Шәкірт тәрбиелеу ісіндегі шебер жаттықтырушы

Жаттықтырушы — спорт түрлерінің қыр-сырына машықтандыратын спорт маманы. Шеберлік деңгейі жоғары шәкірттерді тәрбиелеу ұстаздан асқан білімдарлықты, жан-жақтылықты қажет ететін күрделі жұмыстардың бірі. Сондықтан спорт өнеріне үйреткендердің бәрін жаттықтырушы деп атауға болады.

Оларды былай жіктеуге болар еді: үйретуші, тәрбиелеуші және жаттықтырушы. Нағыз кемелденген жаттықтырушының адам анатомиясынан, физиологиясынан, патологиялық физиологиядан, генетикадан, биофизикадан, биохимиядан, психологиядан, дене тәрбиесі мен спорттық ілімнен мол хабары болуы керек. Сонымен қатар ол тәрбиелі, парасатты, білімі жан-жақты, ұлтжанды, тәрбиелі, өз шәкірттерінің арасында, қоғамда беделді де адам болуға тиісті.

Бүгінде ауданымыздың спорт саласы жоғары жетістіктерімен жеңіс тұғырынан көрініп жүргені белгілі. Оған әрине тыңғылықты жұмыс атқарып жүрген жаттықтырушыларымыздың сіңіріп жүрген еңбектері орасан зор. Осындай жаттықтырушыларымыздың бірі, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты балалар мен жасөспірімдер футбол мектебінің қызметкері Сәдуақасов Дәулет Қошқарбайұлы.

Дәулет Қошқарбайұлы – 1984 жылы Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келген. 1990 жылы 1 сыныпқа барып, 2001 жылы орта білім алып шыққан. 2005 жылы «Отырар» университетінің «дене шынықтыру және спорт» мамандығына оқуға түсіп, оны 2008 жылы ойдағыдай аяқтап шығады. Сол жылы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне жаттықтырушы болып қабылданады. 2016 жылдан қазіргі таңға дейін аталған мектепте аға жаттықтырушы болып қызмет атқарып келеді. Отбасында екі ұл және екі қыз тәрбиелеп отырған Дәулет өз ісінің нағыз шебері деуге болады.

Жаттықтырушы Дәулеттің шәкірттері 2010 жылы БЖСМ спартакиадасында жүлделі І-орынға ие болған. Республикалық жарыстарда жоғары орындар иеленіп, Халықаралық жарыстардың жеңімпаздары атанған. Қазақстан Республикасының чемпионатында І-орын және ІІ-орындарға ие болып, аудан абыройын талай рет асқақтатқан.

Бүгінде Дәулет Қошқарбайұлының шәкірттері Созақ ауданының намысын қорғап, түрлі футбол клубтарында өнер көрсетіп жүр.

Қорыта айтар болсақ, бүгінгі шағын мақаламызға арқау болған Дәулет Қошқарбайұлы сынды жаттықтырушыларымыздың атқарып жұмыстары өте көп. Оны біреу білсе біреу біле бермейді. Спорт саласы қай елде, қай заманда болмасын алдыңғы қатарлы саланың бірі болып табылады. Сол себепті, түрлі чемпиондарымызды шығарып жүрген жаттықтырушыларымызды әрдайым қолдап қолпаштап, еңбектерін елеп-ескеріп, оқырманға бір таныстырып қойсақ деген оймен осы мақалаға қалам тартқан едік. Біз өз тарапымыздан Дәулет Қошқарбайұлының жұмысына табыс, деніне саулық, отбасына амандық тілейміз, аудан абыройын асқақтатар талай чемпиондарды даярлау жолында қайратыңыз қажымасын!

Нұрсұлтан Қанатұлы.

Latest news

Халық сұранысы қанағаттандырылуда

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жуантөбе ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында, тұрғындар тарапынан ауыз су мәселесі көп көтерілген болатын. Қазіргі таңда аталған мәселе бойынша жүйелі...

Халықаралық турнир жалауын көтерді

Шымкент қаласындағы жеңіл атлетика спорт кешенінде Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбеков Жарылқасын Керімбекұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы...

СОЗАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ КӨКТӨБЕ ЕЛДІМЕКЕНІ 100 ПАЙЫЗ ЗАМАНАУИ ЖОЛМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселенің бірі болған Созақ ауылы, Көктөбе елді мекенінде 6 көшені асфальттау жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда елдімекен 100 пайыз заманауи жолмен...

ҚАРАТАУ, ҚАРАҚҰР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қаратау, Қарақұр ауыл округінде халықпен кезекті кездесуін өткізді. Аталған жиында Қаратау ауылының тұрғындары сауалдарын қойып, көкейлерінде жүрген мәселелерін жеткізді. Аудан...

Related news