Сағыныш сазы

«Мыңжылқы» мәдениет сарайында «StuLe BR» тобының әншісі ауданнан шыққан тұңғыш саксафоншы Бегімбетов Бауыржан Қошанұлын еске алуға арналған аудандық «Сағыныш» ән байқауы болып өтті. Байқауға ауданның барлық ауыл-кенті, елді мекендерінен он бір үміткер қатысты. Карантин ережесін сақтай отырып өткізген шараның ашылуында Бауыржанның мектептегі, өмірдегі, өнердегі ұстазы Байділда Айдарбеков «Шәкіртім ең серік еткен өнерді» атты өлеңімен байқау шымылдығын ашты. Бауыржанның анасы Пәрдеш апай екі көзіне ерік бере отырып, сүйікті ұлы туралы естеліктерді айтқанда көрермендердің ет жүректері езілгендей болды. Тура осы шара өткен күн-бауыржанның дүниеге келген күні екен. Астана тұратын бауыры Өміржан бүкіл елдегі жағдайға байланысты аталмыш шараға келе алмады. Десе де телефон арқылы байланысқа шығып, шараны ұйымдастырған барша азаматтарға, аудан жұртшылығына, ағайын-бауырларына өз атынан шынайы алғысын білдірді.

Ән байқауына ақын Мақсат Қарғабай, сазгер Мамырғали Байыс, мәдениет үйінің қызметкерлері Ілияс Айтуов, Айдос Әлқуат, Рүстем Ерназаров қазылық етті.

Байқауға Созақ ауылынан Тұрсынәлі Дилноза, Қыземшектен Қали Талғат, Таукенттен Мырзағали Ұлдана, Қызылкөлден Совет Гүлсім, Сызған ауылынан Жайсан Қаншайым, Қаратау ауылынан Еркебай Альбина, Жартытөбе ауылынан Сәрсенбай Айшагүл, Шу ауылынан Тұрсынбай Бекжан, Құмкент ауылынан Жайлаубек Жәудір, Сызған ауылынан Дайрабай Ақжүніс, Қайнар ауылынан Шарапов Махриддин сияқты өнерден жол іздеген өнерпаздар қатысты. Жастарға берер өнегелі де өрелі шара екі кезең бойынша өтті.

Бірінші кезең бойынша Созақ өңірінен шыққан жергілікті ақын-сазгерлердің шығарған әндерін орындау болатын. Мұнда негізінен М.Омаровтың, М.Байыстың, Ә.Нысанбаевтың әндері орындалды. Екінші кезең бойынша Бауыржан Бегімбетов пен қазақ эстрадасына танымал жұлдыздардың репертуарларынан әндер, шығармалар орындау бойынша сынға түсті. Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды Дайрабай Ақжүніс   екінші орынды  Жайсан Ханшайым, үшінші орынды Мырзағали Ұлдана иеленді.

Ал ынталандыру сыйлықтарын үш талапкер, атап айтқанда Тұрсынбай Бекжан, Шарапов Мұхриддин, Тұрсынәлі Дилноза иеленді. Бауыржанның рухына бағышталған шара болғаннан кейін Бауыржанның саксафоны сахнаға шығатын шығар, Бауыржанның елге танымал өзі орындаған шығармалары орындалатын шығар деп жалпы тыңдарман көпшілік тың жаңалық күтіп еді. Ондай болмады. Бірақ алдағы уақытта тағы да Бауыржанды еске алу шарасы болатын болса осы кемшіліктердің орнын толтырар деген үмітпен тарқастық.

Мақсат ЖЕҢІСҰЛЫ

Шәкіртім ең серік еткен өнерді

(Өмірден ерте кеткен шәкіртім Бауыржанға)

Уақыт неткен ұшқыр еді өтпелі,

Қайта оралта алмас ешкім өткенді.

Өмір заңы солай сенсіз өткіздік,

Қаншама жаз, қыс пен күзді көктемді.

Жас болсаң да сөз сөйлеуші ең өрелі,

Шәкіртім ең серік  еткен өнерді.

Әттең дүние қысқа болды өмірің,

Халқыңа әлі берерің де көп еді.

Қыран құстай қанат қомдап атылып,

Өнер шыңға шыққаныңда шарқ ұрып.

Өзің сынды ардақ ұлын жоғалтып,

Қалды елің ес жия алмай аһ ұрып.

Өнер үшін жүгіріп ең жан сала,

Кете бардың танылғанда баршаға.

Ұмыта алмай өзіңді аңсап анаң жүр,

Одан бері өтсе де жыл қаншама.

Жыр арналып әсем әндер төгіле,

Еске алып жатыр бүгін елің де.

Сәл жымиған нұрлы жүзді бейнеңмен,

Қалып қойдың жүректердің төрінде.

Байділда Айдарбек, ұстазы.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news