Мал шаруашылығын дамытуға – 30 млн. теңге

  «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ мал шаруашылығын дамыту жобаларына 30 млн. теңгеге дейін несие беруді жоспарлап отыр.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 31 наурыздағы мәлімдемесінде кәсіпкерлік секторды қолдауға бағытталған бірқатар міндеттер белгіленген еді. Соның ішінде Президент агроөнеркәсіптік кешенді үздіксіз қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті несиелеуді арттыру қажеттілігін ерекше атап өткен болатын.

  Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры шаруаларға ірі қара, қой және түйе шаруашылығын дамытуға 30 млн. теңге несиені 10 жылға дейінгі мерзімге береді. Несиенің жылдық сыйақы мөлшері 16 пайыз болса, оның 10 пайызын мемлекет субсидиялайды. Яғни шаруа несиені 6 пайызбен ғана төлейді. Сонымен бірге, негізгі борышты өтеу бойынша екі жылға дейін, ал, сыйақыны өтеу бойынша бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі қарастырылған. Негізгі борыш пен сыйақыны ай сайын, тоқсан сайын немесе жарты жылда бір төлеп тұру мүмкіндігі де жасалған. Қор тарапынан несие жеке кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына және фермерлік шаруашылықтарға бағытталған.

 «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, мал шаруашылығын дамытуды жоспарлаған кәсіпкерге бірқатар талап қойылмақ. «Ең алдымен шаруаның ірі қара ұстайтын қорасы мен жайылымдық жері болуы қажет және төлін бордақылау алаңына тапсыру жөнінде келісімшарт жасасуы тиіс. Қазіргі уақытта шаруалардың барлығы қолда бар малын асылдандырып, сапасын арттыру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Қордан несие алған кәсіпкер де малын асылдандыруы тиіс. Өйткені, асыл тұқымды мал өсірудің ұтымды тұстары көп. Егер бірден асыл тұқымды сиыр сатып алынатын болса 25 пайыз жекеменшік мүлікті және 75% сатып алынатын малды кепілге қою арқылы қаржыландыру мәселесі де қарастырылады» делінген хабарламада.

 Сондай-ақ, уақ мал шаруашылығын дамытамын дегендердің де қора-жайы мен жайылымдық жері болуы тиіс. Тоқтыларын ет өңдейтін кәсіпорынға тапсыру келісімшартын жасасады. Түйе шаруашылығы бойынша да түйе сүтін, жүнін қайта өңдеу кәсіпорнына тапсыру жөнінде келісім жасалуы керек.

 Ең бастысы, үміткердің несие тарихы жақсы болғаны абзал. Кепілге қоятын мүлкі болуы шарт. Бұдан бөлек, бюджеттік және қаржы ұйымдарының алдында мерзімі өткен берешегі болмауы тиіс.

 Жеңілдетілген несие алу үшін шаруалар барлық облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін қордың филиалдарына барып, өтініш берулеріне болады.

«Оңтүстік Қазақстан» газетінен

Latest news

Аудан әкімі қарттарға құрмет көрсетті

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков 1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай 90 жастағы Мами Дадабекұлы мен 91 жастағы Бәтжан Махажанқызының отбасына барып, мерекемен құттықтады. Сый-сияпат жасап,...

ТАҒАЙЫНДАУ!!!

РАЙЫМҚҰЛОВ ЕРЛАН БОЛАТХАНҰЛЫ аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің жаңа басшысы Райымқұлов Ерлан...

Құттықтау!

Қарты бар елдің қазынасы мол Құрметтi аудан тұрғындары! Қадiрлi ардагерлер! Сіздерді 1 қазан - Халықаралық қарттар күнiмен шын жүректен құттықтаймыз! Біз қашанда «Үлкенге - құрмет, кішіден - ізден»...

Таукент кенті округі әкімі қызметіне кірісті

2022 жылдың 18 қыркүйек күні өткен Таукент кент округі әкімінің сайлау қорытындысына сәйкес Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 18 қыркүйек күнгі №118...

Related news