ПАРА АЛҒАН ЛАУАЗЫМДЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ТІРКЕЛГЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР ЖОЛДАНДЫ

 Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Хаким Көшқалиевтің  қатысуымен ҚР ҚПК-нің 200-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың  себептері мен жағдайларын жою бойынша Түркістан облыстық Полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты тіркелген қылмыстық іс бойынша жолданған ұсынымдар қаралды.

 «Antikor.Live» жобасы аясында өткен кездесуде Сайрам аудандық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің бастығы мен Түлкібас аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторына қатысты ұсынымдар қаралып, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың себептері жіті талқыланды.

 Кездесу барысында сөз алған Хаким Дүйсешұлы қол астындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін әрбір мемлекеттік орган басшылары жауапты болатынын тілге тиек етіп, бұл  еңбек ұжымындағы жемқорлықтың алдын алуға және оған жол бермеуге негіз болатынын атап өтті.

  Анықталған қылмыстық құқықбұзушылықтар бойынша Тергеу басқармасының аға тергеушісі Дәурен  Әбдіманап сотқа жолданған 2 іс бойынша жолданған ұсынымдарды баяндады. Сайрам аудандық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің бастығыөзінің лауазымдық қызметін асыра пайдаланып, Өзбекстан Республикасынан жұмыс істеуге келген азаматтардың еңбек келісім-шартын ұзарту үшін пара талап ету дерегі және Түлкібас аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы азамат «А» әкімшілік жауапкершілікке тартпау және жинақталған құжаттарды сотқа жолдамау үшін пара талап еткен дерегі тіркелгенін атап өтті.

          Жиын соңында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты тиісті тәртіптік  шаралар қолдану ұсынылып, Түркістан облыстық Полиция департаментіне ұсыным ретінде жолданды.

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news