Депутаттар халықпен жүздесті

ҚР Парламенті сенатының депутаттары Әли Бектаев, Әлімжан Құртаев және Мәжіліс депутаты Ержан Құдайберген Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келді.

Халық қалаулылары Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен ауылдарды аралап, жергілікті тұрғындардың қазіргі жағдайымен танысты.

Сенаторлар алдымен төтенше жағдайға байланысты облыстық штабтың орталықтандырылған қоймасына ат басын бұрды. Ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысып шыққан депутаттар халыққа жанашырлықпен көмектесіп жүрген азаматтарға алғыстарын білдіріп, істеріне сәттілік тіледі.

«Ауылдарын топан су шайып, қиындыққа душар болған мақтааралдықтардың мәселесі бізді де қатты толғандырды. Десек те, Елбасымыз, Президентіміз, «Nur Otan» партиясы, облыс әкімдігі және бүкіл облыстар барынша көмек қолын созып, Мырзашөл халқымен бірге екенін танытып жатыр. Алдағы 1-2 айда жаңа үйлер бой көтеріп, егін, мал шығындары толық төленіп, бұл қиындықтарды да еңсеретінімізге сенімдіміз. Бізде сенат депутаттары ретінде мақтааралдықтарға қашан да қолдау білдіруге дайынбыз» деді Әли Бектаев.

Сапар барысында депутаттар топан суда қалған Өргебас және Фирдоуси ауылдарына да арнайы барып, сондағы тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады.

Сондай-ақ, халық қалаулылары жаңадан бой көтеріп жатқан елді мекенде болып, құрылыс жұмыстарымен де танысты.

Мұнан кейін депутаттар Атакент кенті мен Мақтаарал ауылдық округіндегі №14 колледжі мен №42 жалпы орта мектебіндегі эвакуациялық бекеттерінде уақытша орналасқан тұрғындармен кездесіп, олардың да бүгінгі жай-күйімен танысты. Тұрғындар өз кезегінде осындай қиын-қыстау кезеңде бар көмегін аямаған Үкімет пен облыс басшылығына және барша қазақстандықтарға шынайы алғыстарын білдірді.

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news