Ізгілік пен ізеттілікті серік еткен

Ол кісі көптен бері білмеймін. Қарапайым, жүзінен нұр төгіліп тұрады. Жақсы қасиетін маңайындағыларға үнемі жарқыратып көрсетіп жүреді. Көпті көрген көкейіне тоқығаны мол жан. Қашан көрсеңіз де Төленбек ылғи да жақсы істердің басы-қасында жүреді.

Бір жолығып әңгімелескенімізде Төленбек Досанұлы өзінің өмір жолы жайлы сыр тарқатып, ағынан ақтарылып еді.

Әйнекбаев Төленбек 1953 жылы ауданымыздың бұрынғы Калинин кеңшарына қарасты Абай елді мекенінде дүниеге келген екен. Жас кезінен ол еңбекқор болып өседі. Сабақтан қолы босай қалса темір-терсекті үйірсектеп, техниканың қасынан табылады. Ауылдастары оның өскенде техника тізгінін  ұстайтын азамат болатындығын сол уақытта-ақ пайымдаған екен. Шолаққорған ауылындағы А.Сүлейменов (Бұрынғы Калинин) атындағы орта мектепті тәмамдағаннан кейін аудан орталығындағы жүргізушілер дайындайтын курсты оқып бітіріп шығады. Мамандығына жүрек қалауымен барған Төленбек еңбек жолын жүргізушіліктен бастайды. Алғашында көнелеу техниканың руліне отырып шеберлігін шыңдайды. –Бұлай жасағаным жақсы болды ,- дейді Төкең өткен күндерді еске алып. –Алдағы толқын ағаларымның да бұл кәсіпті меңгеріп кетуіме септігі тиді. Олардан ерінбей-жалықпай көп сұрайтынмын. Нәтижесінде кәнігі жүргізушілерден көп сабақ алдым. Үйрендім. Тәжірибе жинақтадым. Сырттай оңай көрінгенмен бұл кәсіптің де өзіндік қиындықтары бар екендігін ұғындым.

Еңбек етудің қиын да қызықты жақтары бар екендігін түсіндім. Жұмыс атқару барысында көптеген игі жақсы кісілелермен сапарлас болдым. Әңгімелелерін тыңдадым. Қарап отырсам, сол кездердегі адамдардың әрбір ісі, өнегелі өмір жолдары тәрбие мектебі екен ғой. Оның бәрін уақыт өте келе түсініп келеміз,-деді ол.

Төленбек Досанұлы 1974-1985 жылдар аралығында Шолаққорған АТП мекемесінде жүргізуші болып жұмыс жасаса, 1985-2016 жылдары Орталық кен басқармасының қарамағындағы №11 АТП мекемесінде және өрт сөндіру мекемесінде аға жүргізуші болып еңбек етті. Ол қай мекемеде еңбек етсе де ұжымдастары арасында құрмет пен беделге ие болды. Басшының тарапынан көптеген марапаттар иеленді. Үнемі озат жүргізушілер қатарынан көріне білді.

Жастарға тәжірибелі жүргізуші ретінде тәлім-тәрбиесін үйретуден жалыққан емес.

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де қоғамдық жұмыстан қол үзген жоқ. 2017 жылдан бастап Таукент кенті ардагерлер кеңесі төрағасы. Ұл-қыздарын өсіріп олардын немер-шөбере сүйіп отырған мерейлі отбасы иесі.

Сәрсенбек ТЕҢІЗБАЕВ.

Latest news

Таукент кентінде болды

Есептік кездесу белгіленген кестеге сай, Таукент кентінде өтті. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің халықпен кездесу жиынына, аудандық мәслихаттың депутаттары, тиісті мекеме, сала басшылары қатысты. Кент...

Құмкент ауылының халқымен жүздесті

Бекітілген кестеге сәйкес Жартытөбе ауылдық округіндегі халықпен кездесу жиынынан соң түс ауа аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қызылкөл елді мекеніндегітұрғындармен кездесті. Мұхтар Әуезов атындағы білім...

Жартытөбе ауылы және Аққолтық елді мекенінің тұрғындарымен кездесті

Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара...

Салық саласының қызметкерлері семинар өткізді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл...

Related news