Кәсіподақ –Тәуелсіздігіміздің тірегі

Тәуелсіздігіміздің  30  жыл ішінде ел  болашағының  іргесін  қалаған  басты  құндылықтар  жасалды. Сондықтан  да  өткен кезеңді  обьективтік  тұрғыдан  саралап  зерделеу, ұмтылу  —  заман  талабы. Өйткені тарих толқынымен ұрпақтар ауысқанымен, жасампаз халық ұлтының асыл құндылықтарын ардақтап, кейінге қалдырып отыратыны-өмір заңдылығы.

Әрбір қоғам мүшесі «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» идеясының тиімділігін түсініп, халқымыздың қанында бар еңбексүйгіштікті қайта жандаңдырса, өзіне де, қоғамға да пайдалы болмақ. Халқының қамын ойлап, кейінгіге өлмес мұра қалдырған қазақтың әлемдік денгейіндегі ұлы ақыны Абайдың:

«Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Ақылың мен еңбегің екі жақтап», — деген дана тағылымың өскелең ұрпақ жадында сақтап, адал еңбекке бейімделсе, замана көшінен қалмай, еліміздің абыройын асқақтата түсетіні анық.

Ол үшін еңбек қарым қатнастарына қол жеткізу, жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыспен қамту саласын дамыту, өздігінен жұмыс істейтін тұрғындарды нақты экономикаға тарту, әлеуметтік еңбек қатнасындағы барлық субъектілердің құқықтық сауаттылығын арттыру болмақ.

Әр мамандық өзінің кәсіби біліктілік жүйесін құру,  кәсіподақ ұйымдары еңбек қауіпсіздігін  айқындап еңбектегі даулардың алдың алу және реттеу бұл ретте кәсіподақ институттарын жаңғыртқан дұрыс.

.Ендігі  негізгі  мақсат  кәсіподақтар  қозғалысын  ұжымдық  жағынан  нығайту,  ұжымдық  шарт  арқылы  еңбек  қатнастарын  реттеу,  азаматтардың  лайықты  еңбек  етуіне  жағдайлар  туғызу,  бұл  ретте

кәсіподақтар  бірлестігі  кәсіподақтар  комитетінің  құқықтық  кепілдіктерін республикалық деңгейде қамтамасыз етуге, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік, еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіру, өзінің мүшелерінің жұмысын үйлестіріп отыруға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің  сақталуын бақылайды және де қоғамдық бақылауды жүзеге асырады. Кәсіподақтар жұмыс берушіден тәуелсіз, өз мүшелерінің еңбек қатынасын реттеуге жәрдемдесіп, консультациялық көмек көрсетеді.

Кәсіподақтардың заңында және жарғыда көзделген қызметіне кедергі келтіретін кез келген әрекеттерге тиым салынады.

Кәсіподақтар еліміздің саясатын жүзеге асыруға өз құқықтары негізінде қолдау білдіріп насихаттап отыру міндетіне ие.

Сондықтан да, бүгінгі кәсіподақтар республикамыздың экономикалық әлеуметтік даму жолындағы іс әрекеттерінің бастамашысы болуға тиіс.

«Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам атты бағдарламада кәсіподақтар консультативтік–Кеңестік құрылымдар мен қоғамдық Кеңестер құрамына кіруге тиістігін, еңбек адамының мүддесін кәсіби тұрғыда қорғауға, салалық кәсіподақтар нақты ықпалдасып, өздерінің әлеуметтік–еңбек топтарының мүддесін білдірулері маңызды деп атап көрсетілген.

Бүгінгі күні қоғамды қалыптастырудың үрдісі, атауы басқаша өрбіп, заман талабына сай бірлестіктер болып құрылып, адамдардың тыныс–тіршілігіне, олардың өмір сүру деңгейіне дейін араласуға қол жеткізілді.

Кәсіподақтардың күші бірлікте деп аталуының өзі соны меңзейді. Өйткені, азаматтардың белсенділігі артпайынша, қоғамның дамуы ойдағыдай өрістемейді. Ал онсыз мемлекетімізді нығайтып, елімізді көркейту еш мүмкін емес.

Айталық, қәзіргі таңда нақты өнім өндіретін жаңа кәсіпорындар ашып, адамдарды тұрақты жұмыспен қамту үлкен маңызға ие.

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай соңғы кезде елімізде қолға алынған үдемелі индустриалды–инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының басты бағыты да осы. Еліміздегі әлеуметтік жаңғырту саясатының негізі өндірісті дамыту болып тұрса, соның ең іргелесінің бірі әлеуметтік еңбек қатынастарының тиісті модельдерін қалыптастыру болып табылады.

Қазақстан кәсіподақтарының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасында кәсіподақ қызметінің іс-әрекеті осы бағыттағы жұмыстарды насихаттау міндетін белгіледі.

Өмірдің басты қағидасы еңбек болса, еңбек қатынастарын реттейтін жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы байланысты тереңдетіп, олардың бір біріне деген түсінігін арттыру, «ұжымдық шарт» қабылдау арқылы еңбекшілердің әлеуметтік жағдайын шешу, кәсіподақтардың белсенді іс қимылы осы бағытта болуға тиіс. Қабылданатын құжат, Жарғымыз кәсіподақтардың міндеті мен ролі, атқарылатын жұмыстың маңыздылығы жағдайында тұжырымдауымыз керек. ҚР ҚФ XXV сьезінің және cалалық кәсіподақтың 2020-2025 жылдарға қабылдаған бағдарламасы, кәсіподақтар конференцияcының шешімдері, кәсіподақтардың ұйымдастыру жұмысын жетілдіруге бағытталған.

Жыл сайын осы бағдарламаны кәсіподақ мүшелері арасында түсіндіру, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу бағытында нақты шаралар жүзеге асырылуда. Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін олардың еңбек етулеріне мүмкіндіктер туғызу, еңбек заңдылықтарын сақтау, жұмыспен қамту бағыттары бойынша бос жүрген кәсіподақ мүшелерін жұмысқа тарту сияқты іс шараларға байланысты 10 буклет, 8 плакат және 5 әдістемелік нұсқаулар дайындап, барлық жергілікті бастауыш ұйымдарға жіберілді. Екі рет баспасөз беттеріне мақалалар берілді.

Аудан бастауыш кәсіподақ ұйымдары жұмыс берушілермен 2021-2025 жылдары арасына толықтай ұжымдық шарттарын бекітті. Ұйымдық жағынан нығайту барысында «Созақ сәулет», «Шолаққорған су», «Жастар орталығы» бастауыш кәсіподақ ұйымдары 40-қа тарта кәсіподақ мүшелерімен толықты.

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы-2021» облыстық байқау конкурсына қатысқан «Жастар орталығы» МКК бастауыш кәсіподақ ұйымы (Төрайымы Айнұр Өтебаева) бірінші орынды женіп алды.

Мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподағы өз мүшелерінің мүдделерін қорғау, олардың уақтылы демалысқа шығуы, сауықтыру орындарына жолдамалар беру, балаларын лагерге жіберу, даталық мереке қарсанында марапаттап отыруды назардан тыс қалдырған емес.

Кәзір бізге не керек?- керегі рухани қазына, терең білім, ұлттық сана, рух өрлеуі, әрине білім мен еңбек тәрбиенің денгейіне байланысты.

Еңбек, білім, тәрбие адам бойындағы құндылық қазына.

Аудандық салалық кәсіподақтар өткен мерзім аралығында жыл басында қабылданған іс-шараларды белсенді түрде жүргізіп келеді.

Кәсіподақ ұйымының қатарын көбейту, оларды оқыту ісіде жүйелі түрде жүргізілуде. Жыл сайын мерекелер қарсанында өткізілетін іс-шара үрдіс жалғасын тауып жыл басынан бері мәдени, спорттық сауықтыру шаралары жүргізілді. «Мен елімнің ертеңіне сенемін»-тақырыпта жастар арасында диспуттық дөнгелек стол өткізілді.

Аудан, ауыл әкімдігі бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында футболдан, шахматтан жарыстар өткізіліп, жеңімпаздарың марапатталды.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жұмыс берушілер мен кәсіподақ ұйымдарымен бірлескен үш жақты келісімге қол қойылып, оны жүзеге асыру жоспары бекітіліп, жүргізілуде.

Ауданда атқарушы органдармен бірге білім, медицина, басқада кәсіпорындардың барлық деңгейінде жастар саясатын іске асыру қолға алынып келеді. Жаңа жұмыс орындарына жастарды көбірек тарту, олардың кәсіби білімін көтеру, тәрбиелеу мәселелері жан-жақты қолға алынуда. Жалпы аудаңның барлық салалық кәсіпорындары мен мекемелерінде қызмет ететін кәсіподақ мүшелерінің белсенді іс-қимылдары ауданның экономикасы мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталғанын айтуға болады.

Бұл ретте аудан кәсіподақтары еңбеккерлердің бұқаралық өкілетті ұйымы ретінде ауданның экономикалық және әлеуметтік өркендеуіне, қайта құрылуына белсенді қатысып өзінің басты міндеті–еңбек адамының мүдделеріне қызмет етіп келеді.

Қазақ елі, Тәуелсіздік жылдардан кейін елдің ынтымақ, бірлік, келісім және жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың үлгісін көрсетуге бағытталған құндылықтарды қалыптастырып, менің елім Қазақстан деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырды. Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының күш-жігеріне назар аударған Қасым-Жомарт Тоқаев «Қәзіргі кәсіподақ қозғалысы жұмысшылардың құқығын қорғайды, лайықты жалақы алуға және қауіпсіз еңбек жағдайларың жасауға жәрдемдеседі, әрі тұрақтылықтың тірегі», деді. Олай  болса  кәсіподақтарға да артылар жүк,  жауапкершілік міндеті тұр.

Биыл кәсіподақтардың елімізде құрылғанына 116 жыл толады. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының қаулысымен 10 қазан Қазақстан Кәсіподақтар күні болып мерзімі өзгертіліп аталып келеді. Ең басты мақсат тек еңбекшілердің мүддесін қорғау мен ғана шектелмей, еліміздің өркендеп өсуіне үлес қосу, қазақстандық патриотизмді дамыту әрбір кәсіподақ мүшесінің міндетіне айналуы тиіс.

Ия, Президентіміздің биылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы ел тәуелсіздігінің баянды болуына, еліміздің өркендеп нығаюына, экономикамыздың дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына бағытталған.

 

М. Асқаров,

Мемлекеттік мекемелер қызметкерлері

кәсіподағы Созақ аудандық комитетінің төрағасы.                

Latest news

Таукент кентінде болды

Есептік кездесу белгіленген кестеге сай, Таукент кентінде өтті. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің халықпен кездесу жиынына, аудандық мәслихаттың депутаттары, тиісті мекеме, сала басшылары қатысты. Кент...

Құмкент ауылының халқымен жүздесті

Бекітілген кестеге сәйкес Жартытөбе ауылдық округіндегі халықпен кездесу жиынынан соң түс ауа аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қызылкөл елді мекеніндегітұрғындармен кездесті. Мұхтар Әуезов атындағы білім...

Жартытөбе ауылы және Аққолтық елді мекенінің тұрғындарымен кездесті

Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара...

Салық саласының қызметкерлері семинар өткізді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл...

Related news

Таукент кентінде болды

Есептік кездесу белгіленген кестеге сай, Таукент кентінде өтті. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің халықпен кездесу жиынына, аудандық мәслихаттың депутаттары, тиісті мекеме, сала басшылары қатысты. Кент...

Құмкент ауылының халқымен жүздесті

Бекітілген кестеге сәйкес Жартытөбе ауылдық округіндегі халықпен кездесу жиынынан соң түс ауа аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қызылкөл елді мекеніндегітұрғындармен кездесті. Мұхтар Әуезов атындағы білім...

Жартытөбе ауылы және Аққолтық елді мекенінің тұрғындарымен кездесті

Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара...

Салық саласының қызметкерлері семинар өткізді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл...