Сенің саулығың – елдің саулығы!

Бүгінде әлемді дүр сілкіндірген «коронавирус» індетін жұқтыру оқиғалары елімізде қайтадан белең алуда. Осыған жуырда еліміздің барлық дерлік аймағы «қызыл аймаққа» енгізіліп, карантин шаралары қатаңдатылды. Бұның барлығы әрине мемлекет тарапынан халықтың денсаулығы мен игілігі үшін жасалынып отырған жәйт деп түсінуіміз керек.

Әлемді жайлаған індеттің бірден-бір емі мен тосқауылы қазіргі таңда вакцина салдыру болып отырғандығын әлем дәрігерлері күн сайын айтуда. Ағымдағы жылдың басынан бері аталған вакцина біздің елімізде де тұрғындарға салына бастаған болатын.

Осы орайда бүгінгі таңда ауданымыз бойынша жалпы эпидемиологиялық ахуалды білу мақсатында аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Қалдыбеков Талғат Әлішерұлын әңгімеге тартқан болатынбыз.

-Талғат Әлішерұлы, алдымен аудандағы эпидемиологиялық ахуалға тоқталсаңыз?

-Аудан көлемінде 2021 жылдың 1 қантарынан тіркелген мәлімет бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтардың жалпы саны-254 адамды құраған болатын. Оның ішінде 173 науқас өндірістік орындарда анықталды. Аурудың жасырын кезеңінің толық өтуі мен денсаулығына шағымы болмағандығына орай 238 адам бақылаудан шығарылды. Бүгінгі таңда 16 науқас клиникалық жағдайына байланысты үй бақылауында. Аудан көлеміңде ПТР теріс пневмония белгілерімен тіркелген науқастар саны-42. 33 науқас қазіргі танда бақылаудан шығарылды. Амбулаторлы ем қабылдап жатқан науқастарға емхана денгейінде керекті дәрі дәрмекпен қамтамасыз етіліп жатыр. Коронавирус инфекциясың клиникалық белгілері бар 4 жүкті әйелдер ем қабылдап кәзіргі таңда үйіне қайтарылды.

-Қазіргі таңда аудан көлемінде қанша мобильдің топ қызмет атқарып жатыр және Таукент кентіндегі инфекциялық госпитальде орын жеткілікті ме?

-Аудан көлемінде коронавирус инфекциясына күдікті науқастарға 11 мобильді топ қызмет атқарып жатыр. Барлық мобильды топтар әкімшілік тарапынан қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілді. Таукент инфекциялық госпитальы Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының бұйрығымен 50 төсек орынға ашылған. Реанимация бөлімі толық көлемде медициналық құрал-жабдықтармен жасақталған. Дәрі-дәрмек қорының қазіргі танда үш айға жеткілікті қоры жасақталған. Бүгінде 16 науқас ем қабылдауда. Оның ішінде 7 науқас ПТР нәтижесі оң көрсеткен. Қалған 9 науқастың ПТР нәтижесі теріс айқын клиникалық белгілері бар. Жыл басынан Таукент инфекциялық госпитальі ашылғалы бері 46-науқас ем қабылдаған, 30 науқас толық айығып үйіне шығарылды. Амбулаторлы пневмония белгісімен үйде бақыланып жатқан жүкті әйелдер мен балалар жоқ.

-Жыл басынан бері аудан халқының қаншасы індетке қарсы екпені салдырды және де екпе салдырған азаматтардан теріс әсердің байқалуы орын алған жағдайлар болды ма?

-ПТР әдісімен 1 қантардан бастап 17734 азамат тексеріліп, олардың ішінде 48 азаматтан оң нәтиже анықталды. Жалпы аудан бойынша тіркелген халық саны 59040 азамат болса, «covid-19» қарсы вакцина егуге жататын халық саны жоспар бойынша – 27700 болатын. Аудан халқына «Спутник V» Ресей федерациясы, «ХаятВак» БАЭ, «Коронавак» Кытай және «КазВак» Казахстан өндірушілерінің екпелері салынып жатыр. Қазіргі таңда 1 компоненттің келген саны 27710 болса, салынғаны 25310, қалдық 2400. Жоспар орындалуы 91.3 пайыз. 2 компоненттің келген саны 19210, салынғаны 16740, қалғаны 2470. Жоспар орындалуы 60.4 пайызды құрап отыр. Ал бүгінде аталған індетті жұқтырып ауырып жатқан адамдар екпе салдырмағандар. Екпені салып ауырыпты деген қаңқу әңгімелерге құлақ аспаңыздар. Ал бүгінде инфекциялық госпитальде ем алып жатқан азаматтар емделіп шыққан соң екпені қабылдайды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші ел-жұртымыздың амандығы үшін, әлемді шарпыған бұл аты жаман індеттен ел болып ертерек құтылу мақсатында халық болып екпені салдырғанымыз абзал.

-Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан: Нұрсұлтан Қанатұлы.

Latest news

Халық сұранысы қанағаттандырылуда

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жуантөбе ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында, тұрғындар тарапынан ауыз су мәселесі көп көтерілген болатын. Қазіргі таңда аталған мәселе бойынша жүйелі...

Халықаралық турнир жалауын көтерді

Шымкент қаласындағы жеңіл атлетика спорт кешенінде Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбеков Жарылқасын Керімбекұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы...

СОЗАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ КӨКТӨБЕ ЕЛДІМЕКЕНІ 100 ПАЙЫЗ ЗАМАНАУИ ЖОЛМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселенің бірі болған Созақ ауылы, Көктөбе елді мекенінде 6 көшені асфальттау жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда елдімекен 100 пайыз заманауи жолмен...

ҚАРАТАУ, ҚАРАҚҰР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қаратау, Қарақұр ауыл округінде халықпен кезекті кездесуін өткізді. Аталған жиында Қаратау ауылының тұрғындары сауалдарын қойып, көкейлерінде жүрген мәселелерін жеткізді. Аудан...

Related news