Имамдар көшбасшысыларымызға айналуы тиіс

Иә, «Имам, молда» деген ұғымдар бар мұсылмандықта. Мұсылмандықта дейтінім, хақ дін Ислам жайлы сөз бола қалған жағдайда кісінің көз алдына ең әуелі үстінде ақ шаапаны, басында ақ сәлдесі бар имамның немесе молданың бейнесі көлбеңдеп келе қалады. Себебі, имам- молда біздің қазақ үшін діннің бір алғы шарттарындай боп кеткен. Олай дейтінім, қай жерде бір дінге немесе дін ұстанушыға қатысты оқиға орын алса, міндетті имам не молда жайы сөз болады. Я, жер бетінде одан жақсы адам жоқтай мақтаймыз кеп, я, жер беті бұған дейін ондай жаман адам көрмегендей даттаймыз кеп. Әйтпесе, «имам» сөзі арабтың «әмәмә» (алда тұру) етістігінен келіп шығады да, көшбасшы, дінбасшы деген ұғымды білдіреді. Егер дүнияуи мысалдармен түсіндіріп өтер болсақ тура бір атар қойды, қошқар емес, серке бастайтыны секілді бұқара халыққа, мұсылман жамағатына әдетте осы имамдар рухани басшылық жасаған. Дегенмен, соңғы уақыттарда адамзат қоғамында хақ дін Исламға шабуылдаушылардың қатары артып отырғаны себепті осы имам, молдаларымыз жайлы алыпқашпа әңгімелер де көбейіп кетті. Мен соның екі түрлі себебін көріп тұрмын:

Біріншіден, хақ дін Исламды ұстанушылардың саны күрт өсуде. Әсіресе, Еуропа мен Америкада және Қытай мен Ресейде. Себебі, бұл құрлықтар мен елдерде исламофобия (исламға деген жеккөрушілік) артқан сайын, адамзаттың бұл дінді зерттеп білуге, тануға деген құштарлығы да күрт артып отыр. Оның үстіне, Ирактан, Ауғанстан мен Сириядан ауа көшкен мұсылман босқындар осы жерлер мен елдерге кіріп, азаматтығын алуларын қосыңыз. Әрі қарай «дело техники» деген сияқты, мұсылман халықтарының қай- қайсысының болмасын, көпбалалы отбасы болып келетінін қосыңыз. Қазір Еуропа мен Ресейдің саясаткерлері қатты алаңдауда. Өйткені, өздері себеп болып  ашқан Шығыс Азия жерлеріндегі соғыстардың зардабынан үдере көшкен мұсылман босқындарына мемлекеттері қазынасынан қыруар қаржы бөліп, асырауға мәжбүр боп отыр. Яғни, геосаяси жағдайды өршітіп алып, енді соның жазасын шегуде.

Екіншіден, қазіргі үмметінің рухани ахуалы төмендеп кеткен. Кешегі, сахабалардың, ізгі имамдарымыз бен игі бабаларымыз ұстанған хақ дін Исламнан көп алшақтап қалдық. Яғни, біздің мұсылман үмметінің бүгінгі қоғамдағы жағдайы «мұсылмандық тілде бар да ділде жоқ»- тың күйін кешіп тұр. Бұл жағдай, әсіресе бұқара халыққа дінде жетекшілік ететін имам- молдаларымыздың арасында жүрген қайсыбір азаматтардың тірлігінен, тіршілігінен байқалып жүр. Осы ретте «бір құмалақ бір қарын майды шірітеді»,- деген халық даналығы еркісіз ойға оралады. Міне, осындай келеңсіздіктерден дер кезінде құтылуға тырысып, мейлінше, әлгіндей құмалақтардан өздерін аршып алып жүрген ҚМДБ- сы жуырда «Жеті рухани қазына» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасын, «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі» және «ҚМДБ- сы құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі және міндеттері» тақырыбындағы кітапшаларын шығарып, бұқара халыққа насихаттауда. Әйтпесе, шынымен де «Ана имам ана жерде анадай тірлік істеп қойыпты. Мына имам мына жерде мынадай тірлік істеп қойыпты»,- деген мазмұндағы негізді, негізсіз әңгімелер әлеужелілерде қаптап кетті. Демек, мына ҚМДБ- сы шығарып отырған діни әдебиетшелер сондай келеңсіздіктердің алдын алып, хақ дін Исламға және мұсылман үмбетіне сөз келтірмеудің алғышарттары деп түсінген жөн.

Сонымен, ҚМДБ- сы мұрындық жасап  шығарған мұсылман және имамдар анықтамалығы іспетті әдебиеттерді қаз- қалпында назарларыңызға ұсынамыз:

                                     Жеті рухани қазық

Аса мейірімді, рақымды Алланың атымен!

Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән.

Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен

сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Шынайы мұсылманның іс-әрекеті мен мінез-құлқы

имандылыққа, адамгершілік принциптерге негізделеді. Алла Тағала

Құран Кәрімде

«Шын мәнінде Алла әділетті, игілікті және

туыстарға қарайласуды бұйырып, арсыздықтан, жамандықтан

және зорлық-зомбылықтан тыяды»

(«Нахл» сүресі, 90-аят) деп

адамзат баласын ізгілікке шақырған.

Ардақты Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі

болсын)

«Мен көркем мінезді кемелдендіру үшін жіберілдім»

деп,

ислам дінінің негізгі мақсаты адамзат баласын көркем мінез-құлыққа

тәрбиелеу екенін баяндаған. Жүсіп Баласағұн бабамыз «Кісіге

екі дүниеде пайдалы – ізгі іс немесе мінезі түзулік» деген. Ислам

дінінде мұсылман баласын ізгілікке, адамгершілікке жетелейтін

көптеген асыл қасиеттер бар. Атап айтар болсақ, шынайы мұсылман

– дін талаптарына бекем, жүрегі таза, рухани тұрғыдан жан-жақты

жетілген тұлға болуы тиіс.

Ислам этикасы – көркем мінез-құлық нормалары мен

имандылық, отаншылдық, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық,

мәдениеттілік, әділдік сынды көптеген рухани құндылықтардан

тұрады.

Бүгінгі қоғамның мұсылмандары ислам этикасын, ондағы

адами құндылықтарды ұстана білуі қажет. Осындай тәлімі мол

тұғырнамалар арқылы қоғамдағы тұрақтылық сақталып, рухани

кемелдену жүзеге асады.

Қазіргі қоғамымыздағы діни ахуал жағдайында ішкі

тұрақтылықты сақтай отырып, имани құндылықтарды дамытудың

маңызы зор.

  1. Имандылық

Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі

іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін рухани жол. Ол

 

– адам бойындағы ізгіліктің көрінісі. Алла Тағала жіберген

әрбір пайғамбардың міндеті имандылыққа шақыру болған.

Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық – иман

келтірген адамға бітетін көркем мінез.

Қасиетті Құран Кәрімде:

«Ер немесе әйел кісіден кім иман

келтірген бойда түзу іс істесе, әлбетте оны жақсы тіршілікте

жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен де жақсырақ сыйлық

береміз»

(«Нахыл» сүресі, 97-аят) деген.

Ал Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі

болсын):

«Сендердің ешқайсыларың өзі үшін жақсы көрген

нәрсені басқа бауыры үшін де жақсы көрмейінше, шынайы мүмін

бола алмайды»

деген.

Исламның асыл құндылықтарын темірқазық еткен дана

бабаларымыз да адамның имандылығына, кісілік қасиеттеріне

ерекше көңіл бөлген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі,

тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы,

үлкенді-кішілі сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық

тәрізді қасиеттер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі

ретінде назардан тыс қалмаған. Қоғамда берік қалыптасқан

осындай көргенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп,

барша адамгершілік қағидалардың жазылмаған заңдылығына

айналған. Бойында асыл қасиеттері бар жасты «тәрбиелі» деп,

жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылықты

ойлайтын адамды «иманды» деп атаған. Ал адам бойындағы

имандылық мына көріністермен сипатталады:

Арлы

Инабатты

Қайырымды

Ізетті

Ықыласты

Кеңпейіл

Ізгі

  1. Отаншылдық

«Отанды сүю – иманнан» деген аталы сөз бар.

Отаншылдық

– Отанға, туған еліне, оның тіліне, туып өскен жеріне, салт-дәстүрі

мен мәдениетіне деген құрметтен тұрады. Отаншылдықтың мәйегі

– ұлтты сүю

. Өз ұлтын, туып өскен жерін сүйіп, оның көркеюіне

қызмет етіп, жоғын жоқтайтын азамат қана отаншыл бола алады.

Отаншылдық халықтың өз ана тілін, ділін, дінін берік

сақтауымен және мақтан тұтуымен тікелей байланысты.

Дінімізде отаншылдық шынайы мұсылманға тән қасиет ретінде

қарастырылған. Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен

сәлемі болсын):

«Сен мен үшін сондай қымбатсың, сүйіктісің.

Егер де тұрғындарың сенен шығармағанда сенен басқа жерде

тұрақтамас едім»

, – деп, өзі туып өскен Мекке қаласына

айрықша ықыласпен қараған.

Тұрғылықты жерінде шекарасы айқындалған, мал-мүлік,

ар-намыс пен сенім бостандығы қамтамасыз етілген ел –

оның Отаны. Мұсылман баласына Отанын сыртқы және ішкі

жаулардан қорғау – парыз. Алла жолында, Отан үшін, дін үшін

соғыста жүріп дүниеден өткен адамды «шейіт» деп атайды.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Екі түрлі көз ақыретте тозаққа күймейді. Біріншісі – күнәсына

өкініш білдіріп, оңашада егіліп жылаған көз. Екіншісі – Отанды

қорғап шекара күзеткен көз»

, – деген. Ислам тек құлшылықтар діні ғана емес, ол Отанды қорғап, елді сүюге, тұрақты әрі бейбіт,

ізгі қоғам құруға тәрбиелейді.

Отаншылдық сана халықты топтастырушы рухани күш

болумен қатар, оның күш-жігерін тәуелсіздікті нығайтуға

бағыттайды. Отаншыл адам сөзімен ғана емес, ісімен де үлгі-өнеге

болуы тиіс.

Әйтеке би

«Өмірім – халықтікі, өлімім ғана – өзімдікі»

деп халыққа қызмет ету жолында отаншылдықтың айнасы бола

білді. Отаншыл адам мына қасиеттермен сипатталады:

Рухты

Намысшыл

Жігерлі

Қайратты

Ұлтты сүю

Табанды

Қамқор

  1. Білімділік

Білім алу

– исламдағы басты парыз. Құран Кәрімнің

алғашқы түскен аяты

«Оқы!»

деген сөзден басталады. Білім

алу, сауат ашу – Ислам дінінің ең басты талабы. Құран Кәрімнің

көптеген

аятында білім жайлы айтылған. Қасиетті Құранда:

«Алла Тағала араларыңдағы иман келтіргендер мен білім

 

иелерінің дәрежелерін көтереді»

(«Мүжәдәлә» сүресі, 11-аят)

деп білімді болудың артықшылығын білдірген. Пайғамбарымыз

(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«

Білім алу

әрбір

мұсылманға (ер мен әйелге) парыз

», – деген. Мемлекетті құраушы

күш оның азаматтары десек, әр адам бәсекеге қабілетті болу үшін

үздіксіз дамып, өзін-өзі жетілдіріп отыруы тиіс. Озық ақпараттық

технологиялар билік құрған заманда бәсекеге қабілетті жекелеген

мемлекеттер ғана алпауыттарға жұтылмайды.

Ислам Құран мен сүннетке негізделген діни ғылымдармен

қатар зайырлы білім алуға да үндейді. Мұсылмандар мемлекеттің

білім беру саласындағы заң талаптарын орындауды өздерінің

басты міндеттерінің бірі деп біледі және балаларының орта білім

алып, жан-жақты дамып-жетілуіне, жоғары оқу орындарында

таңдаған мамандықтарына сәйкес жалғастыруға кедергі

келтірмейді.

Абай атамыз «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын

кез» деп білім алуға үндеген. Білімділік мына белгілермен

айқындалады:

Ізденімпаз

Ыждағатты

Зерделі

Жасампаз

Дарынды

Зияткер

Кәсіби

  1. Ауызбіршілік

Тұрақтылықтың негізгі діңгегі – ауызбіршілік.

Халқымызда

«Береке басы – бірлік», «Бірлікті ел бұзылмас» деген аталы

сөздер бар. Болашағымыздың жарқын болуы бүгінгі бірлігімізге

тікелей байланысты. Бірлігімізге бекем болсақ, болашағымыз

баянды, берекелі болары хақ. Алла Тағала мұсылман баласына:

«Бөлінбеңдер …»

(«Әли Имран» сүресі, 103-аят) – деп бауырмал

болуға бұйырған. Мұсылман баласы көркем мінез-құлықпен

ел ішіндегі ауызбіршілікті сақтай білуі керек. Себебі, рухани

тұрғыда өсіп-жетілген тұлға қандай жағдайда да барлық

мәселені байыпты жолмен шешеді.

Алла Тағала:

«Жақсылыққа,

тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа

жәрдемдеспеңдер…»

(«Мәида» сүресі, 2-аят)

деп бұйырған.

 

Мұхаммед пайғамбар (Оған Алланың салауаты мен сәлемі

болсын):

«Ауызбіршілікте – Алланың мейірімі, бөлінуде – қаһары

бар»

(Имам Ахмад) деп, ынтымақ пен бірліктің мәнін ашып

көрсеткен.

Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхан: «Қазақ баласы бірігіп,

тізе қосып іс қылса, халықтық мақсат сонда орындалады.

Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана» деп

бұқараны бірлікке шақырған. Ал ауызбіршілік мына қасиеттермен

сипатталады:

Байсалды

Сабырлы

Бауырмал

Ымырашыл

Толерантты

Кешірімді

Мәмілегер

  1. Еңбекқорлық

Ислам – дүние мен ақырет тізгінін тең ұстаған дін. Құран

Кәрімдегі қасиетті аяттарда иман келтіру мен еңбек ету, ізгі іс

істеу әрдайым қатар айтылған. Яғни иман мен еңбек ету, игі іс

істеу – бір-бірінен ажырамас ұғым. Шариғатта ғибадат істермен

қатар адал кәсіп, отбасы, қоғам алдындағы жауапкершілік секілді

дүние істері бірге жүреді. Қасиетті аятта:

«Намазды оқып

болғаннан соң жер бетіне тарап, Алланың нығметінен өздеріңе

ырыздық-несібе іздеңдер. Алланы көп еске алыңдар, табысқа

жетерсіңдер»

(«Жұма» сүресі, 10-аят) деп құлшылықпен қатар

еңбек етуге, адал табыс табуға шақырған.

Ислам адамзатты алдымен Аллаға иман келтіруге, сол

иманның аясында игі іс істеуге шақырады. Адал еңбекпен

несібесін табу – пайғамбарлардың жолы.

Адал еңбегімен мал тауып, өз күнін көру – ата-анаға,

туыстарға масыл болғаннан әлдеқайда қайырлы. Пайғамбарымыз

(Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Сендердің

біреулерің қолына жіп алып, даладан құшақ отын арқалап әкеліп,

сол арқылы Алланың қалауымен күн кешкені адамдардан қайыр

сұрағанынан әлдеқайда жақсы»

, (Бұхари) – деген.

Ата-анасын, әйел, бала-шағасын және туыстарын нәпақамен

қамтамасыз ету – отағасының міндеті. Әрбір мұсылман оған

 

селқос қарамай, мойнына жүктелген борышын жауапкершілікпен

орындауы тиіс. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты

мен сәлемі болсын):

«Барлығың да жауаптысыңдар және

барлықтарың қоластындағылар үшін жауап бересіңдер. Басшы

– бақташы. Ер адам – отбасының бақташысы. Әйел – ерінің

шаңырағы мен балаларының бақташысы. Қысқасы, әрбірің

бақташысыңдар және өздеріңе бағынышты жандар үшін

жауаптысыңдар»

(Бұхари, Муслим)

деген.

Ислам дінінде адал жолмен табыс тауып, еңбек етуге

айрықша мән берген. Ал харам жолмен дүние жинау, яғни ұрлық-

қарлықпен, қиянат-зорлықпен, алдап-арбаумен, алаяқтықпен,

өсімқорлық, жемқорлық, пара беру жолымен пайда табу – үлкен

күнәға жатады. Мұндай жолдармен мал тапқан адам тәубе етіп,

кісі ақысын өтемейінше, Жаратқанның рақымынан құр қалмақ.

Өйткені, Алла Тағала адамдардың ақысын жеуге қатаң тыйым

салған.

Хакім Абай «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»

деп, еңбек етуге, адал табыс табуға өсиет еткен.

Шәкәрім атамыз «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа

анық бола алады. Олар – барлығынан басым болатын адал еңбек,

мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген

күннен бастап тәрбиелейді» дейді.

Ислам діні масылдыққа салынуды құптамайды. Адам ата

(Алланың оған сәлемі болсын) Алла Тағалаға ғибадат етумен

қатар егін егіп, темір ұстасы болып, күнкөріс үшін құрал-сайман

жасап еңбектенгені баршамызға аян. Қайыр тілеп өмір сүру –

нағыз ұят іс. Алла Тағала ақыл, сана, денсаулық, жігер бергесін

адам бала-шағасын өз адал табысымен асырауға қамдануы керек.

Еңбекқорлық мынадай жеті сипатта көрініс табады:

Еңбексүйгіш

Жауапты

Бастамашыл

Іскер

Ұқыпты

Майталман

Талапты

 

  1. Мәдениеттілік

Мәдениеттілік – көркем мінезділік пен әдептілікке негізделеді.

Қоғамдық ортада мәдениетті болу, өзін ұстай білу, үлкендерді сыйлау,

оларға құрмет көрсету, сәлемдесу, сыпайылық таныту – рухани

байлықтың көрсеткіші. Қазақтың қанға сіңген дәстүрі бойынша

кісіні сыйлау, құрметтеу – әрбірімізге міндет. Бабаларымыз баланы

бесігінен-ақ жақсы әдептерге баулыған. Ислами әдепті бойына

сіңіру арқылы әрбір мұсылманның мәдениеттілігі артады. Әдептілік

– ғұмырыңды ұзартып, берекеге кенелтеді.

Қасиетті Құранда:

« … Ол Алла сендерді жерден жаратты

әрі сол жер бетінде өмір сүріп, оны көркейтулеріңді қалады …»

(«Һуд» сүресі, 61-аят).

Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)

«Көршімен көркем қарым-қатынас жасау – қоғамды көркейтіп,

өмірді ұзартады»

(Имам Ахмад) дейді.

Әдепті мұсылман Қиямет күні Алла Елшісімен (Оған Алланың

салауаты мен сәлемі болсын) бірге болады. Хадисте:

«Расында,

сендердің іштеріңде ең жақсы көретiнiм және қияметте маған ең

жақын болатындарың – мiнез-құлқы жақсы болғандарың …»

(Имам

Тирмизи) деген.

Абдулла ибн Омар: «Пайғамбар дөрекі сөз айтпайтын және

әдепсіз іс істемейтін» деп айтатын.

Абай атамыз «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы

ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп,

мәдениеттіліктің мәнін ашып көрсеткен.

Адамдар

әлеуметтік ортада өмір сүргендіктен, бірқатар

қоғамдық тәртіп ережелеріне бағынуы тиіс. Айналаны таза ұстауы,

қоғамдық орындарды ластамауы, сондай-ақ өзгеге зиян келтірмеуі

тиіс. Дінімізде «тазалық – иманның жартысы» делінген. Ислам

діні тазалыққа, ұқыптылыққа үлкен мән берген. Әрбір мұсылман

қоғамдық ортаның

әдебінен аттамай, басқа адамдардың ренішін

туғызатын іс-әрекеттен аулақ болғаны жөн. Мәдениетті адам мына

сипаттармен ерекшеленеді:

Әдепті

Тәрбиелі

Өнегелі

Мейірімді

Кішіпейіл

Парасатты

Өнерлі

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...