Дамудың жаңа жоспары

 Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жолдауын «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деп атады. Биыл еліміз бұрын-соңды болып көрмеген күрделі жағдайға тап болды. Әлемді аяғынан тік тұрғызған пандемияны дүниежүзілік қарусыз майданға теңеуге болатындай. Коронавирустың да азамзатқа жасаған соққысы зілдей ауыр болды, көзге көрінбейтін жау – қатерлі инфекция жер жүзінен миллиондаған жанның өмірін ұрлады. Біздің елімізді де айналып өтпеді. Бірақ, қанша ауыр зардабы тисе де, Президентіміз осы жаман індетпен күресте халқымыз ауызбірлік таныта алғанын айтты. Дәрігерлерге, тәртіп сақшыларына, қарапайым адамдарға, еріктілерге алғысын білдірді. Үкімет тарапынан дер кезінде көрсетілген қолдау-көмек халықтың сенімін, ерік-жігерін оятты. Пандемияны жеңу үшін кемінде 2 жыл қажет екен. Бұл – дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұжырымы. Ал әлсіреген экономиканы қалпына келтіру үшін кемінде 5 жыл қажыр жұмсау қажет болуы мүмкін. Ол үшін басқару тетіктерін жетілдіріп, жаңаша тұрпатта ойлайтын қабілетті жастарды жұмылдыру керек. Сондықтан саннан сапаға көшу көзделіп отыр. Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін биыл 10 пайызға, келесі жылы тағы 15 пайызға қысқарту міндеттелді. Сол арқылы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы артып, жемқорлық тәуекелдері төмендейді деген сенім бар. Білім, денсаулық, құқыққорғау саласына жасалғалы отырған демеулер көңіл көншітеді. Мемлекет басшысының Жолдауы тағы да іркіліссіз ілгерілеудің жаңа жоспарын құрып берді деп ойлаймын.

Нұрлан Қанатұлы, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» қызметкері.

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news