Дәріханаларға 128 мыңнан астам дәрілік зат түседі

Осы аптаның соңына дейін Түркістан облысында 22 түрлі дәрі-дәрмектің 128 мыңнан астам данасы дәріханаларда сатылымға шығарылады. Бұдан бөлек, шілде айының 20-сынан кейін Түркия елінен облысқа 41 түрлі еуропалық сапасы жоғары дәрілік заттар жеткізіледі.

Облыстағы дәрі-дәрмек жетіспеушілігін жою мақсатында өткен аптада Түркістан қаласына 136 түрлі 2 тонна дәрі-дәрмек келсе, таяуда ғана 20 млн. теңгеге 140 түрлі дәрілік препараттар жеткізілді.

Дәріханаға түскен дәрілер шекті бағамен сатылады. Бұл процесті құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері, «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалы төрағасының бірінші орынбасары, басқарма басшылары, әкімдік қызметкерлері және облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы кіретін мониторингтік топ бақылайды.

Аталған дәрілер жергілікті әкімдіктермен меморандумға отырған 153 дәріханаға таратылады. Меморандумда әкімдік пен дәріхана міндеттемелері айқын көрсетілген. Атап айтқанда, аудан-қала әкімдіктері медициналық заттар мен дәрілік препараттардың сатылымға шығуын үйлестіреді және бақылайды. Ал, дәріханалар медициналық заттар мен дәрілік препараттардың шекті бағасын ұстанады. Антибиотиктер мен антикоагулянттар дәрігер жазып берген рецепт бойынша ғана босатылса, өзге дәрілер де бір адамға екі данадан ғана сатылады. Дәріхана иесі Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен хаттамаға сәйкес сатылымдағы дәрілік заттың 41 атауы және шекті бағасы жазылған тізімді дәріханаға адам көзіне бірден түсетін жерге іліп қоюы тиіс.

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news