Әділ Камалұлы да маған: «Дәке, сауалыңыз орынды. Сіз айтқандай, қос елдімекеннің тұрғындарымен болған кездесуімде, бұл мәселені көтердім. Шолаққорғанның ауданымыздың айнасы, бетке ұстар, сыртқа көрсетер жауһары екендігін ескерттім. Дегенмен, ол кісілер бұл екі аралықта шашылып жатқан күл- қоқысқа өздерінің қатысы жоқтығын және тазалық жұмыстарын өз қаржыларына үнемі жүргізіп отырғандықтарын айтып, ақталды. Енді, «мұсылман айтса, сен»- деп көпшіліктің уәжіне келіспегеннен басқа шарам қалмады»,- деп жауап берді. Мұнан соң, әкімдіктен үміткер Елібаев Әділ және сенімді өкілі … Қыдырбай қария үшеуіміз Шолаққорған ауылының ең көп шашылатын, тұрғындарымыз үйінен шыққан өлексесі мен күл- қоқысын именбей тастауды әдетке айналдырған теміржолдың топбазға кететін тұсы мен Шымкент, Түркістан бағытынан аулымызға кіріп, Созақ бағытына шығып кететін айналма жолдың жиегін аралап қайттық. Әдекеңнің айтуынша, бұл аймақтарға жақында ғана тазалық жұмыстары жүрген екен. Бірақ, біз барып көзімізбен көрген жәйт керісінше жағдайдан хабар беріп еді. Тура бір тазаланбағанына бірнеше жыл болғандай әсер қалдыратын еді. Әсіресе, Жуғы, Қызыләскерелдімекендеріне баратын тас жолдың жағасы ерекше шашылып жатты. Сондай- ақ, әлгі айналма жолдың бойындағы Жалғызталдың түбі босаған бос бөтелкелер мен баклашкалардан аяқ алып жүре алмайтындай лас еді. Әрине, бұл жағдайды бірден Шолаққорған ауыл әкімдігіне хабарладық және ондағы азаматтар тиісті шараларын көріп, аталған аймақтарды қоқыстан тазартуға ықпал етті.

Осы орайда, ауыл әкімдігінен үміткер азамат (жаңа сайланған әкім) Әділ Камалұлынан: «Егер сайлаудан өтіп, әкім бола қалсаңыз аталмыш мәселені қалай шешпек жоспарыңызда бар?»- деп сұрадым. Кешегі үміткер, бүгінгі су жаңа әкім сол уақытта: «Халық қолдау білдіріп, сайланып жатсам, ауыл әкімдігінің жанынан құрылған қауымдастық мүшелерімен ақылдасып, қосымша қаржы қарап, ауылымыздың орталық көшелеріндегі сауда орындарының маңына қоқыс салатын арнайы контейнерлер қою ойымда бар. Сондай- ақ, аудандық газетті, әлеуметтік желілерді пайдаланып, ауыл тұрғындарын тазалық сақтауға шақыруды, жұмылдыруды жалғастыра береміз. Әрине, бұл тұрғыда ауылдың жанашыр азаматтарының, қоғам белсенділерінің де жәрдеміне жүгінеміз. Өйткен, ауылымыз бәрімізге ортақ екен, оның тазалығы, экологиялық қауіпсіздігі де баршамыз ортақ, міндет»,- деп жауап берген еді. Енді сол жоспардың жүзеге асуын, сайлаушыларға берген уәденің орындалуын қадағалау сіз бен біздің басты міндетіміз!

Сөз соңында. Құрметті жерлестер! Ауданымыз бен ауылымыздың тұрғындары және меймандар! Сіздерден ауданымыздың, ауылымыздың бет- бейнесі, айнасы шырайлы Шолаққорғанды шашпауларыңызды, таза ұстауларыңызды сұраймыз. Тіпті, осы ауылдың халқының жанашыр азаматтарының атынан талап та етеміз. Тазалық- денсаулық кепілі! Тәніміз бен киіміміздің, тұрып жатқан әуіл- жайымыз бен аулымыздың тазалығы жан дүниеміздің, ішкі мәдениетіміздің шкаласы. Кім, отырған орынын, қоршаған ортасын шашып, күл- қоқыс төгіп жүруге бейім болса, оның имандылығында, адамгершілігі мен кісілігнде кемшілік бар деген сөз. Аталарымыз айтқан: «Отанды сүю- иманнан», — деп. Демек, сол отанды сүю, отбасын сүю, туған ауылынсүю мен таза ұстаудан тұрады. Ендеше, кезінде қазақтың астанасы болған сырлы Созақтың,текті Теріскейдің бүгінгі бас ауылы, киелі Шолаққорғанның бүгінгі жұрнағы ауылымызды көзіміздің қарашығындай сақтайық, ішінде, сыртында болып, орын алып жатқан келеңсіздіктерді, құрметсіздіктерді әрбір тұрығын өзімізге бағышталған құрметсіздік деп қабылдайық! Солай еткендерді де қоғам боп айыптайық, тәрбиелейік, тентектігі болса тезге салайық! Еліміз аман, жұрымыз тыныш заман болсын»

Данияр Құл- Ахмедұлы

Latest news

Халық сұранысы қанағаттандырылуда

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жуантөбе ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында, тұрғындар тарапынан ауыз су мәселесі көп көтерілген болатын. Қазіргі таңда аталған мәселе бойынша жүйелі...

Халықаралық турнир жалауын көтерді

Шымкент қаласындағы жеңіл атлетика спорт кешенінде Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбеков Жарылқасын Керімбекұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы...

СОЗАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ КӨКТӨБЕ ЕЛДІМЕКЕНІ 100 ПАЙЫЗ ЗАМАНАУИ ЖОЛМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселенің бірі болған Созақ ауылы, Көктөбе елді мекенінде 6 көшені асфальттау жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда елдімекен 100 пайыз заманауи жолмен...

ҚАРАТАУ, ҚАРАҚҰР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қаратау, Қарақұр ауыл округінде халықпен кезекті кездесуін өткізді. Аталған жиында Қаратау ауылының тұрғындары сауалдарын қойып, көкейлерінде жүрген мәселелерін жеткізді. Аудан...

Related news

Халық сұранысы қанағаттандырылуда

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жуантөбе ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында, тұрғындар тарапынан ауыз су мәселесі көп көтерілген болатын. Қазіргі таңда аталған мәселе бойынша жүйелі...

Халықаралық турнир жалауын көтерді

Шымкент қаласындағы жеңіл атлетика спорт кешенінде Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбеков Жарылқасын Керімбекұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы...

СОЗАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ КӨКТӨБЕ ЕЛДІМЕКЕНІ 100 ПАЙЫЗ ЗАМАНАУИ ЖОЛМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселенің бірі болған Созақ ауылы, Көктөбе елді мекенінде 6 көшені асфальттау жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда елдімекен 100 пайыз заманауи жолмен...

ҚАРАТАУ, ҚАРАҚҰР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қаратау, Қарақұр ауыл округінде халықпен кезекті кездесуін өткізді. Аталған жиында Қаратау ауылының тұрғындары сауалдарын қойып, көкейлерінде жүрген мәселелерін жеткізді. Аудан...