Білім кемесінің ақ желкендері

Білім кемесінің ақ желкендері

Сарыарқадан көлбей жылжыған керуен тізбегі Жібек жолы деп аталатын ұлы сауда қатынас жолы Қарақұр өзеніне келіп дамылдайтын. Осы жерде он шақты күн аялдап есін жиып, әл-күш жинап алған соң тау асып Түрістан өрлейтін болған. Қарақұр өзеніне бірінші жол батыстан арал теңізін айналып келіп Жанкент-Жаңакентке түседі де, Сырдың бойын жағалап  жүре Қызтөбе, Барлыкент, Ащынас, Үзген арқылы Отырар –Фарабқа тоқтайды. Екінші жолда  Қорқыт ата қорығынан Сунақ, Сауран арқылы жылжиды. Үшінші жол Қаратау жотасының терістігіндегі Ақсүмбеге тоқтаған керуен ортадағы Қарақұрынға соғып, Созаққа, одан әрі Қарасуан-Урсочан, Қойқанд-Құмкент, Саудакент арқылы Таразға барып қосылады. Қарақұр қамалы Ұлы Жібек жолы бойындағы қорған қала екендігін осыдан танып білеміз. Қарақұрға жолыңыз түсіп бара қалсаңыз міндетті түрде Күлтөбеге барыңыз. Бұл осы қорған қамалдың орны екенін көне қыш ыдыстар, құмыра сынықтары мен сансыз жебе ұштарының қалдықтарын қолмен ұстайсыздар, көзбен көресіздер. Сонау 1970 жылы Қазақ ССР ғылым академиясының қызметкері, тарих, археология және этнография институтының тарихшысы Сейдуәлі Жолдасбеков бастаған ғалымдар тобы айлар бойы қазба жұмыстарын жүргізген еді.  Кейін осы қазба жұмыысы негізінде Күлтөбенің ежелгі «Йилан-қарауыл», кейінгі ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда жаугершілік кезінде қирандыға айналған Қарақұрын қаласы екенін анықтады. Осылай бізге Қарақұрын қаласының атауы Қарақұр борлып жеткен дегенге негіз береді.

Ағаш жапырағымен қандай көрікті болса ұстаз шәкірттерімен сондай көрікті болмақ. Аудан орталығынан 100 шақырым қашықта орын тепкен, қарт Қаратаудың мойын жота тұсындағы тастақты Қарақұр ауылындағы Ф.Энгельс атын иеленген мектепте 1976-1986 жылдары аралығында он жыл білім алдық. Қарақұрдың табиғаты қыста өзгеше, қарлы боранымен қатал, жазда суы тапшы, жері тас ауылды сыртта тұратындар Төбет деп те атайтын. Раң ата жағынан барғанда да, Шаға жағынан барғанда да Қарақұр тура төбенің үстіне орналасқан. Сондықтан да Төбет атанса керек. Енді бірдеқоқан хандығы кезінде Түйбет деген кісі осы маңайды иелік еткен дейді.

Екінші бір аңыздар мен әфсаналарда өзеннің бойы құр деген құсқа толы болыпты. Ол уақытта аң-құсты бет алды қырып жоя беруден Алладан қорқады, екінші обал сауап дегенді берік ұстанатын еді. Сол құс өзен жағалаған қараша халықты ашаршылықтан құтқарған екен. Десе де бәрі аңызға сияды. Біз қайсыбір жылы өлке тарихына аз-кем шолу жасай келе, осы Қарақұр өңірінде ағартушылық саласында жұмыс жасап, халықты сауаттандыру жұмыстарын жүргізген азаматтардың өмір жолы мен еңбектерін жинақтап. Жинақталған деректемелерге негіздеп «Қарақұрлық ұстаздар» деген атаумен кітап шығардық.

Ұстаз деген ұғымда кең мағына, ұлағатты тәрбие жатыр. Сабақ беріп, ғылымға бет бұрғызып, санаңа ілімнің нұрлы нәрін құйған ұстаздарымызды әрқашанда ұмытпауымыз керек. Мұғалім ең бірінші тәрбиешің, ата-анаңнан кейінгі қамқоршың, ақылдасар досың, іңкәр өмірге жетелеген данагөйің дер едім. Ол уақытта бүгінгі Қарақұр ауылын  Ф.Энгельс атындағы кеңестік шаруашылық деп атайтын. Мектеп те солай аталатын. Аталмыш мектепте бізге Бидәулетов Толыбай,Ахметов Құрманқұл, Дүйсенов Шайқали, Орынбасаров Мелдехан, Смайлов Қантай, Сүйінбаев Сейітжан, Қарғабаев Көшербай, Игіліков Амандық, Қожабеков Бақыт, Тұрғанбеков Жорабек, Тұрғанбеков Төребек, Мұңайтпас, Түгел, Бегімжанов Ортай,Сырманов Қуандық,Пәрімбеков Әлімтөре, Ахметов Қыдырәлі, Жақсымбетов Ескермес, Дастанов Рәт, Мақұлбеков Биболат, Орынбаев Бегалы, Орынбаев Тұралы, Елеубеков Сағынбек, Тойбаева Бижамал, Әшірова Айжамал, Малбағаров Талғат,   Бейсенова Мейрімкүл, Айымкүл, Шеренова Сарбиназ, Атаханов Ақәділ, Бекжанова Дина, Шахаров Өскен, Забира,Мамшетов Ахмет, Мамшетова Гүлзира, Басқанбаева Ханзада, Машеев Әлімбек сияқты білікті ұстаздар білім берді.Мейірімкүл апай бастауыштың баспалдағын басып үйретсе, Айжамал мен Ханзада апайлар мектеп бітіргенше өмір сарайының есігін ашып үйретті. Сондай ұлағатты ұстаздарымыздың бірі, бүгінде ауылдың абыройлы ақсақалы, қадірменді қарты, байсалды батагөйі Ортай ағай. Бегімжанов Ортайағай 1946 жылы 14 сәуірде бұрынғы Ленин колхозында  дүниеге келген. Тау баурайындағы жеті жылдық И.В.Панфилов атындағы мектепті бітірген соң, Созақ ауылындағы В.И.Ленин атындағы орта мектепте оқып 1962 жылы «үздік аттестатпен» бітіріп шығады.

Ортай ағай 1963 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы педагогикалық институтының жаратылыстану -география факультетінің химия-биология бөліміне оқуға түседі. Содан 1968 жылдан бастап 1996 жылға дейін қазіргі Қарағұр, бұрынғы Ф.Энгельс атындағы орта мектепте тәлімді тәрбие, сапалы білім берумен айналысады. Ортай ағай мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бола жүріп, жеті мектеп директорымен қызметтес болып қоян-қолтық ынтымақта жұмыс жасайды. Ортай ағай 1996 жылы 25 жылдық еңбек өтілімен жеңілдікпен зейнеткерлікке шығады.

Нәтижелі жұмыстарының арқасында аудандық, облыстық оқу бөлімдерінің, комсомол, кәсіподақ комитеттерінің мақтау қағаздарымен бірнеше рет марапатталған. «В.И.Лениннің 100 жылдығы» мерекелік  медалының иегері. Өзі қызмет еткен жылдар ішіндегі алдынан өрбіген шәкірттерінің сан-саладағы абыройлы ісімен мақтанып үрген ұлағатты ұстаз. Жұбайы, марқұм Адырбекова Күлзира апамыз екеуі 9 бала тәрбиелеп, олардан немерелер мен шөберелер көрді. Ортай ұстаз берекелі үйдің,  бақытты шаңырақтың иесі мен киесі десек артық айтқандық болмас. Ортай ағай бізге химия пәнінен сабақ беріп, үлкен өмірге білім нәрімен қанаттандырды. Ортай ағай әңгіме айтқанда  қолды қысып тұрып әңгіме айтады. Әлі де солай , саусағы мығым, қарулы, жігерлі күйінен арылмаған, азбаған аптал қария. Кезінде көкпар мен күрестің шаңын қаққан жігерлі жігіт болғанын аңғартқандай. Әкемізбен, көкемізбен замандас, қатарлас, ағалы-інілі болып бірге қызмет етті. Әкең өлсе де әкеңнің көзін көрген кісілер аман болсын. Жолыққан сайын, ол кісілерді көрген сайын әкең ойға оралады екен. Сол себепті ертеден көне көз қариялар «әкеңнің көзін көрген өлмесін» десе керек.  Жолығысқан сайын қарулы қолымен қарыңнан ұстап қадамың мен қайратыңа қуат қосып, жігер беретін Ортай ағайдай аяулы ұстаздарымыз аман болсын!

Мақсат ЖЕҢІСҰЛЫ.

Ұстаз болу бір басқа

Ұстын болу бір басқа,

Ұстаз болу бір басқа.

Ұстын болу тұғырлық,

Тән қасиет жартасқа.

Ұстаз болу ұлылық.

Жол көрсеткен мың жасқа.

Ұстын болу шын ғұрып,

Жай тіреу боп қалмасқа,

Ұстаз болу ғұмырлық,

Білім қуған әр басқа.

Ұстын болу бір ерлік,

Шын қасиет байқатса,

Ұстаз болу ұлы ерлік,

Күн мен түн боп айқасса!

Latest news

Халық сұранысы қанағаттандырылуда

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жуантөбе ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында, тұрғындар тарапынан ауыз су мәселесі көп көтерілген болатын. Қазіргі таңда аталған мәселе бойынша жүйелі...

Халықаралық турнир жалауын көтерді

Шымкент қаласындағы жеңіл атлетика спорт кешенінде Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбеков Жарылқасын Керімбекұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы...

СОЗАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ КӨКТӨБЕ ЕЛДІМЕКЕНІ 100 ПАЙЫЗ ЗАМАНАУИ ЖОЛМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселенің бірі болған Созақ ауылы, Көктөбе елді мекенінде 6 көшені асфальттау жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда елдімекен 100 пайыз заманауи жолмен...

ҚАРАТАУ, ҚАРАҚҰР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қаратау, Қарақұр ауыл округінде халықпен кезекті кездесуін өткізді. Аталған жиында Қаратау ауылының тұрғындары сауалдарын қойып, көкейлерінде жүрген мәселелерін жеткізді. Аудан...

Related news

Халық сұранысы қанағаттандырылуда

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жуантөбе ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында, тұрғындар тарапынан ауыз су мәселесі көп көтерілген болатын. Қазіргі таңда аталған мәселе бойынша жүйелі...

Халықаралық турнир жалауын көтерді

Шымкент қаласындағы жеңіл атлетика спорт кешенінде Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбеков Жарылқасын Керімбекұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы...

СОЗАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ КӨКТӨБЕ ЕЛДІМЕКЕНІ 100 ПАЙЫЗ ЗАМАНАУИ ЖОЛМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселенің бірі болған Созақ ауылы, Көктөбе елді мекенінде 6 көшені асфальттау жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда елдімекен 100 пайыз заманауи жолмен...

ҚАРАТАУ, ҚАРАҚҰР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қаратау, Қарақұр ауыл округінде халықпен кезекті кездесуін өткізді. Аталған жиында Қаратау ауылының тұрғындары сауалдарын қойып, көкейлерінде жүрген мәселелерін жеткізді. Аудан...