Меморандумға отырды

«Самұрық-Қазына» қоры мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қол қою рәсіміне қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қатысты, — деп хабарлайды Egemen.kz

Меморандум аясында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 100 жедел жәрдем көлігін, 1000 оттегі концентратын, 50 өкпені жасанды желдету аппаратын, 1000 пульсоксиметр және 3000 «Авифавир» вирусқа қарсы дәрісін сатып алып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне тапсыруды бастады. Көмектің бұл түрлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен келісіле отырып, көмектің тапшылығына қарай жіберіледі.

«Бұл шаралардың барлығын ел Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы қолдады. Өздеріңіз білетіндей, жақында Елбасымен кездесу өтіп, онда ол Қордың ішкі қорынан Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында екі медициналық орталық салуға қаражат бөлуді тапсырды. Бұл орталықтар халыққа медициналық қызмет көрсету үшін ғана емес, сонымен қатар ғылыми-зерттеу әлеуетін шоғырландыруға арналған болады. Аталған жұмысты біз бастадық, қаражатты резервке салдық», — деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Сөз соңында қор басшысы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен медицина орталықтары бойынша техникалық тапсырма алуды тездетуді, ал аталған қалалардың әкімдерінен тиісті коммуникациялары бар жер учаскелерін бөлуді сұрады.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі атынан Қордың көрсеткен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігіне және жұқпалы аурулардың, оның ішінде коронавирустың өршуіне қарсы күресте ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға ықпал еткеніне алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер. Меморандум қазіргі эпидемиологиялық қауіп-қатерлерге дер кезінде және қажетті шаралар қабылдауға мүмкіндік беретініне сенімдімін»,- деді Алексей Цой.

Естеріңізге сала кетейік, «Самұрық-Қазына» қоры төтенше жағдайдың алғашқы күнінен бастап коронавируспен күреске белсенді қатысуда. Елбасының тапсырмасын орындау үшін қор Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында инфекциялық аурулардың алдын алу және бақылау бойынша екі клиника құрылысын қаржыландыратын болады. Ағымдағы жылдың Наурыз айында қор 6 млн қорғау маскаларын сатып алуды қаржыландырды, сондай-ақ экономиканың өсуін нығайту, отандық тауар өндірушілерді қолдау және денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша шаралар қабылдады.

«Егемен Қазақстан» газетінен

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news