СОЗАҚТЫҚ ЖАСТАРҒА ЕЛБАСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫН ОБЛЫС ӘКІМІ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ТАПСЫРДЫ

СОЗАҚТЫҚ ЖАСТАРҒА ЕЛБАСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫН ОБЛЫС ӘКІМІ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ТАПСЫРДЫ 1 Түркістан қаласында әлеуметтік көмекті үлестіруге атсалысқан ерікті жастарға Елбасының Алғыс хатын тапсыру салтанатты өтті. Салтанатты шарада облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев құттықтау сөз сөйледі. «Жастардың елге деген жанашырлығын жоғары бағалаған өңір басшысы «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен, «Nur Otan» партиясының үйлестіруімен елімізде «Біз біргеміз» акциясы қолға алынды. Акция Түркістан облысында жоғары деңгейде өтіп жатыр. Игі істі жүзеге асыруда ерікті жастарымыз елге көмектесті. Карантинде де жұмыс істедіңіздер. Еңбектеріңізді Елбасы бағалап отыр. Отаншыл, мемлекетшіл азаматтар өздеріңіздей жалынды жастардың арасынан шығады»,- деді.

        Осындай пандемия кезінде аудан халқына әлеуметтік көмек жасап, белсенді қызмет көрсеткен, Мақатаралдағы табиғи апатта облыста алғашқы болып қол ұшын созған Созақ аудандық «Жастар ресурстық» орталығының директоры Жеңісәлі Төлепбергенов пен аудандық «Value» ерікті жастар қозғалысының төрағасы Ербол Ержігітов, Елбасы Алғыс хатын алды. Марапатты облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев тапсырды.

        «Биыл президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Еріктілер жылы» деп жариялады. Қалыптасқан дәстүрі бар созақтық еріктілер жыл басынан бері түрлі әлеуметтік шараларға белсене қатысты. Ауданда «Value» ерікті жастар қозғалысы құрылып, оның 300 астам мүшесі бар. Пандемия кезінде де, халыққа барынша көмек көрсетуге тырыстық»,- дейді «Value» ерікті жастар қозғалысының төрағасы Ербол Ержігітов.

        Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатын алған патриот жерлес жастарға ризашылығымызды білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз.

        Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news